2-Жүргізуші:
ІІ-кезең. «Құпия ұяшық»
Ұ яшықтарда сұрақтар жасырылған. Сұрақтардың күрделілігі ұяшықтағы ұпайға байланысты. Ұпай саны 10, 15, 20 ұпай. 10 ұпайлық ұяшық жәй сұрақ, 15 ұпайлық ұяшық бейне сұрақ, 20 ұпайлық ұяшық суретті сұрақтар жасырылған. Оған дұрыс жауап бермеген жағдайда жауап беру құқығы келесі командаға ауысатын болады. Ұпай саны жауап берген командаға ауысады.
1-Жүргізуші:
І ІІ-кезең. «Адасқан әріптер»
Жаратылыстану пәнінің бөлімдеріне байланысты 10 сөз жасырылған. Команда адасқан әріптерден сөз құрастыру қажет. Әр сөз -1 ұпай. Барлығы 10 сөз. Жалпы ұпай-10.
ІV кезең. «Ақиқат-жалған»
Б ұл кезеңде жан-жануарларға байланысты қызықты ақпараттар берілген. Сол ақпараттардың ақиқат не жалған екендігін айту арқылы ұпай жинайды. Жалпы 15 сурет. Әрбір дұрыс табылған ақпарат 5 ұпайды құрайды.
2-Жүргізуші:
Б әйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәлім, тәрбие табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға-сол алда, — деп әділқазы мүшелеріне сайысты қорытындылауға сөз берейік.
Сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаздарды анықтап, марапаттайық.
Осымен сайысымыз аяқталды көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Келесі кездескенше. Қош, сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |