Сабақ тақырыбы: І. Есенберлиннің «Көшпенділер»



Дата05.07.2016
өлшемі52.85 Kb.
#179242
түріСабақ
11-сынып. Қазақ әдебиеті.
Сабақ тақырыбы: І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша

қайталау сабағы.



Сабақ мақсаты:

Білімділік: Балаларды еркін сөйлеуге, өз ойын түгел жеткізе білуге, сөз мәдениетіне, тіліне, Отанға деген махаббатын, құрметін ояту, сүйіспеншілігін арттыру, төл тарихын таныту.

Дамытушылық: Балалардың ақыл-ойын, тілін дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, ғылымға қызықтыру, сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, тіл өнері мен тарихы арқылы патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Қалыптан тыс сабақ.

Сабақ әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, пікірталас сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулық, «Көшпенділер» фильмі, буклеттер, сұрақтар жазылған конверттер.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  3. «Көшпенділер» филімін көру.

  4. Пікірталас өткізу.

  5. ҰБТ негізгі және таңдау пәндері бойынша сұрақтар.

  6. Сабақ қорыту.

  7. Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, сыныпты сабаққа даярлау. Сабақ құрылымы 90 минуттан тұрады. Алғашқы 45 минутында 3 кітаптың жалпы мазмұнымен таныс боламыз.Электронды оқулықтан І.Есенберлиннің портреті көрсетіліп тұрады.

Кіріспе: «Кешегі тарихты оқымай, бүгінгі жас ұрпаққа дұрыс тәрбие бере алмаймыз. Тәрбиенің қайнар көзі, бастауы тарихымызда, тереңде жатыр. Сондықтан бүгінгі тақырыбымызда теңізге құйған тамшыдай болса төл тарихымызды танысын деген ниетті ұстандым.»

Үй тапсырмасын сұрау: Үйге «Көшпенділер» трилогиясының құрамындағы 3 кітап: «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдарын оқып келу болатын. Қане, бірінші кітапта не жөнінде айтылған екен, оқып келген оқушыны тыңдайық. Арасында осы оқушы басқа оқушыларға сұрақтар қояды. Келесі кітапты оқыған оқушы мазмұнын айтады. Бұл оқушы да басқа оқушыларға осы кітаптағы қызықтырған логикалық сұрақтарын қояды. Үшінші кітапты оқыған оқушымыз да оқыған кітабында қандай оқиғалар орын алғандығын және сұрақтарын қояды.

Жаңа сабақ:

Үш кітапты да оқыдық. Ал, балалар сендер осы аттас фильмді көрдіңдер ме? Ал назарымызды экранға аударайық деп, фильмнен үзінділер көреміз. Фильмдегі болған оқиғалар кітапта бар ма, немесе кітаптағы оқиғалар түгел қамтылған ба деген сұрақтар қоя отырып, жауап аламын. Экранды өшіріп, ендігі кезекте «Егер де мен режиссер болсам...», «Егер де мен актер болсам...» деген тақырыпта шағын пікірталас өткізіп, балалардың пікірін тыңдаймын. Және осы пікірталаспен бірінші сабақты аяқтаймын.

* * * * * * * * * * * *

Қоңыраудан кейін балаларды таңдау пәндері бойынша отырғызамын. Содан соң алдарына бірінші кезекте қазақ тілі пәніне байланысты сұрақтарды конвертке салып тастаймын. Онда 145-беттегі парақта жазылған мәтін ішінен:



  1. Толықтауышты тап.

  2. Анықтауышты тап.

  3. Пысықтауышты тап.

  4. Бірыңғай мүшені тап.

Бұл тапсырма орындалған соң, математика пәні бойынша жалпылама сұрақ қойылады:


  1. Абылай ханның қанша әскері бар?

  2. Онда қанша түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы бар?

Бұл сұраққа дұрыс жауап берген бала бағаланады. Келесі сұрақ орыс тілі пәні бойынша болады:



  1. Алдарыңда қазақ тілі пәні бойынша берілген сұрақтардың орысша анықтамаларын айтып бер.

Келесі сұрақты қазақстан тарихы пәні бойынша беріледі:

  1. Осы фильм мен кітаптағы оқиғалар қай жылдар аралығын қамтыды?

  2. Трилогияны жазуға негіз болған жылнаманы авторымен ата.

Ендігі кезекте таңдау пәндері бойынша сұрақтар беріледі:

Қазақ әдебиеті:

  1. І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығын атап өт.

  2. «...Өкінішім – үш жүздің басын қоса алмадым... Өзге жаудан қазақтың жерін қорғаймын деп жүргенімде дүние құрғыр өтіп кетіпті ғой» деп өкініш білдірген кім екендігін табыңыз.

  3. «Көшпенділер» трилогиясының жазылу тілі.

Ағылшын тілі:

  1. «Көшпенділер» трилогиясы туралы ағылшын тілінде айтып бер.

Физика:

  1. Арақашықтық 1 шақырым деп алғанда, 10 минутта аттың шабу жылдамдығын анықта.

  2. Бүкіләлемдік тартылыс заңын айт.

  3. Ньютонның заңдарын ата.Бірінші заңы инерция заңының ережесін айт.

  4. Күш дегеніміз не? Үшінші заңы мен формулаларын жаз.

  5. «Алма ағашынан алысқа түспейді» деген мақал қай заңға бағынады?

  6. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінде қандай ағыс түрі сипатталған?

Биология:

  1. Қазақстанның өсімдіктер әлемі туралы не білесің?

  2. Жергілікті жерде қандай өсімдіктер өседі?

  3. Тастүлек дегеніміз не?

  4. Қанның биологиялық құрамы қандай?

  5. «Көшпенділер» трилогиясында сипатталған «Алмалық» шаһар бағының жемістерін ата.

  6. Өз өлкеңде өсетін дәрілік өсімдіктерді ата.Оларды қандай мақсатта пайдаланады?

  7. Өсімдік жасушасының құрылысын ата.

  8. Тірек-қимыл жүйесін ата.

  9. Қымызды неден жасайды, емдік қасиетін білесің бе?

  10. Ертедегі қазақтардың денсаулығы неге мықты болған?

  11. Жылқы малының ата-бабаларымыз үшін атқарған ролі қандай?

  12. Сексеуіл ағашының қасиетін ата.

Ал балалар сендердің ҰБТ-ға дайындық деңгейлеріңді көрдік. Енді батырлар мен олардың өмірі мен қоғамдағы қызметі туралы жинаған деректеріңді тыңдалық деп тапқан мәліметтерін ортаға салады.



Сабақ қорыту: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтқандай, бүгінгі ұрпақ кешегі тарихын білмесе, елдігімізге сын болары хақ. Еліміздің ертеңі болар ұрпақтың алдындағы бір парызымызды өтеуді жөн санадым.

Үйге тапмсырма беру: «Көшпенділер» трилогиясы тарихпен қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтап келіңдер.

Пікір


Оңалбекқызы Лайлә С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде 2001 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беріп келеді. Жас та болса аз ғана уақытта бала көңілін жаулай білген тәжірибелі де шығармашыл мұғалімге айналды. Мектепішілік «Жаңа технология – сабақта» атты семинардың бас жүлдегері, 2010 жылы мектепішілік тәжірибесі таратылып, «Шығармашыл ұстаз» атағы берілді. Сабақтарында интерактивті тақта мен электронды оқулықты тиімді пайдалана отырып, жаңа технологиялардың элементтерін қолдана біледі. Соның бір көрінісі іспетті 11-сыныпқа өткен І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша қайталау сабағын назарларыңызға ұсынып отырмын.

Мектеп директорының оқу-тәрбие



ісі жөніндегі орынбасары Б.Сейтқазиева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет