Бағалау критерийлері
|
Көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдейді.
Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсынады. (тірек-схема, менталды карта, презентация)
|
Құндылықтарды дарыту
|
Рухани құндылықтарға баулу. Адамгершілік ,өзге пікіріне құрметпен қарау құндылығын қалыптастыру,ұлт жанды болуға шақыру, еңбекке баулу.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Тарих тіл, өнер,халық ауыз әдебиеті.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Ноутбук
|
Бастапқы білім
|
Қарағанды жерінде көмір өндірісі бар екенін біледі.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі
Сабақтың соңы
|
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.
«Біз өте жақсымыз» әдісі.
Сандар арқылы 3- топқа бөліп аламын.
Бағалау критериімен таныстырамын.
Ширату жаттығуы
Оқушыларға Ғ.Мұстафиннің суреті ұсынылады, өздері білетін ақпараттарымен бөліседі, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.
Суреттегі тұлға кім?
Бұл тұлға туралы білесіз бе?
Білетін болсаңыз, сыныппен бөлісіңіз, ал танымасаңыз кім болуы мүмкін деп ойлайсыз?
"Қарағанды" романы – қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына жазылған ең үздік көркем туынды ретінде бағаланады
Мейрам көмір құдығының түбіне жеткенде басқа бір дүниеге жеткендей болды. Тоғыз қанат киіз үйдің көлеміндей ғана қуыс, төбесінде кішкене шаңырақтай тесігі бар. Сол тесіктен жылтыраған көгілдір сәулені көмір тартқан екі шелек дамыл-дамыл түсіп шығып бүркей береді. Осы жолмен келіп, кетіп жатқан тәшкелердің дабыры, шиқылдаған тәшке, көтерілген көмір тозаңы тосын көзге жер астын алай-түлей, жат дүние көрсетіп тұр. Мейрам: Көмір құдығы қымбатқа түседі екен. Қаншама уақыт, күш, денсаулық ысырап болып жатыр, - деді.
Тіреке сөздер: Жазушы, шахтада жұмыс жасайды, кәсіпорын, газетке қызметке тұрады, зауыттың есепшісі, іс қағаздарын тіркеуші, өндіріс,
1)Тыңдалым мәтініндегі көтерілген мәселені анықтаңыздар, жазыңыздар.
Мәтіндегі көтерілген мәселе____________________________________
____________________________________________________________
2) Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз көзқарасыңызды аргументтермен дәлелдеңіздер.
Дескриптор:
Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;
Өз көзқарасын аргументтермен дәлелдейді;
Ойын көркем жеткізеді.
«Нысана әдісі» бойынша мәтіндегі көтерілген мәселені дұрыс анықтап, өз көзқарасын аргументтермен дәлелдеген үздік топтың жұмысын нысанаға желімдейді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |