Сабақ Тақырыбы: «Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті. Рационал бөлшекті қысқарту»



Дата17.07.2016
өлшемі82 Kb.
#206434
түріСабақ
6 орта мектебі
«Ш. Уалиханов» орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті.

Рационал бөлшекті қысқарту»


Мұғалім: Егенбай Г.Е
Алгебра - 7 «А» сыныбы

2015ж
Сабақтың тақырыбы:

«Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті.

Рационал бөлшекті қысқарту»

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Рационал бөлшектер , яғни алгебралық бөлшектерге амалдар қолдануды, рационал бөлшектер қысқартуды үйрету.

Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Рационал бөлшектер қысқартуды кезінде алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер:

а) Түсіндірмелі-көрсетілімді.

ә) Миға шабуыл.

б) Өз шешімдерін ұсыну, сұрақ-жауап және талдау. 



Сабақтың типі: Меңгерген білімдерін практикада қолдануға бағытталған дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, белсенді тақта, слайдтар, бағалау парағы, сызбалар.


Сабақтың барысы:





  • Ұйымдастыру (2мин)

  • Үй тапсырмасын тексеру (5мин)

  • Жаңа сабақты оқушыларды үш топқа бөлу арқылы түсіндіру (10 мин)

  • Дидактикалық ойындар (5мин)

  • Жаттығу жұмыстары. А,В деңгейінің тапсырмалары (15мин)

  • Сабақты қорытындылау (5мин)

  • Үйге тапсырма (1мин)

  • Бағалау (2мин)


Жүректен – жүрекке, жылы лебіз білдіру

Өткенді саралау

Екі өрнектің айырымының кубы

формуласымен өрнектеледі.



Екі өрнектің айырымының кубын табу үшін бірінші өрнектің кубынан үш еселенген бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің көбейтіндісін азайту керек және оған үш еселенген бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратын қосып, одан екінші өрнектің кубын азайту керек.

2) Екі өрнектің квадраттарының айырымы -
олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.

  1. Екі өрнектің қосындысының квадраты деп?

бірінші өрнектің квадратына, плюс екі еселенген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің квадратына тең.


Жаңа сабақ.

Рационал өрнектер. Құрамында айнымалылары бар өрнектерді

бүтін өрнектер деп атаймыз. Мысалы:
Ал - мұндай, құрамында

айнымалысы бөлімінде кездесетін бөлшектері бар өрнектер бөлшек өрнектер деп аталады. Жалпы алғанда бүтін және бөлшек өрнектерді рационал өрнектер деп атайды.

Бөлшек өрнектердің айнымалыларының кейбір мәндерінде мағынасы болмауы да мүмкін. Мысалы:
a = 0 болғанда мағынасы жоқ.



  1. түріндегі өрнекті рационал бөлшек деп атайды,

мұндағы а мен в – рационал өрнектер. Мысалы:


Бөлшекті қысқарту дегеніміз-бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей көбейткішке бөлу екені белгілі.

Рационал бөлшектерді қысқарту кезінде өрнектерді түрлендірудің әр түрлі тәсілдері,оның ішінде,қысқаша көбейту формулалары қолданылады.
2-мысал. өрнегін қысқартайық.
Шешуі. Алымы мен бөлімін көбейткіштерге жіктейік.
прямая соединительная линия 12 Жауабы:


  1. «Талдау» тапсырмалары

  2. «Жыйнақтау» тапсырмалары

3. «Қолдану» тапсырмалары

Оқулықтан төмендегі тапсырмаларды орында :

470 (8, 9);



476 (1, 5).


Сабақты қортындылай:

1. Рационал бөлшек дегеніміз не?

2. Натурал а, в және с сандары үшін қандай теңдік орындалады?

3. Теңбе-теңдік деп ?


  • Үйге тапсырма: 111 беттегі № 477 есеп.

  • Бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет