ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мәтінді оқи отырып, жабдықтарын, қызметін жазу. Ағылшынша сөздіктерді есте сақтау.
Мұнай және газ кен орындарын пайдаланудың, сонымен қатар жер қойнауын қорғау және техника қауіпсіздігінің шарттарына: құбыр аралық кеңістіктің саңылаусыздығын, скважинаға СКҚ түсіруді, скважиналардың жұмысын бақылау және жөндеу жұмыстары кезінде қысқа мерзімге скважинаны жабуды қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жұмыстар фонтанды скважинаның сағасындағы жабдықтардан (тізбек басы, құбыр басы, фонтанды шырша) тұратын қондырғының көмегімен жүзеге асады
Скажина сағасы мықты болаттан асалған фонтанды арматурамен бекітіледі.
Ол үш бөліктен тұрды: column head fountain tree, tube head
Column head- Ол құбыр аралық кеңістікті саңылаусыздандыру мақсатында, скважина сағасын шегендеуші құбырға жалғау үшін, сонымен қатар фонтанды арматураны бекіту үшін арналған.
Tube head. Ол СКҚ-ны ілу үшін, құбыр аралық кеңістікті саңылаусыздандыру үшін қажет.
Fountain tree. Ол өнімді заводқа жіберу үшін, сквжина жұмыс режимін бақылау, реттеу үшін, түптік қысымды анықтау қызметтерін атқарады.
Fitting - фонтанды шыршаның элементі, және ол фонтанды скважиналардың жұмыс режимі мен өнімін реттеп тұру үшін арналған. Штуцерлер арматураның шығыс желісінің екі бөлігінде де орналасады және олар реттелетін немесе реттелмейтін болып бөлінеді. Ең қарапайым және сенімді түрі реттелмейтін штуцер. Олар қысқа конусты тығын түрінде шыңдалған болаттан немесе берілген диаметрлі өткізу каналы бар металл-керамикалық материалдан дайындалады
Gauge - фонтанды арматураны скважина өнімін есептегіш қондырғыға беретін құбыр желісімен жалғау үшін арналған. Төрт жақты фонтанды арматураның манифольдының қарапайым жүйесі құбыраралық кеңістіктің шығу желісін жалғауды қарастырмайды және тек бір ғана есептегіш қондырғыны скважинамен жалғайтын шығу желісінен тұрады. Кейбір жағдайда парафиннің қатуы кезінде скважинаның жұмыс істеуін тоқтатпау үшін, екі шығу желісі және манифольд қарастырылады.
Valve өнімнің келуін тоқтату немесе өнімді жіберу үшін
Достарыңызбен бөлісу: |