5-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Оқытудағы кедергілерді анықтау; оқытудың аффектілік теориясы.
Сабақтың мақсаты: Оқудағы кедергілер, зияткерлік, әлеуметтік және эмоциялық сипатта болатынын түсіну. Оқытудың аффекттік теорияларымен және оқушыларды оқу үдерісінетарту жұмысының әдістерімен таныстыру.
Қарастырылатын мәселелер: Оқушының оқуында туындауы мүмкін кедергілерді және олардың оқуға деген ынтасын сақтап қалу мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістерін анықтау. Оқытудың ынталандыру теориясымен танысу. «Қиын» оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін білу.
Әдістемелік нұсқаулар: Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады, ішкі бақылау жұмыстары мен сыртқы тексерістерде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оларға оқу оңай, олар оқу үдерісінен рахат алады. Оқушылардың ынтасын басқара алатын мұғалімдер оларды дамыту жолдарын белгілеуде негізгі рол атқарады. Болашақты болжауға болмайды, бірақ оның қалыптасу белсенділігі қазірден басталады және қазіргі кезде не істеліп жатса да, жастардың қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сондықтан мұғалім оқу қабілеттерін қалыптастыратын немесе шектейтін күштерді белгілей отырып, белгілі бір педагогикалық амалдарды таңдап, жастарға өз әлеуеттерін ашуға, сол арқылы ең үздік оқушы болуға көмектесіге тиіс. Аталған мәселелер – оқыту мен оқуда күнделікті кездесіп отыратын проблемалар, бірақ оларға көңіл бөлмей, назардан тыс қалдыратын болса, онда оқушылар бұл мәселелерді күнделікті мектеп өмірінде кездесетін қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін, осының нәтижесінде белгілі бір уақыт өткеннен кейін олардың алдында мектепке және оқуға қызығушылығы бәсеңдеген проблема туындайды. Қажетті қызығушылыққа қол жеткізу жолдары – кездесетін қиындықтарға, сынақтарға дайын болу және сынып жұмыстары мен мектептегі әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуын ұйымдастыру, сонымен бірге жұмысқа негізделген сыныптарының қолдауына да байланысты. Ал мұғалімнің адамгершілігі мен кәсіби сапасы үздік нәтижеге жету мүмкіндігін еселей түседі.
Әдебиеттер:
1. Bandura, Albert., (2001). «Social cognitive theory: An agentic perspective». [«Әлеуметтік-когнитивтік теория: келісті болашақ»]. Annual Review of Psychology 52 (1): 1–26, doi:10.1146/ annurev.psych.52.1.1.
2. Bandura, Albert., (1997). Self-efficacy: The exercise of control. [Өзіндік тиімділік: бақылау жүргізу]. New York: Freeman.
3. Gardner, H., (2011 edition). Frames of Mind: The theory of multiple intelligences. [Ойлау шектері: көптік ақыл теориясы]. New York: Basic Books.
4. ҚР педагог қызметкерлерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірленген педагог кадрларды даярлайтын ЖОО бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасы, НЗМ-2015ж.
Достарыңызбен бөлісу: |