Сабақ Тақырыбы: Бұл кім? Мектебі: №104 негізгі орта мектебі



бет117/152
Дата25.02.2024
өлшемі310.2 Kb.
#493152
түріСабақ
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   152
1 сынып ҚМЖ[1]

Оқушылардың басым бөлігі:
Тірек суреттер бойынша ертегі мазмұнын айта алады,і дыбысын меңгереді.

Кейбір оқушылар:
Ертегі мазмұнын өз сөздерімен айта алады,і дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.

Бағалау критерийі

  1. Берілген түстерді ажыратады

  2. Суретер бойынша көрсете алады

  3. Тағамның дәмін ажыратады

  4. Сөздердің мағынасын түсінеді.

  5. Күнделікті өмірде қолданады

Дескриптор
-суреттерді ажыратады
-берілген түстерді ажыратады
-сөздердің мағынасын түсінеді
-сөз тіркестерін құрап айта алады

Алдыңғы оқу

Өмірде қолданып жүрген сөздері арқы мысалдар келтіру, өздері білетінін айту

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы
(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.



Аудиодиск

Оқулық



№2 жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс

1-тапсырма(МК, Ұ)Мұғалім оқушыларды 1-тапсырма бойынша «Не дәмді?»деген ертегі мазмұнымен таныстырады.Оқушылар сурет бойынша ертегі кейіпкерлерін атайды.Сондай-ақ мұғалім оқушыларға сүйек,дән,орамжапырақ,сәбіз,сүт сөздерінің мағынасын түсіндіреді.
(Т)Оқушылар топқа бөлінеді.Содан кейін әр топқа қоян,ит,тауық,мысық,ешкі және орамжапырақ,дән,сүйек,сәбіз,сүттің суреттеры таратылады.Топ мүшелері суреттерді сәйкестігіне қарай қойып шыгу керек.Мысалы:қоян-сәбіз,ит-сүйек,ешкі-орамжапырақ,тауық-дән,мысық-сүт.
2-тапсырма (МК, Ұ)оқушылар сурет бойынша әр кейіпкер не айтқанын айтта алуға жаттығады.Мысалы:Қоян-«Ең дәмді-сәбіз».
(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді.Олар бір-біріне«Сен ертегі білесің бе?»деген сұрақты қояды.Оқушылар өз қалауы бойынша жауап береді.Егер оқушы«Иә,білемін»деп жауап берсе,бірінші оқушы«Қандай ертегі білесің?»деп сұрақ қоя алады.Негізі оқушылар қазір екі ертегі біледі(«Мақта қыз бен мысық», «Не дәмді?»).Сондықтан олар өздері қалағанбір ертегіні айта алады.
(МК, Ұ) 4-тапсырмада оқушылар ертегі кейіпкерлері сияқты өздері үшін не дәмді екенін айта алады.
(МК, Ұ) Мұғалім і дыбысын таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды.Алмабектің і дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды і дыбысымен және оның әріпімен таныстырады.
Аудиодискіден і дыбысының айтылуын және і дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау.қайталау жұмыстары жүргізіледі.Мұғалім оқушыларға і дыбысын айтқан кезде тілдің,жақтың,еріннің катысы болатынын түсіндіру арқылыдыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады.Мәселен тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан,жіңішке болып түрленетіні белгілі.Сондай-ақ дауысты дыбыстардың жуан,жіңішке айтылуын жуан,жіңішке дауыстыларды салыстыра беру арқылы жаттықтыруға болады.Мәселен:ы-і.Мұғалім оқушыларға дауысты,дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді.Оқушылар і –дыбысының дауысты екенімен танысады.Мұғалім і-дыбысы-дауысты болғандықтан.оқулықта қызыл түспен берілгенін түсіндіреді.Ідыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша көрсетеді.Олар:кітап,піл,бір.Сондай-ақмұғалім оқушыларға і дыбысынан кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді(Інжу т.б.)Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?»деген сұрақты қайталайды,еске түсіреді.«Есте сақта!»оқушылар сұрақты қайталайды(кім?не?неше?қандай?),мұғалім і дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақ қойылатынын түсіндіреді.Мысалы:кітап(не?),піл(не?),бір(неше?),Інжу(кім?)
(МК, Ұ)Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар арқылы оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   152




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет