Сабақ тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары. Мақсаты: Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерін



Дата14.06.2016
өлшемі153.3 Kb.
#134309
түріСабақ
№ 59 орта мектеп География пәні мұғалімі СатыбалдинаГ.М.

7 сынып


Сабақ тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары.
Мақсаты: Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерін

анықтау, жер бедеріне, климат жағдайларына байланыстылығын талдау;


Міндеті:1.Картадан дұрыс анықтауды, сипаттама беруге,салыстыруға,

ақпараттық материалмен жұмыс жасауға, талдауға дағдыландыру;


2. Тапқырлықты, өзбеттілік ізденуді, сөйлеу мәдениетін дамыту;
3. Табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілік: Д.ж. географиялық белдеулер картасы;Д.ж. физикалық географиялық картасы; Венн диаграммасы салыстыру кестесі, Табиғат зоналары кестелері;

Тест – І, ІІ нұсқалар; кескін карталар, кеппе шөптер, қосымша материалдар, интернет материалдары, слайдтар.


Сабақ түрі: аралас сабақ , топтық-жарыс

Сабақта қолданылатын әдістер: 1. Дамыта оқыту әдісі; 2. Проблемалық оқыту;3 Л.В. Тарасовтың экологиялық оқыту әдісі;Үш тілділікті меңгерту.

Пәнаралық байланыс: биология, экология, орыс және ағылшын тілі.
Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныптағы оқушыларды «Белдеулер» мен «Зоналар» топтарына бөлу, топ басшылары ұрандарын айтады. Сабақтың мақсаты мен жүргізілуі тәртібімен таныстыру. Әрбір кезең ұпайлармен бағаланады. Бағалау парағына ұпайларды жазу оқушылардың өздеріне тапсырылады. Сабақ 6 кезеңнен тұрады.



Сабақ барысы:

І кезең «Тест алу – білім тексеру»

Оқушылардың жалпы білімі мен үй тапсырмасын тексеру үшін, тест – І, ІІ нұсқалары оқушыларға беріледі. Оқушылар өзара бір-бірінің білімін тексереді, дұрыс жауапты 1 ұпаймен бағалайды.


І нұсқа

1. Еуразияның теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері?

A. Қара теңіз B. Ақ теңіз E. Сары теңіз D. Өлі теңіз C. Қызыл теңіз

2. Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі ... сейсмикалық белдеу өтеді?

A. 1 B. 2 C.3 D. 4 E. 5

3. Еуразиядағы ең ұзын өзен?

A. Амур B. Еділ E. Янцзы D. Хуанхэ E. Янцзы C. Лена

4. Еуразияның батысындағы ең шеткі нүктесі?

A. Челюскн B. Рока C. Дежнев D. Пиай E. Нордкин

5. Еуразиядағы ең үлкен көл?

A. Каспий B. Арал C. Байкал D. Балқаш E. Ладога

6. Еуразияның ең суық жері?

A. Тұран B. Арабия C. Тар шөлі D. Оймякон E. Арктика

7. Еуразияның жағалауын неше мұхит шайып жатыр?

A. 1 B. 2 С. 3 D. 4 E. 5

8. Еуразияның жауын-шашын мол түсетін жері?

A. Черапунджи B. Тибет C. Памир D. Үндістан E. Үндіқытай

9. Еуразия тайгасында өсетін өсімдік?

A. Акация B. Пальма C. Қарағай D. Емен E. Жөке

10. Ішкі тұйық алапқа жататын өзен?

A. Дунай B. Еділ C. Лена D. Ганг E. Амур
ІІ нұсқа

1. Еуразияның ең биік шыңы?

A. Эльбрус B. Эверест C. Жеңіс D. Монблан E. Мұзтау

2. Еуразияның аралдармен қоса есептегендегі ауданы?

A. 30.3 млн км² B. 24.2 млн км² C. 53.3 млн км² D. 14 млн км² E. 18.3 млн км²

3. Дүние жүзіндегі ең терең көл?

A. Каспий B. Жоғарғы көл E. Байкал D. Балқаш C. Титикака

4. Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі?

A. Челюскин D. Пиай

B. Рока E. Нордкин

C. Дежнев

5. Қытай тілінен аударғанда «сары» деген мағынаны білдіретін өзен?

A. Янцзы D. Әмудария

B. Сырдария E. Ганг

C. Хуанхэ

6. Еуразияның ең ыстық жері?

A. Тұран D. Оймякон

B. Тар шөл E. Такла-Макан

C. Арабия

7. Еуразияның өзендері қанша алаптарға бөлінеді?

A. 1 D. 4

B. 2 E. 5

C. 3

8. Еуразияның арктикалық шөліне тән жануар?



A. Ақ аю D. Лемминг

B. Поляр қасқыры E. Бұлан

C. Бұғы

9. Климаттың континенттілігі артып, жаздағы ыстық +50°С-қа көтерілетін зона?

A. Тундра D. Дала C. Шөл

B. Тайга E. Орманды дала

10. Атлант мұхиты алабына құятын өзен?

A. Ганг D. Дунай

B. Лена E. Тигр

C. Амур



  • Проблемалық сұрақтар:

1.Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерінің жер бедеріне, климат жағдайларына байланыстылығын қалай анықтауға болады? 2.Еуразия материгіндегі географиялық белдеулер мен табиғат зоналарын анықтай отырып, неліктен барлық табиғат зоналары солтүстіктен оңтүстікке қарай ауысады?

ІІ кезең «Кім картаны жақсы біледі?» Екі топқа жалпы сұрақ беріледі және екі топ бір-біріне сұрақ қояды. Картамен жұмыс, картадан анықтап көрсету, дұрыс жауап 2 және 5 ұпай. Бұл кезеңде 1деңгелік тапсырма бойынша Еуразияның географиялық белдеулері мен табиғат зоналарын анықтайды.

«Белдеулер» тобына сұрақ:

- Географиялық белдеу дегеніміз не?

Географиялық белдеу – географиялық қабықтың ендікті бойлап созылып жатқан бөлігі

- Картадан Еуразияның географиялық белдеулерді көрсет?

«Зоналар» тобына сұрақ:

- Табиғат зона дегеніміз?

Табиғат зонасы - климат жағдайлары, топырақ, өсімдігі жануарлар дүниесі бірдей ендік өңір.

- Еуразияның табиғат зоналарын картадан көрсет?

Екі топ бір-біріне Еуразияның табиғат ерекшеліктері бойынша сұрақтар қойып жарысады.



ІІІ кезең «Зеректік таныту» климат туралы не білеміз? 2 деңгей тапсырмалары, экраннан Еуразияның кез-келген климаттық белдеуіне жартылай сипаттама беріледі, оқушылар сипаттама беруді жалғастырып, қай климат екенін анықтап айтады. Дұрыс жауап 3 ұпай.

«Белдеулер» тобына: а) «Жазы өте суық және қысқа. Қыста температура ... –тан төмен ... » Әрі қарай жалғастыр, бұл қай белдеу?;

б) «Бұл белдеуде тропиктік климат континеттік сипат алады.»жалғастыр

«Зоналар» тобына: «Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант ... әсерінен қандай климат қалыптасады, белдеуде тағы қандай климат типтері бар..?» әрі қарай жалғастыр



IV кезең «Жас биологтар» байқауы, 3 деңгей тапсырмалары беріледі.Биология пәнімен байланыс орнайды. Еуразия материгінің табиғат зоналарының ішінде ең ендісі,көлемді жерді қоңыржай белдеу алып жатыр,сондықтан осы белдеуде кездесетін өсімдіктер туралы анықтау,талдау жұмыстарын жүргізеді. Дайындаған слайд материалын көрсетеді.

Кеппе өсімдіктерден анықтау жұмысы – дұрыс жауап 3 ұпай. Қосымша ақпараттық материалмен дайындалып сипаттама беру – 5 ұпай.

«Белдеулер» тобына

- Берілген кеппе өсімдіктерден тайга зонасының өсімдіктерін анықтау, біреуіне сипаттама бер?

Қарағай өсімдігіне қазақша, орысша сипаттама береді.

«Зоналар» тобына

- Кеппе өсімдіктерден дала зонасының өсімдіктерін анықтау, біреуіне сипаттама бер?

Жусан өсімдігіне қазақша, орысша сипаттама береді.



V кезең «Кім көп біледі?» 4 деңгей тапсырмалары:

Жануарларды қорғаудағы экологтар мәліметі тыңдалады. Алдын ала берілген тапсырма бойынша дайындаған Еуразия материгінде кездесетін жануарлар туралы слайдтарын көрсетеді. Экологтар заман талабына сай үш тілде қазақша, орысша, ағылшынша жануарларға сипаттама беруі қажет. Қосымша ақпараттық материалдармен жұмыс, экранда слайдтар көрсетіледі. Әр жауап 5 ұпай.Саны азайып бара жатқан, қорғауға алынған жануарларды анықтау негізінде «Белдеулер» тобы «Ақбөкендер» жайында,«Зоналар» тобы «Уссурий жолбарысы» сипаттама береді.



VI кезең «Венн диаграммасы салыстыру кестесін толтыру»

4 деңгей тапсырмалары: Венн диаграммасы арқылы салыстыру кестесін толтырады. Дұрыс жауап 5 ұпай. Интерактивті тақтада жұмыс көрсету.


«Белдеулер» тобы басшысына:

- Биіктік белдеулерді салыстыру – Гималай және Альпі тауларындағы биіктік белдеулерді салыстырып, әр түрлі болу себептерін түсіндіру.

«Зоналар» тобы басшысына:

- Еуразияның қоңыржай және тропиктік белдеулеріндегі шөлдердің ерекшеліктерін салыстыру.

Егер уақыт қалса, оқушылар өзара бір-біріне қарсы сұрақтар қояды.


VII кезең Қортынды – оқушылар рефлексия жасайды. Оқушылар мен мұғалім ұпайды анықтап, әр оқушының ұпайын санайды,20ұ жоғ= 5;

12-20ұ= 4;11-3ұ=3;3-0ұ=2 қай топ алға шыққанын хабарлап, бағалайды.


№ 59 орта мектеп География пәні мұғалімі СатыбалдинаГ.М.

8 сынып

Сабақ тақырыбы: Қазақстанның экологиялық проблемалары.
Мақсаты: 1. Қазақстан жеріндегі экологиялық жағдайы нашар аймақтар жөнінде қосымща материал, ақпараттарды пайдаланып, проблемаларын ашып талдау;

2. Ізденушілікті, өзбеттілікті, ой-өрісін, шығармашылықты, сипаттама беруді, талдай білуді, картамен жұмысты дамыту;

3.Оқушылар бойында экологиялық саналықты, табиғатқа жанашырлықты ояту, патриоттық тәрбие беру.
Сабақ түрі: Топтық сайыс.
Сабақ әдісі: Ж. Караевтың топтық оқыту әдісі, Махмудовтың проблемалық әдісі, Л.В. Тарасовтың экологиялық әдісі,4. Ойын элементтері әдістерін қолдану.5. Дамыта оқыту әдісі;

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Көрнекіліктер:


  1. Қазақстанның физикалық-географиялық картасы;

2. Қазақстан экологиялық проблемалары бойынша: «Арал тағдыры – адам тағдыры», «Балқашым – бағым», «Жер тағдыры – ел тағдыры», «Аман болсын аңдар, құстар, ормандар», «Каспий – елімнің ертеңі» буклеттер мен слайдтар; нақыл сөздер; кескін карталар, плакат, газет-журнал,ақпараттық материалдар.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ топтық сайыс түрінде өтеді. Оқушыларды «Каспий», «Арал», «Балқаш», «Семей», «Экологтар» топтарына бөліп отырғызу. Сабақтың мақсатын айтып, жұмыс ережесімен, оқушылардың міндетімен таныстыру.

Жұмыс ережесі: тәртіп, ұйымшылдық, сыйластық, ойды ашық жүйелі түрде жеткізу, өзді және өзгені тыңдап бағалай білу. Оқушыларға алдын-ала тапсырмалар қосымша материалдар арқылы дайындалып келу тапсырылған. Топтағы оқушылардың міндеті – топ жетекші-координатор, білімпаз-сайыскер, ақын-шешен, суретші-слайд дайындаушы, эксперт-таймер. Сыныптан бір оқушы және сырт көз, басқа сынып оқушысы, әр кезеңді ұпаймен есептеп бағалайды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі – білім сынағы.

Ерекшелігі әр топтан оқушылар сандыққа жасырылған билет немесе сынақ сұрақтарына толық, әрі картаны дұрыс пайдаланып жауап беруі қажет. Жауаптары ұпаймен есептеледі.

Сынақ сұрақтары:

1. 1) Табиғи қорлар дегеніміз не? Олар қандай топтарға ажыратылады?

2) Отын-энергетикалық қорларға сипаттама бер?(картаны пайдалану)

3) Медициналық география ғылымы нені зерттейді?


2. 1) Минералдық, климаттық қорларға сипаттама? (картаны пайдалану)

2) Адам экологиясын қалай түсінесің?

3) Өлкеміздің экологиялық жағдайы туралы не білесіңдер?
3. 1) Су қорларын пайдалану

2) Экологиялық қолайлы, қолайсыз аудандарды бөліп атап бер? (картаны пайдалану)

3) Дәрілік өсімдіктерге байланысты Қарағанды ғалымдарының ашқан жаңалығы?
4. 1) Топырақ - өсімдік қорлары

2) Табиғатты тиімді пайдалану

3) Картадан экологиялық жағдайы қауіпті аймақтарды талдап бер? (картаны пайдалану)
5. 1) Жануарлар дүниесінің қорлары

2) Қоршаған ортаның адам денсаулығына тиімді әсері және кері әсері?

3) Өз өлкеміздегі табиғи байлықтарды ата? (картаны пайдалану)
ІІІ. Жаңа сабақ материалын талдау кезеңі.

Табиғат-тіршілік өзені. Табиғаттан адамзатқа қажеттінің бәрін аламыз. Табиғат, Жер-Ана, Отан, туған жер мағынасы бір қасиетті сөздер, олай болса, Жер-Ананы, табиғатты аялау әрбір адамзаттың борышы. Адамның шаруашылық әрекетіне байланысты табиғат өзгерісіне ұшырап отыр. Табиғаттың құрамдас бөлімдерінің бірі өзгерсе, басқасы да өзгереді. Адамзат зардаптары күннен-күнге өсуде. Топыраққа минералды тыңайтқыш себу барысында жауын-шашын мөлшері ескерілмей, ол заттар шайылып, өзен-бөгендер суларын ластауда.



  • Ландшафтар дегеніміз не? (тақтаға ландшафт сөзі ілінеді)

Қазір антропогендік ландшафт басым. Ландшафтарды жақсартуда бірталай шаралар жүргізілді.

  • Мелиорация дегеніміз не? (тақтаға мелиорация сөзі ілінеді)

Мелиорация – жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шара.

Табиғатты тиімді пайдаланудың, көркейту, қорғау кешенді қарастырылуы қажет.



Проблемалық сұрақ : -Қазақстанның экологиялық проблемалары, экологиялық апатты аймақтары және оларды қалпына келтіру жөнінде не білеміз?

Әр топтың жауабын, жұмысын тыңдай отырып бағалау. Топ жетекшілерінің білімділігі, сөйлеу мәнері, шеберлігіне мән беріледі.

    1. «Каспий» тобы – Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын талдауы. Топ жетекшісі сөйлейді. «Каспий – елімнің ертеңі» суретті буклеті,слайд қолданылды.

    2. «Арал» тобы – адам қолымен жасаған Орта Азия халықтарының тіршілік тынысы үшін орасан маңызы бар, бүгінде дүние жүзілік проблемаға айналған Арал экологиясын талдайды. «Арал тағдыры – адам тағдыры» суретті буклеті,слайд пайдаланылды.

    3. «Балқаш» тобы – Балқаш көлі мен оған құятын Іле өзенінің экологиялық жағдайын қарастырды. «Балқашым – бағым» буклеті мен слайд жасалған.

    4. «Семей» тобы – Семей полигонының зардаптары мен қоршаған ортаға, адам денсаулығына әсері жөнінде қорғады. «Жер тағдыры – ел тағдыры» буклеті мен слайд дайындалған.

Жер ананың жүрегінде арман бар

Аман болсын аңдар, құстар, ормандар

Ақыл ойды жоюға емес адамдар

Тіршілікті қорғау үшін арнаңдар, - дей келе экологтарға сөз береміз.



    1. «Экологтар» тобы қазіргі уақыттағы экологиялық іс-шараларға тоқталды.

  • Экологиялық апатты аймақты қалпына келтірудегі жұмыстарды атады.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясының 38 бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» - делінген.

  • Табиғи табиғатты қорғауда қорықтар, қорықшалар, ұлттық саябақтар ұйымдастырылған.

«Экология» сөзіне ассосация жасалады, «Аман болсын аңдар,құстар,ормандар» буклеті, слайд пайдаланды.
ІV. «Дұрысты таңда»топтық тапсырмаларды орындау кезеңі.

Ойын элементтері түрінде орындалады.




  1. «Дұрыс таңда» Табиғат зоналары бойынша Қазақстанның дала зонасына тән өсімдіктер мен жануарларды анықтап, берілген плакатқа орналастыр?

  2. «Дұрыс анықта» Қазақстанның шөл зонасына тән өсімдіктер мен жануарларды анықтап берілген интерактивті тақтадағы картаға орналастыр?

  3. «Дұрыс құра» Қазақстанның физика-географиялық аудандарын кескін карта бөліктері бойынша құрап, аттарын ата?

  4. «Дұрыс көрсет» Қазақстанның физика-географиялық картасынан ойпат, жазықтар, үстірттер, қыратты, аласа таулар мен биік тауларды дұрыс тауып көрсет?

  5. «Дұрыс белгіле» Қазақстанның физика-географиялық картасынан кескін картаға - ойпат, жазықтар, үстірттер, қыратты, аласа таулар мен биік тауларды дұрыс тауып белгілеп жаз?


V. Шешендік өнер сайысы.

Әр өздерінің шығармашылық тұрғыдан құрастырып немесе жаттап келген өлеңдерін айтады, әдебиетпен пәнімен байланыс туындайды.Мысалы «Семей» тобынан бір оқушы өзі шығарған өлеңін оқып берді:

Абай менен Шәкәрім

Туған жердің топырағы

Жұпар иісі аңқыған

Көк орай шалғын жерлері

Жан-жануар қорегі

Қасиетті жеріне

Қасіретін әкелген

XX ғасырдың 49 жылы еді

Атом, сутек бомбасы

Сынақ, атыс жарылыс

39 жыл бойы

Тауқыметінің зардабы

Семей-Невада тілегі

Болашақтың тірегі

Болмасын енді сынақтар

Ұрпағы үшін елімнің



VІ. Қорытынды рефлексияны оқушылар өз ойларын ортаға салып жасайды. Соның ішінде «Арал» тобынан шыққан оқушы ойы:

  • Меніңше Экологиялық қауіпті аймақтар үшін, жағдайы бар бизнесмен

және жеке кәсіпорындардан қаражат жинап, әр облыста банкте қор ашып, ол қаражатты экологиялық жағдайы қиын аудандарға көмекке пайдалану керек.

Ал «Экологтар»тобы:



  • Өз өлкеміздің жағдайы ойлантады, ашық қалған шахта, кен орындары, жер қыртыстарынан, үйінділерден ауаға радиоактивті қалдықтар таралып, адамдар денсаулығына кері әсер етуде. Осы жағдайға облыс, аудан әкімдері назар аудару қажет.

Жалпы сабақ соңында бағалауда, әр топтың бағалаушысы мен сырт-көз басқа сынып оқушысы әр топқа қойған ұпайларын айтып хабарлайды. Мұғалім сабақтың өтуін қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап бағалайды.

№ 59 орта мектеп География пәні мұғалімі СатыбалдинаГ.М.

Жаратылыстану 5 сынып
Сабақ тақырыбы: Бөлме өсімдіктері

Мақсаты: Бөлме өсімдіктері түрлері мен бөлінуі, қоршаған ортаға пайдасы, маңызы туралы айта отырып, гүлді отырғызып, баптауды көрсету

Міндеттері:

1. Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру;

2. Тәжірибе жасауға, қосымша материалды пайдалануға дағдыландыру және ізденушілікті, ой-өрісін, тапқырлықты, картадан анықтауды дамыту;

3. Экологиялық, эстетикалық тәрбие беру.


Сабақ түрі: кірітірілген, жарыс сабақ.
Сабақ әдісі: Дамыта оқыту технологиясы элементтері, ойын элементтері әдістерін қолдану.

Пәнаралық байланыс: география, биология, экология, әдебиет

Көрнекіліктер: Дүние жүзінің физикалық-географиялық картасы; «Бөлме өсімдіктері» плакат; «Адасқан терминдер», «Дұрыс орналастыр» плакатағы сөздер;

Бөлме гүлдері: кактус, алоэ; герань мен традесканция өскіндері; ананас пен сәбіз, ыдыс, топырақ, су т.б.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақтың мақсаты, жүргізілу тәртібімен таныстыру, топтарға бөліп отырғызу. Сабақ кіріктірілген, жарыс сабақ түрінде өтеді. Тақырып «Бөлме өсімдіктері» биология пәнінен болғанымен географиямен тығыз байланысты. Сондықтан өткен сабақтардан географиялық білімдерін еске түсіру негізінде ойындар беріледі. Сұрақтарға қысқа ,әрі нақты, жылдам жауап беру қажет. Гүл отырғызуда, тәжірибені оқушылар өздері жасап көрсетеді.



ІІ. Тест – сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырмасын тексеру үшін, тест сұрақтары алынады. Оқушылар І,ІІ нұсқа бойынша жауап береді. Жауапты бірін-бірі өздері тексеру арқылы бағалайды.

І нұсқа

1. Жердің ағзалардан тұратын, оларды қалыптастырушы тіршілік ортасын не деп атайды?

А) атмосфера Б) гидросфера С) литосфера Д)биосфера



2. Жер бетіндегі жануарларды не құрайды?

А) флора Б) фауна С)б иосфера Д) бактерия



3. Тірі ағзалардың ұқсастығы

А) тыныс алады Б) қоректенеді С) өседі Д) осының барлығы



4. Өсімдіктерге де, жануарларға ұқсас

А) жасыл эвглена Б) жәндіктер С) жыртқыш Д) жасуша



5. Ең қарапайым және кішкентай – бір жасушалы жануар

А) молюска Б) амеба С) шаян Д) жәндік



6. Паразиттерге

А) арыстан, жолбарыс Б) балықтар, киіктер С) бүркіт, шортан Д) аскорида, кенелер



7. Жануарлар арасында азық, ұя салу үшін не туындайды?

А) симбиоз Б)бәсекелестік С) жыртқыштық Д) комменсализм



8. Өсімдіктердің түсі неліктен жасыл

А)өсімдіктер ұқсастығы Б)жапырақта дәндер болу С)жасушада дәндер болу Д)хлорофилл болу



9. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге:

А) балдырлар Б) мүктер С) гүлді өсімдіктер Д) мәдени өсімдіктер



10. Өсімдіктердің маңызы

А) тіршілікке қажет Б) органикалық зат түзу С) оттегін бөлу Д) осының барлығы


ІІ нұсқа

1. Жердің ағзалардан тұратын, оларды қалыптастырушы тіршілік ортасын?

А) биосфера Б)микроорганизмдер С) флора Д)фауна



2. Жер бетіндегі өсімдіктерді не құрайды?

А) флора Б)фауна С)биосфера Д)бактерия



3. Тірі организмдер айырмашылығы

А) пішінінде Б)қоректенуінде С)тіршілік ортасында Д) осының барлығы



4. Жыртқыш өсімдік

А) шықшылдық Б) жасыл эвглена С) инфузория туфелька Д) секвойя



5. Жануарлардың үлкен тобы

А) амеба Б) шаян С) аңдар Д) құрттар



6. «Қызыл кітап» неліктен пайда болды?

А) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, сақтау үшін;

Б) жануарларды аңшылардан қорғау үшін;

С) тек жәндіктер дүниесін сақтау мақсатында;

Д) өсімдіктерді жұлмау, таптамау үшін.

7. жануарлардың бір-бірімен қосарланып тіршілік етуі

А) бәсекелестік Б) симбиоз С) жыртқыштық Д) комменсализм



8. Өсімдіктер неше сатыға бөлінеді

А) 4 Б) 3 С)2 Д)1



9. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге:

А) балдырлар Б) тамыры С) жапырағы Д) гүлді өсімдіктер



10. Өсімдіктерді қорғау қажет

А) ағашты кесудан Б) гүлді жұлудан С) шөпті таптаудан Д) осының барлығынан


ІІІ. «Адасқан терминдер» - кім жылдам ойыны.

Ойнай отырып, ойланайық. Географиялық және биологиялық терминдерді дұрыс тауып, жинақтап, анықтама береді, картадан көрсетеді.

Тақтада: География Биология

материк флора

мұхит фауна

теңіз симбиоз

арал хлорофилл

экватор паразит

Сұрақтар

Географиядан:


  • Материк деген не?

  • Неше материк бар, картадан көрсет?

  • Теңіз дегеніміз?

  • Арал дегеніміз?

  • Экватор дегеніміз не?

Биологиядан:

  • Флора дегеніміз не?

  • Фауна дегеніміз не?

  • Симбиоз дегеніміз не?

  • Хлорофилл дегеніміз не?

  • Паразит дегеніміз не?

ІV. «Дұрыс орналастыр» ойыны.

Материктердің табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне қарай мына сөздерді дұрыс орналастыр.




  1. Еуразия – солтүстікке жақын 3

  2. Африка – кіші, құрғақ 5

  3. Солтүстік Америка – ауданы ең үлкен 1

  4. Оңтүстік Америка – мұз жамылған 6

  5. Аустралия – ең ыстық 2

  6. Антарктида – ең ылғалды, жасыл 4

V. Жаңа сабақ материалын меңгерту.

Оқушыларға сұрақ қоя отырып, олардың дайындап келген мәліметтері, тапсырмаларын қолданып, жаңа сабақты өзбеттерімен ізденулері арқылы меңгерту.



  1. Бөлмеде гүл өсіру қажеттігі, не үшін өсіреді?

  2. Бөлме өсімдіктерінің пайдасы, маңызы?

  3. Бөлме өсімдіктері қай аймақтардан шыққан?

  4. «Оранж» сөзінің мағынасы нені білдіреді?

  5. Бөлме өсімдіктерін жыл бойы өсіру үшін не салынған?

  6. Бөлме өсімдіктері өсуі қшін қандай қолайлы жағдай жасаймыз?

  7. Бөлме өсімдіктері қандай үш түрге бөлінеді?

  8. Гүлді суару әдісі?

  9. Қандай топырақ қажет?

  10. Бөлме өсімдіктерін қалай күтеміз?

VІ. Бөлме өсімдіктері туралы кім көп біледі?

Қосымша мәліметтермен жұмыс:



  • Қандай бөлме өсімдіктерін өсіреміз?

  • Алоэ туралы кім не біледі?

  • Кактус жайында не білеміз?

  • Бегония қандай өсімдік?

VІІ. Тәжірибе жасау.

Алдын-ала берілген тапсырмада - традесканция мен герань гүлдерінің өскіншелерін гүл отырғызу үшін дайындап әкеледі. Керекті заттар ыдыс,топырақ, су және қалақша. Сыныпта оқушылар өздері гүлдің ыдысына өскінді отырғызып, бір-біріне көрсетеді. Ананасты қалай отырғыздарын түсіндіреді, көрсетеді. Алдын –ала дайындаған сәбізден жасаған тәжірибелерін айтады.



VІІ. Қорытынды рефлексия, ассосация құру, ұпайларын шығару, білімдері бағаланады.

дәрілік оттегін бөледі таза ауа



денсаулыққа пайдалы көңілділік




әсемдік

сәндік хош иіс

емдік

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет