Сабақ тақырыбы Модуль /пән атауы : Ұйымның жергілікті есептеу желісі мен серверлік жабдықтарын монтаждау және қызмет көрсету



бет2/5
Дата26.09.2023
өлшемі99.07 Kb.
#478704
түріСабақ
1   2   3   4   5
Статикалық маршрутизациялау

Жұмыс тапсырмасы
1 RIP хаттамасы негізінде динамикалық маршрутизацияны құру.
2 Шартты түрде таңдалған тұйық желі үшін статикалық маршрутизацияны құру.
3 Үнсіздік бойынша (маршрут по умолчанию) маршрут құру.
4 Маршрутизаторлар арасында желі жұмысын тестілеу және зерттеу.
5 RIP хаттамасының жұмыс ерекшеліктерін анықтау.
6 RIP хаттамасын алып тастап, оның орнына OSPF байланыс арнасы жағдайының хаттамасын құру.
7 Маршрутизаторлар арасында желі жұмысын тестілеу және зерттеу.
8 OSPF хаттамасының жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтау және жұмыс істеу кезіндегі өзгерісін RIP хаттамасымен салыстыру.
9 Telnet командасының көмегімен көршілес маршрутизатормен қашықтан байланысты орнату және көршілес маршрутизатордың конфигурациясына кейбір өзгерістерді ендіру.
2 Әдістемелік нұсқау
1 IP маршрутизация процесі.
1 суретте маршрутизацияның қарапайым сұлбасы көрсетілген.

1 сурет
IP маршрутизация, әлде бір желіде орналасқан хосттан бір немесе бірнеше маршрутизаторлар арқылы басқа желіге тиесілі қашықта орналасқан хостқа мәліметті беру процесі. Дестені беретін жолды маршрутизатор маршрутизациялау кестесі бойынша анықтайды. Егер маршрутизациялау кестесінде дестені алатын желі туралы мәлімет болмаса, онда ол белгіленген қалыпты жағдайда таңдалған желіге бағытталады.
2 Динамикалық маршрутизация.
Динамикалық маршрутизация желінің топологиясында, құрылымында болған кез-келген өзгерісті автоматты түрде анықтаудан тұрады. Динамикалық маршрутизация Routing Information Protocol (RIP), Open Shortest Path First (OSPF), Interior Gateway Routing Protocol (IGRP), Enhanced Interior Gateway Routing Protocol (EIGRP)) маршрутизациялау хаттамаларын қолдануға негізделеді, олардың негізгі мақсаты – маршруттық кестені толығымен немесе оның бір бөлігін тарату табылады.
RIP хаттамасының құрылымы.
RIP қашықтық векторы бойынша маршрутизациялау хаттамасын бейнелейді, ол транзиттік бөліктер саны ретінде маршруттық шығындарды анықтайтын кластық принципке негізделген. RIP жаңарту жайлы хабарды тұрақты интервалмен және желі топологиясының өзгерісі кезінде таратады.
Маршрутизаторда RIP хаттамасын қосу үшін RIP хаттамасын бірінші маршрутизатор конфигурациясына енгізу қажет, ал сосын қай желіде жұмыс істейтінін көрсету керек. Мысалы, егер 172.16.0.0 желісі үшін RIP-ті орнату керек болса, онда конфигурация режимінде келесіні енгізу керек:
Router(config)#router rip
Router(config-router)#network 172.16.0.0.
3 Статикалық маршрутизация.
Статикалық маршрутизация кезінде кестелер қолмен құрылады және жаңартылады. Мұндай маршрутизация кезінде маршруттың өзгерісі басқа маршрутизаторларға бұл жағдай жайлы автоматты хабарлауды іске асырмайды. Мұндай өзгерістер кезінде администратордың өзі керекті модификацияларды маршруттық кестеге ендіруі керек.
Статикалық маршрутты баптау үшін конфигурациялау режимінде орындалатын ip route командасы қолданылады:
ip route желі маска адресс/интерфейс [қашықтық],
мұнда: желі- қабылдаушының желісі немесе ішкі желісі (subnet); маска – желіасты маскасы; адресс – десте жолындағы келесі нүктесіндегі маршрутизатордың ІР-адресіинтерфейс – дестені алушының желісіне кіру үшін қолданылатын интерфейс; қашықтық – административті қашықтық.
Мысалы, 172.16.40.0 адресті қашықтық желіге статикалық маршрутты орнату үшін келесі команданы енгізу керек:
ip route 172.16.40.0 255.255.255.0 172.16.20.2
немесе
ip route 172.16.40.0 255.255.255.0 serial0.
Осылайша, маршрутизатор 172.16.40.0 желісіне арналған дестені қабылдаған кезде, келген дестені IP-адресі 172.16.20.2 болатын маршрутизатормен байланысқан өзінің serial0 интерфейсі арқылы бағыттау керектігін біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет