Сабақ тақырыбы Логикалық есептер шығарамыз



бет1/3
Дата24.05.2022
өлшемі0.8 Mb.
#458615
түріСабақ
  1   2   3




Пән: Математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Тағам және сусын
Бөлім: 4 В «Жиын және логика элементтері»





Мектеп: №43 ОЖББМ Орал қаласы
Мұғалімнің аты-жөні: Сабыргалиева Г.Б.

Күні: Сынып: 1 а

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Логикалық есептер шығарамыз



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4.2.1 дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау
1.4.2.2 ** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтайды;
Көптеген оқушылар: сәйкестік пен ақиқаттықты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шығарады;
Кейбір оқушылар: тұжырымдардың ақиқаттығын немесе ақиқат еместігін анықтайды;

Тілдік мақсаттар



Логикалық есептер
Талқылау сұрақтары:
- Логикалық есептерді қандай тәсілдерді қолданып шешуге болады?
-Логикалық есептерді сызбаның көмегімен шығаруға бола ма?

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыс кезінде ұжымшылдыққа тәрбиелеу;



Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу,дүниетану,жаратылыстану,көркем еңбек



АКТ қолдану дағдылары

Логикалық сұрақтар,ойын ойнайық

Бастапқы білім



Логикалық есептерді кестенің көмегімен шығара алады



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар





Сабақтың басы
5 мин

3 мин
2 мин



Ширату «Танграм» ойыны
(Ұ) Әр топтан бір оқушыға түрлі түсті геометриялық фигураны таңдатамын.Таңдаған түсі бойынша геометриялық фигурадан аңдар бейнесін құрастырады.
Түлкі,қоян,ит,мысық.(Дайын аппликацияларды тақтаға бекіту)


ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы
Алдыңғы сабақта өткендерімізді есімізге түсіреміз.


( Ұ) «Миға шабуыл»
Өткен тақырыпқа байланысты оқушыларға логикалық сұрақтар қоямын.

  1. Екі қоянның неше құлағы бар? (4)

  2. Е кі жылқының неше табаны бар? (8)

  3. Кіреберісте 4 аяқкиім тұр. Бөлмеде неше бала ойнап жүр? (2)

  4. 2 қарлығаш, 2 торғай, 2 бақа ұшып жүр. Барлығы неше құс ұшып жүр? (4)

  5. Алма ағашында 10 алма өсті, ал ақ талда одан 2 алма кем. Ақ талда неше алма өсті? (0)

  6. Атаның Айжан деген немересі,Марғау деген мысығы және Ақтөс деген иті бар.Әженің неше немересі бар? 1

  7. Тәрелкеде үш қияр мен 3 алмұрт жатыр.Тәрелкеде неше жеміс бар? 3

  8. Кіреберісте алты аяқкиім тұр.Бөлмеде неше бала ойнап жүр? 3




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет