Сабақ Тақырыбы: «Дәрігер» 4 сынып Өткізген: Қожабекова м



жүктеу 36.44 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі36.44 Kb.
КЕБМ «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙІ»

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Дәрігер»

4 – сынып
Өткізген: Қожабекова М.

Астана 2011

Уақыты: 29.11.2011 жыл

Сыныбы: 4 «А»

Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Дәрігер

Мақсаты:
1. Білімдік мақсаты: Оқушыларға мамандықтар

туралы мәлімет бере отырып, етістіктерді дұрыс қоюды,

сөйлем құрауды, сұрақ қойып, сұраққа жауап бере алуды

үйрету, дағдыландыру



2. Дамытушылық мақсаты: Қазақша ойлауын,сөйлеуін, жазуын дамыту, жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын молайтып өз ойларын еркін жеткізуге итермелеу;

3. Тәрбиелік мақсаты: Мамандықтың барлық түрлерін қадірлеп, дәрігер мамандығының ерекшелігіне тоқтала отырып, денсаулықтарын қазірден бастап сауқтауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың тәсілі: Сұрақ – жауап, ой тастау

Сабақтың пәнаралақ байланысы: орыс тілі

Сабақтың жабдығы: интерактивті тақта, кластер, біләм себеті, магнитафон

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру, көңіл – күй көтеру

2. Үй жұмысын тексеру

3. Жаңа сабақ

4. Қорыту

5. Үйге тапсырма, еңбектерін бағалау

Үй жұмысын тексеру: «Асханада» мәтінін мазмұндау, мазмұндау барысында тақтадан

асхана суреттерін көрсету:




Жаңа сабақ: Жаңа сабақтың тақырыбын ашпас бұрын мамандықтарды қайталап шығамыз, слайд арқылы балалар сөйлейді.


Мынау кім? Ол не істейді? Сұрақтарға жауап беріп болған соң

Орыс тіліндегі мамандықтарды жасайтын – тель, ник, ист – қазақ тілінде –шы,-ші,-гер


жұрнақтары туралы балаларға түсіндіріп өту. Мысалдар келтіру.

Келесі магнитафонмен тыңдалым жұмысын жүргіземіз.



  • Мамандығы қандай? Мамандығы дәрігер.

  • Мамандығы қандай? Мамандығы студент

  • Мамандығы қандай? Мамандығы жүргізуші

  • Мамандығы қандай? Мамандығы мұғалім

  • Мамандығы қандай? Мамандығы құрылысшы

Балалар естігендерін айтады, аударады. Тақтада сөзжұмбақ:

Сөзжұмбақты балалар тақтаға аударып, жазып шешеді. Мұғалім: - Балалар қараңдаршы қандай сөз шықты?

Д Ә Р І Г Е Р – Бүгінгі біздің тақырыбымыз Дәрігер. Мақсатын хабарлау.



Жаңа сөздермен жұмыс:

Жауапты – ответственный

Тіс дәрігері – зубной врач

Емхана – поликлиника

Ауырып қалды – заболел

Суретпен жұмыс:
Суретке қарап балалар сөйлемдер құрайды.

Сергіту сәті:

Дүйсенбіде доп ойнаймыз

Сейсенбіде серуендейміз

Сәрсенбіде сурет саламыз

Бейсенбіде би билейміз

Жұма күні жуынамыз

Сенбі және жексенбі

Ханшатырда демаламыз

Сергіту сәтінен кейін

5 – тапсырманы орындаймыз. Балалар тақтаның қаламымен сөздерді сәйкестендіреді, сөйлейді, аударады орындарына отырады.



Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқиды, аударады. Мәтіннен түсіп қалған сөздерді қойып оқиды, сұрақтарға жауап береді.

Грамматикалық тапсырмалар:

Білім себетінен тапсырманы алып балалар диалог құрастырады.

Дәрігер. Емханада.

Аспаз. Асханада.

Сатушы. Дүкенде.

Тігінші. Тігін салонында 3 минут уақыт беріледі

Балалар жазғандарын сахналық көрініс арқылы рольдерге бөлініп оқиды.


Қорыту: Иә - жоқ ойынын өткізу

  • Сауыншы үй салады – жоқ

  • Тігінші сурет салады – жоқ

  • Мұғалім сабақ береді – иә

  • Құрылысшы адам емдейді – жоқ

- Етікші етік тігеді – иә

Тақтаға күннің суретімен кластер жасаймыз:



Үйге тапсырма: 85 бет 3 тапсырма жаттау

Еңбектерін бағалау:


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет