m (Al(OH)3 = n * M
m (Al(OH)3 = 0,089 * 78 = 6,9 г (Al(OH)3)
Жауабы: m (Al(OH)3 = 6,9 г
(Т) Топта осы берілген есептің шешілу алгоритмін құрастыру. Барлық топтарды тыңдағаннан кейін әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізудің нақты алгоритмін қалыптастырылады.
Алгоритм
1. Есептің шартын қысқаша өрнектеу.
2. Реакция теңдеулерін жазып теңестіру.
3. Теңдеу бойынша берілген және есептеп табуға қажетті заттардың сандық сипаттамаларын (ν, Mr, M, m, V) тауып, теңдіктің астына жазу.
Algorithm
1. Brief statement of the conditions of the report.
2. Write and equate the reaction equations.
3. Find and write under the equation the numerical characteristics of the substances (деу, Mr, M, m, V) given by the equation and necessary for calculation.
4. Есептің шартына сәйкес заттардың зат мөлшерлерін есептеу.
5. Қай заттың артық берілгенін табу.
6. Аз мөлшерде берілген зат бойынша реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу.
7. Есептің жауабын жазу.
(Т)алгоритмін қолдану арқылы оқушыларға топта есеп шығаруға есептер беру.
4. Calculate the amount of substance in accordance with the terms of the report.
5. Find out which item is overpaid.
6. Calculate the mass (volume, amount of substance) formed as a result of the reaction on a given substance in small quantities.
7. Write the answer to the problem.
Assign students to solve problems in groups using the algorithm (T).
1) Массасы 29,2 г тұз қышқылы мен массасы 44 г натрий гидроксиді бар ерітінділерді араластырғанда түзліген ас тұзының массасын есептеңіздер.
Жауабы: 46,8 г.
2) Массасы 47 г калий оксидіне массасы 40 г азот қышқылының ерітіндісімен әсер етті. Реакция нәтижесінде түзілген калий нитратының массасын есептеңіздер.
Жауабы: 64,12 г.
3) Массасы 40 г мыс (II) оксидіне массасы 49 г сусыз күкірт қышқылымен әсер етті. Түзілген тұздың массасын есептеңіздер.
Жауабы: 80 г.
(Б)Есепті шешу алгоритмін меңгергенін тексеру үшін әр оқушы өз бетімен есеп шығарады.
1) Массасы 36 г алюминийге массасы 64 г күкіртпен әсер еткенде, түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңіздер.
Жауабы: 100 г.
2) Массасы 53 г натрий карбонаты бар ерітіндіге массасы 49 г күкірт қышқылының ерітіндісімен әсер етті. Реакция нәтижесінде түзілген тұздың массасын есептеңіздер.
Жауабы: 71 г.
3) Массалары 34 г күміс нитраты бар және 34 г натрий хлориді бар ерітінділерді араластырды. Реакция нәтижесінде түзілген күміс хлоридінің массасы мен реакцияға түспеген натрий хлоридінің массасын есептеңіздер.
Жауабы: 28,7 г және 22,3 г.
Табысты оқушыларға реакцияға заттардың стехиометриялық мөлшерде берілуіне байланысты, яғни қалдықтарсыз бір-бірімен әрекеттесетін нұсқадағы есеп ұсынуға болады.
Сонымен қатар, сыныпта шешуге қатысты есептерді шешкен кезде кейбір жағдайларда (мысалы, қышқыл немесе қышқылдық оксид артық берілсе), есепті шешу екі пропорцияны есептеумен шектелмейді, өйткені реакция қышқыл тұзының пайда болуымен бірге жалғасатындығын есте сақтаған жөн. Бұл материалдың күрделілігін арттырады.
Кейбір жағдайда екі зат әрекеттескенде реакция нәтижесінде әрекеттесуші заттардың қатынасына сай әртүрлі заттар түзілуі мүмкін. Мысалы, натрий гидроксиді мен фосфор қышқылы әрекеттескенде төмендегідей реакциялар жүруі мүмкін:
NaOH + Н3РO4 = NaH2PO4 + Н2O
2NaOH + Н3РO4 = Na2HРO4 + 2Н2O
3NaOH + Н3РO4 = Na3РO4 + 3Н2O
Көрініп тұрғандай, түзілген тұз әрекеттесусі заттардың зат мөлшерінің қатынасына тәуелді.
Егер
v(NaOH) : v(Н3РO4) = 1 : 1болса, онда NaH2PO4 түзіледі.
Егер
v(NaOH) : v(Н3РO4) = 2 : 1 болса, онда Na2HРO4 түзіледі.
Егер
v(NaOH) : v(Н3РO4) = 3 : 1 болса, онда Na3РO4 түзіледі.
Аралық жағдайда сәйкесінше екі тұз түзіледі.
Егер
1 < v(NaOH) / v(Н3РO4) < 2 болса, онда NaH2РO4 и Na2HРO4 түзіледі.
Егер
2 < v(NaOH) / v(Н3РO4) < 3 болса, онда Na2HРO4 и Na3РO4 түзіледі.
Бұл жағдайда Na2HРO4 түзілгенде натрий гидроксиді артық болады, Na3РO4 түзілгенде натрий гидроксиді кем болады.
Достарыңызбен бөлісу: |