Сабақ Тақырыбы: Үстел теннисі Дайындаған: Бейсенгалиев Бауыржан Жасталапович



бет3/3
Дата03.01.2022
өлшемі302.67 Kb.
#451187
түріСабақ
1   2   3
Үстел теннисі

Ракетканы ұстау тәсілдері

а-тігінен, б-көлденең

4. Шабуылдау тәсілі. Аяқ,қол қимылы. Қалыпты жағдай.Ыңғайлы қолдарын көтеріп,бір қадам алға, Қайта бастапқы қалыпқа келу. Қорғану тәсілі. Бастапқы қалып.Аяқты бір адым артқа қою және бастапқы қалыпқа келу.



5. Қиып алу тәсілі. Бастапқы жағдайы.Артқа шегіну,алу және қалыпқа келу т.б жаттығулар

     

а

   

б

оң жақтан қию

а - бүйірден қаралған көрініс, б - алдынан қаралған көрініс

     

а

   

б

сол жақтан қию

а - бүйірден қаралған көрініс, б - алдынан жоғарыдан қаралған көрініс

Қиып тастау (Срезка) қиып алу тәсілі секілді орындалады, тек үстелдің үстінде немесе үстелден жақын арақашықтықта және қысқа қиып тастауда қолдың қимыл - қозғалысында орындалады. Ойында бұл техникалық тәсіл дайындық ретінде қолданылады және шығып көтеріліп келе жатқан допқа қарсы жақын қашықтықта орындалады.

Накат – жақсы дайындалған техникалық тәсілдің бірі болып табылады, оны барлық теннисистер меңгеруі қажет. Накат қолдың алға – жоғары – жан – жаққа (оңға және солға) қимыл – қозғалыстар жасау арқылы орындалады. (сурет. 33, 34). Иық алға бір мезгілде жоғары қозғалады. Қол білезігінің бұрылу мәнері арқылы ракетка допты үстіңгі бетінен жасырады. Допқа жоғарғы жағынан айналып алға түсетін серпін беріледі. Дене салмағы артта тұрған аяқтан алдыда тұрған аяққа ауыстырылады. Қолдың қозғалысы дененің бір мезетте бұрылумен орындалады. Соққы доптың жоғарғы – бүйір бөлігіне жасалады.


   

Оң жақтан накат әдісін қолдану

   

Сол жақтан накат әдісін қолдану






Свеча: а-оң жақтан, б-сол жақтан



Свеча – тәсілі бұрын күшті соққылардан қорғану тәсілі ретінде қолданылған болатын. Қазіргі таңда свеча тәсілі – тиімді, нәтижелі қорғаныс тәсілі болып табылады, оны қарсыласын қолайлы позициядан, тұрыстан шығару үшін қолданады. Спортшы допты төменнен-жоғары – алға, допты жоғары айналдыра және үстелдің әр бағытына соққы бағыттайды. Қол белден сәл төмен орналасқанда, доп ракеткаға қабылданады.

4. Сабақты бекіту және бағалау (3-5 мин)

- оқушылардың демін қан соғысын қалыпқа келтіру жаттығуы.Спортзалды жаяу жүріспен айнала отырып демді жұту және шығару1Аяқты көтеру қолды жоғары көтергенде демді жұту.2Өкшемен қолды бірдей төмен түсіргенде демді шығару

- оқушылард сапқа тұрғызу.

- жаңа сабақты 3-4 оқушыдан сұрап, қорытындылау.

- оқушылардың өз – өздерін бағалау.

5. Үй тапсырмасы

- үйге тапсырма жаңа сабақ.



- оқушылармен қоштасу.

ҚОРЫТЫНДЫ:

  • Оқушылар теннис ойыны туралы жан-жақты толық мағлұмат алды;

  • Оқушылардың спортқа деген қызушылығы арта түсті;

  • Шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, алдына мақсат қоя білуге дағдыланды;

  • Жеңіске жете білуге ұмтылып, жолдастық қарым- қатынас қалыптасты;

  • Ойлау, есте сақтау қабілеттері дами түсті;

  • Қимыл- қозғалыс қабілеттері дамып, белсенді болу, өмірге қажетті дағдыларды қалыптастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет