Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (5 минут)
|
Стартер: Хромның әр түрлі қосылыстары беріліп, оқушылар ондағы хромның тотығу дәрежелерін анықтайды: CrCl2, CrCl3, K2CrO4, (NH4)2Cr2O7
Химиялық “жанартау” экспериментін көрсетіп, түзілген өнімдерді болжауларын сұрау. Оқушылар реакция теңдеуін жазып, хромның тотығу дәрежесінін өзгерісін анықтайды (бейнебаяды көрсетуге болады)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге анықтау
|
https://www.youtube.com/watch?v=SugELKNxBQc
|
5 минут
|
Хромның физикалық қасиеттері. Хромның табиғаттағы таралуы, көп кездесетін қосылыстарының формуласы мен суреттері
Өткен сабақта өткен мырыш пен мыстың физикалық қасиеттерімен салыстыру. Негізгі өзгерістерін ортаға салып, талдау
Мұғалім оқушылардың назарын аудары қажет:
Бұл мәліметтерді мыспен және мырышпен салыстырып, қажетті қорытынды жасайды
|
Презентация
слайдтар № 1-4
|
3 минут
|
Хромның металлургияда болат жасағанда қолданылуы. Құрамында хромы бар әр түрлі құймалар көрсетіледі.
Мұғалім оқушылардың назарын аудары қажет:
|
Презентация
слайдтар № 5-8
|
5 минут
|
Оқушылар шағын (3) топтарда берілген тапсырмаларды талқылайды:
Хром атомының электрондық құрылысын көрсету. Мүмкін болатын тотығу дәрежелерін болжау
Хромның кернеулік қатарында орналасуына қарап, металдық белсенділігін болжау.
Хромның электрондық құрылысындағы ерекшеліктеріне назар аударту.
|
Металлдардың кернеулік қатары: дидактикалық материалдар,
Презентация
слайдтар №9-10
|
9 минут
|
«Мозаика» оқыту стратегиясы бойынша топтық жұмысты ұйымдастыру.
Топтардың құрамын өзгертіп, жұмысты жалғастыру: 1 топқа - Хром (II) қосылыстары, 2 топқа - Хром (III) қосылыстары, 3 топқа - Хром (VI) қосылыстары туралы ақпарат ұсынылады. Оқушылар топтың ішінде талқылайды.
Содан соң топтардың құрамы өзгеріп, топтардың мүшелері бір-біріне хромның әр түрлі тотығу дәрежесіндегі қосылыстары туралы ақпаратпен бөліседі.
Оқушылардың көңілін хром оксидтерінің негіздік, қышқылдық, амфотерлік қасиеттеріне аудару қажет.
Бірін-бірі оқыту және бағалау жүзеге асырылады.
|
Дидактикалық материалдар тапсырма №2
|
6 минут
|
3 топпен жұмысты жалғастыру:
Хром элементінің химиялық қасиеттерін сипаттайтын бейнебаян ұсынылады.
Бейнебаянды қарағанда, оқушылар, келесі сұрақтардың жауабына көңіле аударсын:
Мосс межелігі бойынша, хром басқа металдармен салыстырғанда қандай қасиетке ие?
Оны қалай дәлелдеуге болады?
“Хром” деген сөздің мағынасы қандай?
Лабораторияда хромның қай қосылысын көп қолданады?
Дихроматтағы хромның тотығу дәрежесі қандай? Түсі қандай?
Оған сілті қосқанда қандай реакция өтеді? Түсі қалай өзгереді?
Хром (ІІІ) оксидінін қандай ерекше қасиеті бар? Қандай реакциялармен дәлелдеуге болады?
Хром (ІІ) қосылыстарының түсі қандай?
Сұрақтардың жауаптарын топтарда талқылап, қорытындылау
|
https://www.youtube.com/watch?v=ODFNQIn39JI
|
3 минут
|
Топтарда, келесі түрлендірулерді жүзеге асырып, түзілген өнімдердің атын атау қажет:
1 топ: (б) реакциясын, Хром (III) оксиді мен негіз және қышқылмен реакциясын
2 топ: (в) реакциясын, Хром (VI) оксиді мен сілтімен арасындағы реакция
3 топ: (а) реакциясын, Хром (II) оксиді мен қышқылмен реакциясын
|
|
|