Сабақ тақырыбы: Дербес компьютердің құрылысы мен қолдану мақсаты



бет1/4
Дата06.09.2023
өлшемі53.5 Kb.
#476699
түріСабақ
  1   2   3   4
1 сабак 05.09.2023


«Бейнеу политехникалық колледжі» МКҚК
Теориялық оқу сабағының жоспары


Сабақ тақырыбы: Дербес компьютердің құрылысы мен қолдану мақсаты


Модуль /пән атауы:КМ4 Есептеу техникасына қызмет көрсету
Арнайы пәндер оқытушысы: Мұханбетова М.Н.
2023 жылғы "05" 09
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ: 2, СТ9- 1321
Сабақтың типі: жаңа сабақ
2. Мақсаты, міндеттері: Оқушылардың білім негіздері туралы түсініктерін тереңдету, жаңа тақырыпты меңгерту. Дербес компьютерді қолдана білуді үйрету.
2.1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі: студент барлық құрылғылар бойынша терең білім алып, оны кәсіби тәжірибеде қолдана алады.
3. Қажетті ресурстар: Интерактивті тақта, компьютер, тақырыпқа жасалған конспекті, слайдтар (презентациялар).
4. Сабақтыңбарысы:

  1. Топ оқушыларымен амандасу

  2. Оқушылардың сабаққа қатысын және әзірлігін тексеру

  3. Сабақтың тақырыбын жариялау

  4. Сабақтың мақсатын түсіндіру

Дәріс №1
Дербес компьютерлер тұрмыстық, оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп аталатын үш түрге бөлінеді. Тұрмыстық компьютерлер – компьютерлердің қарапайым түрлері (1970-жылдары дайындалған, қазіргі кезде өндірістен алып тасталған БҚ-0010, Ириша, Aplle II, т.б.). Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес, орындайтын іс-әрекеттері де шамалы болатын.
80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кезіне дейін оқу орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін оқып-үйрену үшін жад көлемі 64,128 Кбайт шамасындағы Корвет, УКНЦ, Ямаха, MSX-1, Ямаха MSX-2, т.б. оқулық компьютерлер пайдаланылып келді.
Халық шаруашылығының түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі кезде оқу орындары толық қамтамасыз етілген, жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығы үлкен дербес компьютерлер әмбебап және кәсіби дербес құрылғысы – процессорларды шығарумен алғашқы рет дүние жүзінде Aplle, IBM, Intel, т.б. фирмалар айналысқан болатын. ДК-де процессор үшін ҮИС, АҮИС пайдалатындықтан, оны микропроцессор деп атайды. Бұл жұмысқа, әсіресе, IBM, Intel фирмаларының еңбегі көп. Intel фирмасының жасап шығарған түллі үлгілі микропроцессорларын пайдаланып, IBM фирмасы компьютердің түрлі сапалы типтерін дүниеге келтірді. Фирманың компьютерлеріне, типтеріне қарай, ретімен IBM PC, IBM PC XT, IBM PC AT, IBM PS\2, Pentium, т.б. аттар берілген PS (Personal Computer)-дербес компьютерлер XT (extended technology)-кеңейтілген технология, PS (personal system)-дербес жүйе, AT (Advanced Technology)-алынгы технология. Олар әсіресе IBM PC AT типтес компьютерлер кезінде дүние жүзіне кең таралды. Қазіргі кезде мұндай компьютерлердің Пентиум сияқты жаңа жетілдірілген нұсқалары пайдалануда.
Пентиум сияқты кәсіби компьютерлер күрделі әр алуан математикалық, физикалық есептерді шешіп қана қоймай, логикалық операцияларды да орындай алады (логика- ойлау; қисын; логикалық операция «ақылмен» орындалатын әрекеттер. Мыфсалы, автоматты түрде технологиялық процестерді басқарады, шахмат ойнайды, күрделі график сызады. Оның үстіне, олардың экономикалық ғылымдарда, жоспарлауда, медицинада, биологияда, ауа райы болжауда, мекеменің айлық ақпар тізімін жасауда, кітапхана жұмысын ұйымдастыруда және т.б. салаларда ойдағыдай пайдаланып келеді.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары классикалық Нейман архитектурасына енгізделген:
-жүйелік блок ( микропроцессор, жад, қоректену блогі, енгізі\шығару порттары, сағат таймер);
-пернетақта;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет