Қарастырылатын мәселелер: АКТ құралдарын сыныпта тиімді енгізу. АКТ-ны мұғалімді ауыстыратын құрал ретінде емес, оқытудың қолданыстағы құралы ретінде қолдану. АКТ-ны барлық оқушыларды қатыстыруды болжамдайтын оқу әдісі тәжірибесінде қолдану және оқудың әлеуметтік аспектісін дамыту үшін пайдалану. АКТ-ның педагогикалық стратегиясы. Интерактивтік тақта және сыныптағы өзара әрекеттестік.
Әдістемелік нұсқаулар: Сабақтың басында студенттердің АКТ-ны қолдану жөніндегі идеяны талқылауы және жазбаша баяндауы. Қатысушыларды бүкіл топ болып талқылауға шақыру. Сыныпта АКТ-ны қолдану жөніндегі жаттығулар мәселесін қайта қою және мұғалімдерге оқушыларды оқу үдерісіне көбірек тарту және белсенділенгізу жөніндегі идеяларды әзірлеуге ұсыныс беру. Сыныптағы АКТ-ны белсенді және тиімді тәсілдермен қолдану жөніндегі оқу жоспарын әзірлеу.
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
АКТ-ның мектептегі тәжірибеде тиімді қолданылуы.
АКТ-ны сынып жағдайында аса тиімді қолдану жағдайлары.
АКТ-ны сыныпта қолдануда туындаған проблемалар.
Әдебиеттер:
1. Koehler, M. J., Mishra, P., & Yahya, K., (2007). Tracing the development of teacher knowledge in a design seminar: Integrating content, pedagogy and technology. [Жобалық семинарда мұғалімнің білімін дамытуды қадағалау: Біріктіретін мазмұн, педагогика мен технология]. Computers & Education, 49(3), 740–762.
2. Mishra, P., & Koehler, M. J., (2006). Technological pedagogical content knowledge: A framework for teacher knowledge. [Технологиялық, педагогикалық мазмұндық білім: мұғалімнің білімі үшін құрылым]. Teachers College Record, 108(6), 1017–1054.
3. Shulman, L. S., (1986). Those who understand: Knowledge growth in teaching. [Түсінетіндер үшін: оқытудағы білімнің өсуі]. Educational Researcher, 15(2), 4–14.
10-ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау. Бағалау түрлері.
Сабақтың мақсаты: Бағалау мақсатымен таныстыру және жиынтық бағалау туралы сын тұрғысынан ойлау. Бағалау мақсатын зерделеу және оны оқу үдерісін жетілдіру үшін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |