Сабақтың басы
2 мин
2 мин
5 мин
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушылармен амандасу;
-жоқ оқушыларды белгілеу;
-сынып тазалығын қадағалау;
-оқушылардың сабақ басындағы «Көңіл күйді смайликтермен жеткізу» тренингін қолданамын.
Оқушыларды «Атом, молекула» әдісімен үш топқа бөлемін. Әр топқа мынадай тапсырмалар жазылған үлестірмелі материалдар таратамын:
1-топқа тапсырма:
Екі а және b өрнектерінің қосындысын квадраттайық:
(а+b)2= (а+b)(а+b)=
2-топқа тапсырма:
а–b айырмасын квадраттайық:
(а–b)2=(а–b)(а–b)=
3-топқа тапсырма:
a–b айырмасын а+b қосындысына көбейтейік:
(a–b)(a+b)=
Әр топ кезекпен шығару жолымен тақтаға жазады:
(а+b)2= (а+b)(а+b)=a2+ab+ab+b2=a2+2ab+b2,
(а–b)2=(а–b)(а–b)=а2–аb–аb+b2=a2–2аb+b2
(a–b)(a+b)=a2+ab–ab–b2=a2–b2
Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді кейбір жағдайларда ықшамдырақ орындауға болады. Көпмүшелерді көбейтудің осы дербес жағдайларын өрнектейтін формулаларды қысқаша көбейту формулалары деп атайды.
(а+b)2=a2+2ab+b2 (1)
теңбе-теңдігінің ақиқаттығын дәлелдедік. (1) формуланы екі өрнектің қосындысының квадратының формуласы деп атайды.
Осыдан мынадай ереже шығады:
– Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадратына, плюс екі еселенген бірінші және екінші өрнектердің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.
(а–b)2= a2–2аb+b2 (2)
теңбе-теңдігі орындалады. Бұл формуланы екі өрнектің айырмасының
|