Сабақ тақырыбы Үшбұрыштар теңсіздігі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет3/7
Дата09.08.2023
өлшемі309.44 Kb.
#476022
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Үшбұрыштар теңсіздігі 7 сынып геометрия

1-практикалық тапсырма
Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын, ой қозғау мақсатында оқушыларға «Ойлан, топтас, бірлес» әдісі бойынша 4 топқа әртүрлі бұрыштардың кесіндері бар үлестірмелерді таратамын, қабырғалары мен бұрыштарын өлшеуді, үлкен қабырғасын, үлкен бұрышын табуды ұсынамын және қабырғалары мен бұрыштардың қатынастары туралы болжам жасауын сұраймын.
Мақсаты:Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қарама-қарсы жатқан бұрыштардың өлшеміне тәуелділігін айқындау.


Теориялық бөлім.


1 теоремаҮшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады және керісінше, үлкен бұрышына үлкенқабырғасықарсы жатады.

1-сурет
АВС үшбұрышында АС қабырғасы АВ қабырғасынан үлкен болсын.
∠В > ∠С теңсіздігі орындалатынын дәлелдейік.
Ол үшін АС-ның бойына АВ-ға тең ADкесіндісін өлшеп саламыз.

2- сурет
орындалады. AD=ABСондықтан ∠1 ∠В бұрышының бөлігі болып табылады және ∠1<∠В.
Ал ∠2 BDC үшбұрышының сыртқы бұрышы болғандықтан, ∠2=∠С+∠DBC теңдігі орындалады. ∆ABD теңбүйірлі үшбұрыш болғандықтан, ∠1=∠2. Олай болса, ∠В>∠1=∠2>∠C теңсіздігі орындалады.
Керісінше, АВС үшбұрышында ∠В >∠С теңсіздігі орындалсын.
Онда АС>АВ теңсіздігі орындалатынын көрсетейік.Қарсы жорып, бұл теңсіздік орындалмайды делік.Онда не АС=АВ, не АС<АВ болуы керек.Егер АС=АВ болса, онда ∆АВС теңбүйірлі үшбұрыш болып, ∠В=∠С теңдігі орындалар еді, бұл ∠В<∠Стеңсіздігіне қарсы келеді.Егер АС<АВ болса, онда дәлелдегеніміз бойынша ∠В<∠С теңсіздігі орындалуы қажет, бұл да ∠В>∠С теңсіздігіне қарсы келеді.
Онда біздің қарсы жоруымыз қате, яғни АС>АВ теңсіздігі
Теорема дәлелденді.


2-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі. Жеке жұмыс.
Суреттер бойынша анықтаңыз:

Үлкен бұрыш_________ Үлкен бұрыш_________


Кіші бұрыш_________ Кіші бұрыш_________



Үлкен қабырға_________ Үлкен қабырға_________


Кіші қабырға _________ Кіші қабырға _________


Дескриптор:
- үлкен бұрышты анықтайды;
- кіші бұрышты анықтайды;
- үлкен қабырғаны анықтайды;
- кіші қабырғаны анықтайды

http://festival.1september.ru/articles/311585/



Bilimland.kz


Сабақтың ортасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет