Құндылықтарды дарыту
|
Рухани құндылықтарға баулу. Адамгершілік ,өзге пікіріне құрметпен қарау құндылығын қалыптастыру,ұлт жанды болуға шақыру, еңбекке баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих тіл, өнер,халық ауыз әдебиеті.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ноутбук
|
Бастапқы білім
|
Түрксіб теміржолы
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі
Сабақтың соңы
|
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
«Біз өте жақсымыз» әдісі.
Бағалау критериімен таныстырамын.
Ширату жаттығуы
Екі қолға – бір күрек.
Жұмыстың жаманы жоқ.
Қызмет қыл да, міндет қыл
«Теміржолшы» әңгімесінен үзінді
Кеше кеште қызметте тұрған Әліш Үмбеталовқа станция
бастығы Орынбаев бір пакет әкеліп тапсырды да:
— Қазір сен жұмыстан шығып, үйіңе барып жуынып,
маған кел, мен сені осында күтемін, екеуміз қазір
Алматыға жүреміз,— деді.
— Не жұмысқа жүреміз?
Асығып бара жатқан станция бастығы оған жауап берудің
орнына:
— Тез кел!—деді әлгі сөзін қайталап.
Әліш жұмыс киімін тастап, пакет ойына түсіп ашып оқып
еді, «станция бастығы екеуіңіз келесіз, сіз кеңеске
қатысушыларға өз жұмысыңыз туралы әңгіме айтасыз»
деген шақыруға жол бастығы қол қойыпты. Әліш сасыңқырап қалды.
— Дайындықсыз қалай сөйлеймін, міне қызық.
Ол орнынан тұрып тез киінді де, станция бастығына келіп
барлық жағдайын, өзінін даярлығының жоқтығын да
ескертті.
— Ештеме етпейді,— деді Орынбаев,— даярлықтың
керегі жоқ. Ондағылардың бәрі өзіңдей теміржолшылар,
өзіңнің жұмыс тәжірибеңді жай ғана әңгімелеп бересің.
Тапсырма: шығармада көрініс табатын әлеуметтік және
қоғамдық мәселелерді анықтау.
Әлеуметтік мәселелер
|
Қоғамдық мәселелер
|
Жұмысшы ала ма
екен?(елдегі
жұмыссыздық);
|
Жассың ғой әлі, қалқам.
(қоғамдаға жұмыс жасайтын жастың анықталуы);Өйткені Әліш болса орыс тілін білмейді.(бригаданың бәрі орыс болғандықтан, тіл табысу қиындығы)
|
Дескриптор:
1. Шығармадан дәлелдер келтіріледі;
2. 1-жақта сөйлейді;
3. Кәсібі туралы толық ашып талданады.
2 тапсырма
Оңаша тәуелдену Ортақ тәуелдену
Менің үй-ім, қалам-ым Біздің үй-іміз, қалам-ымыз
Сенің үй-ің, қалам-ың Сендердің үй-лерің, қаламдарың
Сіздің үй-іңіз, қаламыңыз Сіздердің үй-леріңіз, қаламдарыңыз
Оның үй-і, қалам-ы Олардың үй-і, қалам-ы
|
Достарыңызбен бөлісу: |