Сабақты бекіту: «Дұрысын тап» ойынын ойнату.
Ойын шарты: Сұрақтың дұрыс жауабын анықтау.
1) Теріге қышқыл ерітіндісі тигенде қандай затпен бейтараптайды?
А) ас содасы; В) ас тұзы; С) натрий карбонаты;
2) Қышқылдық ортада лакмустың түсі қалай өзгереді?
А) қызарады; В) көк; С) түссіз;
3) Сілтілі немесе негіздік ортада фенолфталеиннің түсі қалай өзгереді?
А) көк; В) таңқурай; С) сары.
Жаңа тақырып бойынша мына тапсырманы орындайық . Мына металдарды K, Hg, Ni, AI, Fe, Pt, Pb, Na, Cu, Sn, Ag, Mg, Au. 2 бағанға бөліп жазыңдар:
Қышқыл ерітіндісінен сутекті ығыстыратын металдар:
|
Қышқыл ерітіндісінен сутекті ығыстырмайтын металдар:
|
|
|
Оқушылар ауызша орындайды. Жауап берген оқушыларды мадақтау және бағалау. Әр топқа алдарына «Білім ағашы» беріледі. Әр оқушы осы білім ағашында білім деңгейлерінің қай деңгейде тұрғанын анықтайды. Әр топтан бір оқушы тақтада қорғайды. Әр топта қанша смайлик жинағандары бойынша сабаққа қай топ белсенді қатысқанын анықтаймыз.
|
|