Сабақ тақырыбы Жасанды тамақтандыру Модуль /пән атауы «Мейіргер ісінің негіздері»



бет2/2
Дата13.02.2023
өлшемі19.52 Kb.
#469459
түріСабақ
1   2
умк№11

6. Үй тапсырмасы

Жасанды тамақтандыру



қосымша №2
Жасанды тамақтандыру келесі жолдармен жүзеге асады:

  1. Ауыз, мұрын арқылы немесе гастростома арқылы енгізілген зонд көмегімен;

  2. Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу;

  3. Қоректік ерітінділерді парентералді (күре тамырға тамшылатып) жолмен енгізу.

Клизма көмегімен тік ішек арқылы 300-500 мл жылы (37-38˚С) глюкоза ерітіндісі,натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, аминоқышқылдар ерітінділері енгізіледі. Парентералді тамақтану ас қорыту жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда, қалыпты тамақтану мүмкін болмаған жағдайларда (ісіктер) және асқазан өңешке операция жасалғаннан соң тағайындалады.


Парентералді тамақтану үшін аминоқышқылдар ерітінділері, 5% глюкоза ерітіндісі қолданылады. Сонымен қатар электролит ерітінділері, В тобы витаминдері, аскорбин қышқылы енгізіледі. Оларды енгізуден алдын су моншасында дене температурасына дейін жылытылады, күре тамырға тамшылатып жіберіледі.Ерітінділерді жіберу жылдамдығын қатаң бақылау қажет.

Гастростома - асказан мен іш пердесінің алдыңғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.
Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.
Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік - еюностома салынады.
Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінін алдыңғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдыңғы қабырғасына - тігінен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.
Лапаратомиялық жараның негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.
Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жараның арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден оң бітумен жазылуы ксрек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.
Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан жәнс ішек ішіндегі заттар өтеді.
Таңу процесінде түтіктің қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында ұстап тұруды. Егер де түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет