Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер. Сабақтың мақсаты



Дата25.02.2016
өлшемі48.94 Kb.
#21674
түріСабақ
Қазақ тілі Дүйсембаев Аскербек , 6 сынып

Сабақ тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер.

Сабақтың мақсаты:

Сөз таптарын оқыту барысында логикалық ойлау қабілетін дамыту;

а)Білімділік – сан есімнен алған білім түсінктерің кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту және мәтінен дара, күрделі сан есімдерді таба білу;

ә)Дамытушылық – есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту, танымдық қызығушылық дамыту;

б) Тәрбиелік – балаларды кішіпейілділікке,адамгершілікке, ынтымақтыстыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау,сұрақ- жауап,

Пән аралық байлыныс; математика,әдебиет

Сабақ алгоритмі:


  1. Ұйымдастыру кезеңі 2-3

  2. Үй тапсырмасын пысықтау

  3. Сабаққа психологиялық дайындық.

І кезең.“ Кім көп біледі ?”1-3мин

ІІ кезең. Жаңа сабақ

ІІІ кезең. Жаттығулармен жұмыс

ІV кезең. Сергіту сәті

Vкезең. Мақал – мәтелдерді толықтыру.
VI кезең. Терме диктант.

VII кезең Қорытынды.



Ұйымдастыру кезеңі.

  • Қәне, балалар, мені көріп тұрғандар “бір” шапалақ, есітіп тұрғандар “екі” шапалақ, көрсетіп тұрғандар “үш” шапалақ ұрыңдаршы. Керемет! Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа ерекше дайындықпен келгендерің сезіліп тұр.

2)Үй тапсырмасын пысықтау

Бәйге сұрақтар

1. Көзбен көріп, қолмен ұстауға келетін зат есімді не дейміз? (деректі)

2 .Сын есім мағынасына қарай неше топқа түрге бөлінеді? (сапалық, қатыстық)

3 .Бойшаң тұлғасына қарай қандай сөз? (туынды)

4.Бала – шаға, жүн – жұрқа деген қос сөздердің құрамы қандай? (бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз)

5.Биыл құрамына қарай қандай сөз? ( кіріккен сөз)



Морфологиялық талдау

3)Жаңа сабаққа психологиялық дайындық.

І кезең тапсырмасы. “Кім көп біледі?”

1 минут ішінде І топ жуан д. дыбысты сан есім,IІ топ жіңішке дауысты сан есімді жазып шығады. Кім көп сан есім жазса, сол оқушы – жеңімпаз, әрі жауабын оқып шығады.

ІІ кезең. Жаңа сабақ.

Интербелсенді тақтаға мынадай сөйлемдер жазылады.



Жасы отызда. Үлкен екі гүл шоғын сыйлады. Үшеуі ақырын келді. Біреуі селк етті.

Сұрақ: Сан есім дегеніміз не? (оқушылардың білгенін сұрау)

Мына сөйлемдерге ортақ сөздер.

І қатар І қатар


  1. Айгүл жиырмада. 1. Әлия онбес жаста болатын.

  2. Бізге бірінші сыныпта 2. Ағам отыз қырықтай кітап әкелді.

Гүлзат апай сабақ берді.

  1. Әжем 2 – алма берді. 3. Жылқының салмағы екі жүз килограмм болды.

- Сөйлемдерде 3 қате бар . Соны табыңыз.

Дара сан есімдер І қатарда, күрделі сан есімдер ІІ қатарда. Ережесі айтып көріңіз. (Дара, күрделі туралы не білесіз?)

159-жаттығу. Мәтіндегі сан есімдерді теріп, дара сан есімді бір бөлек, күрделі сан есімді бір бөлек жазыңдар.

дара

күрделі

мың

Жиырма бес, он- оннан



















160-жаттығу. Төмендегі санмен жазылған сан есімді сөзбен жазу керек.

Үлгі:3/7/41

дара

күрделі

Үш,жеті

Қырық бір







Сергіту сәті

Сергіту сәтіндегі математикалық жұмбақтар.

1.Мұз айдында жеті бала,

Асыр сап жүр сырғанап,

Сырғанамай екі бала,

Жағалауда тұр қарап

Енді осы баланың

Санын айтсаң жарадың( 9)

2. Екі аяқ пен екі қол,

Бір ауыз бен бір тілің,

Нешеу болды, қане, бол,

Санап шығар кім бұрын ( 6)

3. Бірім, бірім, бірім деп,

Үшеуі келеді біртіндеп

Екім, екім, екім деп,

Үш тұрып келеді екеулеп.

Қанша болды өзінде,

Үлпілдеген балапан. ( 9)

4. Мына алты ақ алма,

Нұрбибі мен Жанарға.

Үш сарысы – Анарға,

Қызыл алма – Манарға.

Қанша сонда бар алма.( 10)

5. Су құйып ем астауға ,

Үш қаз ұшты аспанға .

Үш қасқалдақ, бір қазан,

Екі үйрек, бір сазан,

Бір көксерке, бір қарға,

Айт, неше құс ұшып жүр,

Неге екенін түсіндір(9)



Мақал – мәтелдерді толықтыру.

1... жасар бала келсе,

... шал алдынан шығар. (6/60)

2... ... білмеген жетесіз.(7)

3... рет өлшеп, ... рет кес.(7/1)

4.Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені.(2)

5. Ел құлағы ...(50)

Терме диктант

Тайқазан
Тайқазанды сегіз жүз бірінші жылы Әмір Темір жасатып, Қожа Ахмет Иассауидың мазарына сыйлаған.

Тайқазанның салмағы - екі тонна, биіктігі жүз алпыс екі сантиметр, диаметрі – екі жүз қырық екі сантиметр

Тайқазан жеті түрлі металдан жасалған. Оның қабырғасына араб әріптерінің өрнектері салынған. Гүл сияқты жасалған екі құлақшасы бар.Олардың арасында он екі үлкен шүмектері де бар.

(«Ол кім, бұл не?» ІІІ том)

Тапсырма: Сан есімдерді теріп, қасындағы оқушы тексереді,интербелсенді тақтадан дұрыс жауабын көрсету.

Рефлексия

Өзімді- өзім сынаймын.

Бұл ойында жеті тестік сұрақ белгіленеді. Әр оқушы бір сұраққа жауап береді.

1.Сан есім дегеніміз не?

А) заттың сыны білдіреді

Ә) заттың атауын білдіреді

Б) заттың санын білдіреді

2.Сан есімнің сұрақтары.

А) кім?не?

Ә) қанша?неше?

Б) қандай ?қай?

3.Күрделі сан есімді анықта.

А) жүз Ә) он төрт Б) бір

4.Оңға қарай оқысаң да,солға қарай оқысаң да бір сан есім болады.

А) тоқсан Ә) қырық Б) он бес

5.Қосарланған сан есімді анықтаңыз.

А) он бес Ә) жиырма екі Б) бес –бестен

6.Дара сан есімді көрсетіңіз.

А) отыз бір Ә) тоқсан Б) мың

7.Сан есімді көрсетіңіз.

А) жетпіс жеті Ә) қариялар Б) ақылды

-Қорытындылау (сұрақ-жауап арқылы)

Үй тапсымасын беру

161-жаттығу. Шағын шығарма. «Біздің сынып»



Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет