Сабақ Тақырыбы: Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі



бет15/15
Дата04.09.2024
өлшемі146 Kb.
#503348
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Практика

15-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Оқыту тәжірибесіне бағдарлама идеяларын енгізу (сабақты жоспарлау).
Сабақтың мақсаты: Мұғалімдердің сабақты бірлесе жоспарлау әдістемесін меңгеруі нәтижесінде оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолдану дағдылары мен білімдерін дамыту.
Қарастырылатын мәселелер: Тізбектелген сабақтар топтамасын әзірлеуде бір біріне қолдау көрсету; бағдарламаның жеті модулін біріктіретін тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау, әріптестерге өз тәжірбиесінде жаңа тәсілдерді қолдануына көмектесу, оқу үрдісін оңтайландыру мақсатында өзін-өзі бағалау және өзара бағалау әдістемесін меңгеру.
Әдістемелік нұсқаулар: Алдын ала бекітілген өлшемдерге сәйкес тізбектелген сабақтар топтамасын бағалайды.. Әріптестердің олардың алдын ала бекітілген өлшемдер бойынша жоспарлануын бағалауға көмек көрсетеді. Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау нәтижесінде жоспарлауды жетілдіреді. Жеті модуль идеясын өзара байланысты және жүйелі сабақтардың тиімді топтамасына біріктіріледі. Мұғалімдер оқуды жоспарлаған кезде әр оқушының дара қасиетін және оқу бағдарламасын мазмұнының ерекшелігін есепке алуы тиіс. Бірлесе жоспарлау мұғалімдерде оқытудың тиімді тәсілдерін түсіну мен олардың бастапқы білімдерін бағалауға және одан әрі дамытуға қөмектеседі. Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау кезінде енгізу үшін шағын топтарда немесе жұптарда ОүБ бойынша тапсырмалардың мысалдарын талқылау. Әріптестермен бағалау және талқылау нәтижесінде тізбектелген сабақтар топтамасына өзгерістр енгізу.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. ҚР педагог қызметкерлерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы, НЗМ-2015ж.
3. Білім беру интернационалының VI Дүниежүзілік конгресі, 2011, 22–26 шілде. Кейптаун (Оңтүстік Африка). http://www.ed-union.ru/page.html?region=1&sid=&page=9&doc=9581
4. Barber, М., Mourshed, М. & McKinsey., (2007). Report «Consistently high performance: Lessons from the world’s top performing school systems». [Мектепте орнықты жоғары сапалы оқытуға қалай қол жеткізуге болады].
5. Harris, J. R., (1998). The nurture assumption: Why children turn out the way they do. [Тәрбие туралы ойлар: неліктен балалар бұндай болады]. Free Press.
6. OECD (2000). Literacy in the information age: final report of the international adult literacy. [Ақпараттық дәуірдегі сауаттылық: ересек адамдардың халықаралық сауаттылығы мәселелері бойынша қорытынды баяндама]. Paris: OECD.
7. Vygotsky, L. S., (1978). Mind in Society. [Қоғамдағы сана]. Cambridge, MA: Harvard University Press.
8. Wood, D., (1998). How Children Think and Learn. [Балалар қалай ойлайды және қалай білім алады]. (2nd ed.). Oxford: Blackwell Publishers Ltd

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет