Сабақтың ортасы
(6-40минут)
*МК-Мұғалімнің көрсетуі
*Ұ- ұжымдық жұмыс
*Т-топтық жұмыс
*ОТ- оқушының тәжірбиесі
*Ө- өзіндік жұмыс
*Қ-қалыптастырушы бағалау
* Ж- жұптық жұмыс
|
(МК, Ұ)Оқулықтағы 1-тапсырмада оқушылардың назары суретке аударылады,сурет бойынша оқушылар аң атауларымен танысады.Жаңа сөздерді тыңдау,қайталау,сұрақ қоя білу жұмыстары жүргізіледі.Сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады.
(Ж)
2-тапсырма (МК, Ұ)2-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді.Берілген сөйлеу үлгісі бойынша өздерінің қандай сурет салатыны туралы сөйлеседі.Мысалы:
-Мен сурет саламын.
-Сен не саласың?
-Мен қоян саламын.
-Сен неше қоян саласың?
Мен екі қоян саламын
(МК, Ұ) 3-тапсырмада оқушылар онға дейінгі сандарды қайталайды және мұғалім 11-ден 20-ға дейін санауды үйретеді.Оқушылармен сандар бойынша түрлі ойындар ұйымдастыруға болады.Мысалы,кезекпен 1-ден жиырмаға дейін санау,карточкадағы сандарды ретімен қойып шығып айту,қосу амалы арқылы есеп шығару т.с.с.
(МК, Ұ) 4-тапсырмада оқушылар аңдар туралы тақпақпен танысады.Тақпақты тыңдау,хормен,жеке-жеке қайталау жқмыстары жүргізіледі.
(ОТ) Оқушылар ақ қағазға тақпақты кездесетін аңдардың санын әр бала өзі шешеді.Содан кейін әр бала өзінің суретін көрсетіп тұрып тақпақты айтады.Ал оқушылар оның суретіндегі аңдарды санайды.
|