Сабақ тақырыбы Сандық тізбек. Математикалық индукция әдісі



бет1/2
Дата28.11.2019
өлшемі117.42 Kb.
#447596
түріСабақ
  1   2
3-сабак Сан тiзбегi. Мат индукция әдісі


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тізбектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сандық тізбек. Математикалық индукция әдісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.3.1 сандар тізбегі туралы түсінік болу;

9.2.3.2 тізбектің n-ші мүшесін табу, мысалы:;

9.2.3.3 математикалық индукция әдісін білу және қолдану


Сабақ мақсаттары

Оқушылар білетін болады:

  • негізгі ұғымдарды («тізбек», «тізбектің n-мүшесі», индукция және дедукция, индукция базасы);

  • тізбек элементтерін оның n-мүшесі формуласының көмегімен табуды және керісінше, берілген формула бойынша тізбектің n-мүшесін анықтауды;

  • математикалық индукция әдісін;

  • алған білімдерін есеп шығаруда қолдануды.

Жетістік критерийлері

Оқушы:

  • сандық тізбек анықтамасы мен оның берілу тәсілдерін біледі;

  • тізбекті аналитикалық түрде, яғни формуламен бере алады;

  • аналитикалық түрде берілген тізбектің кез келген мүшесін таба алады;

  • математикалық индукция әдісінің мәнін түсінеді және оны тізбектер үшін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- теориялық материалды ауызша қайталауда сөйлемдерді толықтырады;

- математикалық индукция әдісімен дәлелдеу туралы талқылау жүргізеді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Талқылаудың дедуктивті әдісі, талқылаудың индуктивті әдісі, толық/толқ емес индукция; қатаң дәлелдеу, гипотеза...



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Тізбектің n-ші мүшесінің формуласын табу үшін ... керек.

- Математикалық индукция әдісі ... қолданылады.


Құндылықтарды дарыту

Оқи алу дағдысы, өздігімен ақпарат іздестіру, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қоя және оларды шеше білу, топта, жұпта жұмыс жасау, өз уақытын тиімді ұйымдастыра білу, өз жұмысының сапасына жауап беру.

Аталған құндылықтар сабақта жоспарланған жұмыстар арқылы орындалады.



Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта тізбеектердің экономикалық үрдістердегі қолданысы көрсетілген (қолданбалы есеп).

Бастапқы білім

Тізбек, тізбектің n-ші мүшесінің формуласы, тізбектердің берілу түрлері, математикалық индукция әдісі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақ

басы


0-6 мин


1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Үй тапсырмасын тексеру.



Белсендіру

Оқушыларға жұптарда өткен сабақтың негізгі ұғымдарын «Сөйлемді жалғастыр» түрінде қайталауды ұсыныңыз. Мысалы, «Тұжырымды дәлелдеу үшін ... керек», «тізбектің n-ші мүшесінің формуласын анықтау үшін ...»





Ортасы

7– 11 мин


12 – 30 мин

31 – 38 мин



Қолданбалы есеп. Жұптардағы жұмыс

Оқушылар 1-қосымшадағы күнделікті өмірмен байланысты тапсырманы талдап, орындаулары керек.

Мұғалім жұмысты қадағалайды, нәтижелерін жұптарда немесе кіші топтарда тексеруді ұйымдастырады. Нәтиже талқыланады.
Қайталау. Математикалық индукция әдісі. Миға шабуыл.

Математикалық индукция әдісін қолдануға есептер шығару (тізбектер, бөлінгіштік, теңсіздіктер).

Мұғалім миға шабуыл түрінде бірігіп шешуді ұйымдасытрады.
Жаттығу тапсырмалары. Саралап оқыту. Жеке жұмыс.

Оқушыларға жеке жұмыс үшін тапсырмалар деңгейін өздеріне таңдатыңыз.

Тапсырмалар келесі тақырыптар бойынша қайталау және өз-өзінің білімдері мен дағдыларын бағалау бағытталған: «Тізбектер», «Математикалық индукция әдісі».

Уақытпен шектеңіз. Қиындық туғызған тапсырмаларды оқушылармен бірігіп талқылаңыздар.



1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша
М.Л. Галицкий, А.М. Гольдман, Л.И.Звавич, «Сборник задач по алгебре 8-9» М.:Просвещение 2001г.


Сабақтың соңы

39 - 40 мин



Сабақ соңында оқушыларға келесі сұрақтардың жауабын стикерлерге жазуды ұсыныңыз: «Бүгін алған білімдеріңізді қайда қолдана аласыздар?»
Мұғалім үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқаулар береді.

4-қосымша



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мұғалім оқушыларға есеп шығару барысында жеке көмек көрсетеді. Тапсырмалар қиындық деңгейінің өсу ретімен таңдалған.

1. Жалпы сыныппен әңгімелесу кезінде мұғалім оқушылардың жаңа терминдер мен ұғымдарды түсінуін, жаңа материалды саналы түрде ұғынуын бақылайды;

2. Жұптарда өзара бағалау жүзеге асады;

3. Сабақ соңында оқушылар сабақ мақсаттарына жету бойынша рефлексия жасайды.

Үзіліс уақытында оқу кабинетін желдетіп алу керек. Парталар мен орындықтардың дұрыс орналасуына назар аудару керек.



1-қосымша. Қолданбалы есеп

Қала ортасындағы автотұраққа машинаны қою үшін жасалатын төлемақы келесідей есептелінеді: бірінші сағат үшін 200 теңге, ал әр келесі сағат үшін (толық немесе толық емес) автоиеленуші 120 теңге төлейді. Кестені толтырып, n сағат үшін төлейтін соманы есептейтін формуланы жазыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет