(Ұ) «Қазақстан барсы» мульфильм тамашалау және талқылау.
Барыстың жеңіске жетуіне қандай қасиеттері ықпал етті деп ойлайсыңдар?
(Ж,Т) Өз денсаулығыңды жақсарту үшін қандай жаттығулар орындайсың? Күнделікті жаттығу орындауға қанша уақыт бөлесің? Қандай спорт үйірмесіне қатысасың немесе қатысқың келеді? Неліктен бұл спорт түрін таңдадың?
Қай спортшыларға ұқсағың келеді?
(Т) Әр топқа спорт және спортшылар туралы жазылған газет, журналдар, суреттер таратып беріңіз. Оқушылар коллаж жасасын және өз жұмыстарына ат қойсын, сонымен бірге спорт тақырыбына жазылған әр түрлі цитаталармен, мақал-мәтелдермен және суреттермен толықтырсын. Мағынасын сынып алдында түсіндіреді.
Дескриптор:
дені сау болу үшін үйде және мектепте дұрыс тамақтану ережелерін қарастырады.
гигиена «Өзім туралы», «Менің мектебім» және «Бізді қоршаған әлем» тарауын толықтырады.
дұрыс тамақтану және салауатты өмірдің маңызды екендігін талқылай алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
(ОТ) Оқушыларға шағын зерттеу жүргізуге уақыт беріңіз. Оқушылар сыныптастарының спорттың қай түрімен айналысатынын сұрап, мәліметті өзіне белгілеп алады. Оқушылар зерттеу нәтижесін шығарады, олар ер балалар арасында спорттың қандай түрлері кең таралғандығын, сол сияқты қыздар арасында қайсысы басым екендігі туралы нәтижені хабарлайды. Жұмыс нәтижесін диаграмма түрінде көрсете алады.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмаларына арналған сұрақтар.
|
Сергіту сәті
2мин
|
Сергіту сәті. Мен қазақпын.
|
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |