8-сұрақ: Алдыңғы бойда бүкпелер қалай өңделеді?
Жауабы: Бөлшекті ортаңғы сызығы арқылы өң бетін ішке қаратып бүгеді. Тігістің соңын жоққа шығара отырып, бүйір сызығы бойынша тігіледі.
9-сұрақ: Артқы бойда бүкпелер қалай өңделеді?
Жауабы: Бөлшектің өң беті ішке қаратып бүгіледі. Түйреуіштерді пайдалана отырып сызылған бүкпені машинамен тігістің соңын жоққа шығара отырып тігеді.
10-сұрақ: Қатпар дегеніміз не?
Жауабы: Қатпар дегеніміз – бүкпелердің бір түрі. Оны бұйымның негізгі бөліктерінде еркін қозғалу үшін және бұйымның бір мезгілде бел сызығы бойынша қонымды болу үшін, сондай ақ өңдеу тігістері ретінде жобалайды.
11-сұрақ: Матаны пішуге қалай дайындайды?
Жауабы: Маталардың барлығы үтіктегенде, жуғаннан кейін азды-көпті өзінің пішінін өзгертеді. Ал мұның өзі дайын киімнің бүлінуіне алып келеді. Сондықтан матаны пішер алдынды оны өңдеу қажет. Әсіресе мақта, жүн маталары жуғанда көп отырады. Мұндай маталарды алдымен дымқылдап, іш жағынан үтіктеу қажет.
12-сұрақ: Бүкпенің қандай түрлері бар?
Жауабы: Бұйымда орналасуына байланысты бүкпелер көкірек және бел сызығынан басталатын болып бөлінеді. Көкірек бүкпелері иық тігісінен, мойын ойындысынан, қолтық ойындысынан немесе жан тігісінен басталады. Олар төс тұсында бұйымның дөңес болуын қамтамасыз етеді. Бел сызығынан басталатын бүкпелер адам денесінің бел тұсында бұйымның қонымдылығын қамтамасыз ету үшін керек.
Үй тапсырмасын қорытындылау, бекіту.
ІІІ. Кіріспе нұсқауы. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қызығушылықты ояту .
Интерактивті тақта ішінен бip көйлек үлгісі шығарылады. Көйлек бөліктеріне жұмбақ жасырылады. Сонымен тақырыпты ашып аламыз.
Суык күні мен болмасам егерде, тоңып қалар екі қолын
тегінде «жең»
Екі жартыны қосады, бір бүтінді шығарады. «түйме,тілме»
Қоймам көп, қулпым жоқ «қалта»
Сән беремін, нәр бepeмін көйлекке, әдемі болып тұрар мойның әлбетте
Достарыңызбен бөлісу: |