Сабақ тақырыбы: Менің күн тәртібім Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/3
Дата04.12.2023
өлшемі268.26 Kb.
#485360
түріСабақ
1   2   3
Сабақ жоспары Менің күн тәртібім 3сынып

Бағалау критерийлері

1.Айтылым, оқылым бойынша нұсқауларды орындау


2. Тақырып бойынша сұрақтар құрып, жауап беру
3.Септік, тәуелдік жалғауларын жалғап үйрену.

Лексикалық минимум

Күн тәртібі, таңғы, түскі, кешкі ас.

Грамматикалық минимум

Тәуелдік жалғау
Менің күн тәртіб+ім; сенің күн тәртіб+ің; сіздің күн тәртіб+іңіз; оның күн тәртіб+і

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын ұстануды, уақытты бағалауды дәріптеу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім



Ерте ұйықтаймын.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері



Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет





Ресурстар

Сабақтың басы



«Ертеңгілік шеңбер»
Мұғалім оқушылардың зейінін аудару мақсатында оларды ортаға шақырып сұрақ қояды олар жауаптарын әр түрлі қимыл –әрекеттер арқылы көрсетеді.
-Кім бүгін сабаққа тамаша көңіл-күймен келді?(бас саусағын жоғары көрсетеді)
-Кім өзін жақсы дос деп санайды?(бастарын сипайды)
-Кім таңғы асына риза?(іштерін сипайды)т.с.с

Сурет бойынша сабақтың тақырыбын болжайды.
Сабақтың мақсаттары айқындалады
-Күн тәртібі туралы сұхбаттасып, әңгіме құрамыз.



(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту:
Күн тәртібі, таңғы, түскі, кешкі ас.

Сөздердің мағыналарын суреттер арқылы меңгерту


2. Дұрыс айтуға дағдыландыру
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
- дұрыс айтуға дағдыланады: күн тәртібі;сабақ оқимын- (сабағ-оқыймын);таңғы ас( таңғас); түскі ас(түскас); кешкі ас( кешкі ас)
3.( Т)Сөйлемдер құру. Оқылым .жазылым
«Кім жылдам»ойыны
Оқулық бойынша 1 тапсырма.Белгілі уақыт аралығында сөйлемдер құрап жазады.
Дескриптор:

  1. Тапсырма бойынша 3-4сөйлем құрайды

  2. Тірек сөздерді пайдаланып топтар бір-біріне сұрақтар қояды. (Сағат нешеде?

Не істейсің?)
Кері байланыс «Сөйлемді толықтыр» жаттығуы.
Мұғалім: - Мен таңертең ..... ішемін, түсте ... ішемін, кешке ... ішемін. Менің ... тәртібім бар.
4.Сергіту сәті: “Еден-төбе-мұрын” ойыны: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап,қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
5.(Ж) Оқылым 2 тапсырма . Кезекпе-кезек мәтінді оқиды. Бір –біріне сұрақтар қояды
(Ж) Өз күн тәртіптерін құрастырады.Құрастырып болған соң, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып айтады.
6.(Ұ)Айтылым 4 тапсырма Суреттерге қарап, досының күн тәртібі туралы сұрайды. «Тізбекпен»орындайды (Бір оқушы бастап келесі оқушыға сұрақ қояды, Келесі оқушы жауабын айтып, тағы бір оқушыға сұрақ қояды)
Дескриптор: Қойылған сұрақтарды түсінеді. Сұхбаттастарының сұрақтарына жауап береді.
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды;
- сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады




Сабақтың соңы

Рефлексия

«Плюс», «минус», «қызықты» жаттығуы топтар үш бағанды плакатты толтыруы арқылы сабақтың қорытындысын жасайды.


Үйге тапсырма:77б, 4 тапсырма жазбаша.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет