моляльды концентрациясы;
қалыпты концентрациясы;
массалық үлес.
10. 1М С6Н1206 және 1M C12H22O11 ерітінділері үшін осмостық қысымының шамасы:
А)РС6Н12О6 › Р С12Н22О11
-
Р С6Н12О6 < Р С12Н22О11
-
Р С6Н12О6 = Р С12Н22О11
№4 сабақ
Тақырыбы: Әлсіз және күшті электролит ерітінділерінің теориясы. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш
Мақсаты: Студент қышқылдар мен негіздердің теорияларын білуі қажет, сонымен бірге, ағзадағы химиялық тепе-теңдік пен үдерістердің негізгі түрлерін білуі қажет.
Оқыту мақсаты: Бұл тақырып бойынша білім дәрілік заттар технологиясын, фармацевтикалық химия, фармакогнозия, физиология сияқты пәндерді оқу үшін, изотонды және гипотонды дәрілік заттарды дайындау тәжірибесінде қажет.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Әлсіз электролиттер үшін Оствальдтың сұйылту заңы.
-
С.Аррениустың теориясы. Әлсіз электролит ерітінділеріндегі тепе-теңдік.
-
Диссоциацияның термодинамикалық тұрақтысы. Активтілік, активтілік коэффициенті. Ерітіндінің иондық күші.
-
Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш.
-
Күшті электролиттер ерітінділері. Дебай мен Хюккельдің электростатикалық теориясы.
Білім берудің және оқытудың әдістері: семинар, шағын топтарда жұмыс жасау, есептер шығару, оқыту тесттері, тест-бақылау.
Әдебиеттер:
-
Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Төребекова Г.А. «Физикалық және коллоидттық химия». Шымкент -2010.
-
Евстратова К.И. Физическая и коллоидная химия. М., ВШ. 1990, с.74-84.
-
Даниельс Ф., Олберти Р. Физическая химия. М., «Мир», 1978
-
Ленский А.С. Введение в бионеорганическую и биофизическую химию, М., ВШ. 1989.
-
Патсаев А.К., Шитыбаев С.А., Нарманов М.М. Руководство к лабораторно-практическим занятиям по физколлоидной химии 1-часть. Шымкент, 2002г., с.30-36.
Бақылау:
-
[H+]=10-3 моль/л, рОН мәні:
А) pOH=7
В) рОН=9
С) рОН=3
Д) рОН=13
Е) рОН=11
-
рН мәнін 3 есе арттырғанда ерітіндідегі сутек иондары концентрациясының өзгеруі:
А) 100 есе көбейады
В) 100 есе азайады
С) 1000 есе азайады
Д) 1000 есе көбейады
Е) 10 есе азайады
-
[Н+]=1*10-8 моль/л, [ОН-] концентрациясы:
А) 1∙10-8
В) 1∙10-4
С) 1∙10-5
Д) 1∙10-6
Е) 1∙10-2
-
Оствальдтың сұйылту заңы мына ерітінділерге пайдаланылады:
А) электролиттер
В) әлсіз электролиттердің сұйылтылған ерітінділері
С) электролиттердің сұйылтылған ерітінділері
Д) электролиттердің концентрленген ерітінділері
Е) электролиттердің қаныққан ерітінділері
-
Диссоциациялану дәрежесінің өрнегі:
А) =n(диссоциацияланған молекула саны)/n(молекулалардың жалпы саны)
В) =n(молекулалардың жалпы саны)/n(диссоциацияланған молекула саны)
С) = n (жалпы саны) /n (иондар саны)
Д) = n (иондар саны)/n (жалпы саны)
Е) = n (иондар саны)
-
Ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясы 10-2 моль/л, рН шамасы тең болады:
А) рН=12
В) рН=3
С) рН=1/2
Д) рН=0,2
Е) рН=2
-
рН=3, сутек иондары концентрациясы тең болады:
А) [H+]=10-3
В) [H+]=103
С) [H+]=1013
Д) [H+]=105
Е) [H+]=10-11
-
0,001М құмырсқа қышқылының (=0,1) рН шамасы тең:
А) 4
В) 6
С) 3
Д) 2
Е) 5
-
1л суға 10-2моль NaОН қосқанда, судың рН шамасы:
А) 5 бірлікке өседі
В) 2 бірлікке өседі
С) 2 екі бірлікке азаяды
Д) 5 бірлікке азаяды
Е) 3 бірлікке азаяды
-
Бір негізді әлсіз қышқылдың диссоциациялану дәрежесі 0,2н ерітіндіде 0,03-ке тең, сонда ерітінді рН шамасы тең:
А) 6,4
В) 2,22
С) 3,2
Д) 7
Е) 8
-
Егер 1л ерітіндіге 10-2 моль HCl қосса, онда судың рН шамасы:
А) өзгермейді
В) 2 бірлікке өседі
С) 2 бірлікке азаяды
Д) 5 бірлікке өседі
Е) 5 бірлікке азаяды
-
Егер 0,2М НСІ ерітіндісін 2 есе сұйылтса, онда оның рН мәні:
А) 0,3 есе азаяды
В) 2 есе азаяды
С) 1-ге артады
Д) 2 есе артады
Е) 0,3 артады
№5 сабақ
Тақырыбы: Бинарлы жүйелердің өзара ерігіштік диаграммасын анықтау
Мақсаты: Әртүрлі құрамды шекті еритін қоспалардың гомогендену және гетерогендену температураларын анықтау.
Оқыту мақсаты: Бинарлы сұйықтықтардың және күрделі қоспалардың өзара ерігіштік диаграммалары сұйықтық қоспаларын әртүрлі әдістермен бөліп алудың теориясы мен практикасының негізінде жатыр. Сондықтан да, студенттерге бұл тақырыпты білу органикалық химия, дәрілер технологиясын оқығанда қажет болады.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сұйықтықтардың өзара ерігіштігінің қандай жағдайларын білесіңдер?
Ерудің жоғарғы және төменгі шекті (критикалық) температурасы дегеніміз не?
3. Алексеев ережесін түсіндіріңіз және оның анықтамасын беріңіз.
-
Сұйықтықтардың сұйықтықтардағы қандай ерітінділері идеалды деп аталады?
-
Рауль заңын тұжырымдаңыз және ол қандай ерітінділер үшін қолданылады?
-
Рауль заңынан оң және теріс ауытқулардың себептерін түсінді-ріңіз.
-
Коноваловтың 1 және 2-ші заңын тұжырымдаңыз және оны түсіндіріңіз.
Білім берудің және оқытудың әдістері: семинар, шағын топтарда жұмыс жасау, есептер шығару, оқыту тесттері, тест-бақылау.
Әдебиеттер
-
Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Төребекова Г.А. «Физикалық және коллоидттық химия». Шымкент -2010.
-
Евстратова К.И. Физическая и коллоидная химия. М., ВШ. 1990, с.85-93.
-
Киреев В.А. Краткий курс физической химии. М, Химия, 1978, 323-327
-
Патсаев А.К., Шитыбаев С.А., Нарманов М.М. Руководство к лабораторно-практическим занятиям по физколлоидной химии 1 часть. Шымкент, 2002г., с.23-27
Бақылау:
1. Бастапқы ерітіндіге қосқанда оның қайнау температурасын төмендететін немесе ерітінді үстіндегі жалпы қаныққан бу қысымын арттыратын компонент бу құрамында көп болады, бұл...:
А) Коноваловтың бірінші заңы
В) Генри заңы
С) Коноваловтың екінші заңы
Д) термодинамиканың бірінші заңы
Е) Рауль заңы
2. Бу қысымы қисығында максимумға қайнау температурасы қисығындағы минимум сәйкес келеді және бұл нүктеде ерітінді мен оның бу құрамы өзара тең.
, бұл:
А) Коноваловтың бірінші заңы
В) Генри заңы
С) Коноваловтың екінші заңы
Д) термодинамиканың бірінші заңы
Е) Рауль заңы
3. Ерітінділер үшін Рауль заңының түрі:
А) PА0- PА
---------- = NB
PА0
n2
В) ∆P = -----------
n1 + n2
С) P = CmRT
PА0- PА
Д) ------------ = NA
PА0
PА
Е) --------- = NB
PА0
4. Өзара еру диаграммасындағы жоғары критикалық (шекті) нүктедегі Гиббстің фазалар ережесінің түрі:
A) С=2-1+1;
B) С=2-1+2;
C) С=2-2+1;
D) С=2-2+2
5. Азотропты қоспаны оның құрамдас компоненттеріне мына жолмен бөлуге болады:
A) жай айдау;
B) ректификация;
C) су буымен айдау;
D) бөлшектік айдау.
№6 сабақ
Тақырыбы: Буферлі жүйелер. Зертханалық жұмыс «Буферлі ерітінділерді дайындау және қасиеттері»
Мақсаты: Буферлі ерітінділерді дайындауды, дайындалған ерітінділердің рН есептеуді үйрену, ерітіндінің буферлі сыйымдылығын қышқыл және негіз бойынша өлшеу.
Оқыту мақсаты: Тірі ағзаның буферлік жүйелері, қан және ұлпалық сұйықтықтардың рН тұрақтылығын қамтамасыз ететін, маңызды физикалық-химиялық жүйелердің бірі болып табылады. Буферлі ерітінділер ортаның рН-н тұрақты сақтау үшін қолданылады.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
рН -дегеніміз не?
-
Буферлі жүйелер, олардың жіктелуі.
-
Буферлік әсер деген не?
-
Буферлі ерітіндінің рН неге байланысты?
-
Ерітіндіге аз мөлшерде НС1 және NaOH қосқанда буферлік әсердің механизмі қандай ?
-
Буферлік сыйымдылық деген не?
-
Буферлік сыйымдылық кандай факторларға тәуелді?
-
Буферлі ерітіндіні сұйылтқанда оның буферлік сыйымдылығы мен рН мәні қалай өзгереді?
Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда жұмыс жасау, есептер шығару, зертханалық жұмыс, тест-бақылау.
Зертханалық жұмыс
«Буферлі ерітінділердің қасиеттері»
Тапсырма 1.
Буферлі ерітіндіні дайындау және буферлі ерітіндінің рН сұйылтудың әсерін анықтау .
Буферлі ерітінді дайындауға 0,1 н. СН3СООН және 0,1 н. CH3COONa ерітінділері алынады.
Үш пробиркаға 0,1н СН3СООН және 0,1н CH3COONa концентрацияларының арақатынасы келесідей болатын қоспаларды дайындау.
а) 9:1; б) 5:5; в) 1:9.
Дайындалған әр ерітінділердің жалпы көлемі 10 мл. Пробиркалардағы қоспаларды араластырыңыз. Әр пробиркадан 1 мл. ерітінді алып, оны таза пробиркаларға құйып, олардың әрқайсысына 8 мл.-ден су қосыңыз. Сұйытылған әр ерітіндіні араластырыңыз. Барлық дайындалған ерітінділерге 5 тамшы лакмоидтың спирттік ерітіндісін қосып, ерітінділерді араластырыңыз.
Ерітінді түстерін жазып, салыстырыңыз. Ерітіндідегі индика-тордың бірдей түсі нені білдіреді? Дайындалған ерітінділердің рН есептеңіз.
К • қышқыл
Мысалы: [Н+] = ; pH= - lg[H+]
тұз • α
Сірке қышқылының диссоциация тұрақтысы К= 1,86* 10-5 ; α =0,79
6 мл қышқылдан және 4 мл тұздан тұратын буферлі қоспаның [Н+] және рН мәндерін есептелік:
6
[Н+]= 1,86-10-5 • = 2,36 • 10-5 •1,89 = 3,53* 10-5 ;
4 • 0,79
рH=-lg3,53 •10-5
Бақылау мен есептеулердің нәтижссін кестеге енгізіңіз:
Пробирканың №
|
1
|
2
|
3
|
Буферлі ерітіндідегі қышқыл мен тұз концентрацияларының арақатынасы
|
9:1
|
5:5
|
1:9
|
Лакмоид ерітіндісі қосылғандағы ерітіндінің өзгерген түсі
|
|
|
|
Сұйылтылған буферлі ерітіндінің пробиркасының №
|
|
|
|
Сұйылтылған буферлі ерітіндідегі қышқыл мен тұздың арақатынасы
|
|
|
|
Лакмоид ерітіндісі қосылғандағы ерітіндінің өзгерген түсі
|
|
|
|
рН
|
|
|
|
2 тапсырма. Қышқыл мен негіздің буферлі ерітіндінің рН-на әсері
4 мл 0,1н ерітінді CH3COONa және 6 мл 0,1 н CH3COOН ерітінділерін араластырып, бірдей екі буферлі ерітінді дайындаңыз. Салыстыру үшін 10 мл-ден екі пробиркаға құйылған физиологиялық ерітінділер қажет. Барлық 4 пробиркаға 5 тамшыдан лакмоидтың спирттік ерітіндісін қосып, ерітінділерді араластырып, түстерін жазыңыз.
Физиологиялық ерітінділер түстерін буферлік ерітінділердің түстерімен теңестіріңіз. Ол үшін физиологиялық ерітінділерге 0,01н НС1 ерітіндісін тамшылатып, абайлап қосыңыз. Қышқылдың әр тамшысы қосылған сайын ерітінділерді араластырып тұрыңыз. Қандай мақсатпен буферлік ерітіндінің түсін физиологиялық ерітіндінің түсімен теңестіреді?
Буферлік ерітіндісі бар бір пробиркаға және физиологиялық ерітіндісі бар бір пробиркаға 5 тамшыдан 0,1н НС1. ерітіндісін тамызыңыз. Ерітінділерді араластырып, түстерін жазып алыңыз. Келесі екі пробиркаға тура солай, бірақ НС1 орнына NaOH ерітіндісін пайдаланамыз. Ерітінділерді араластырып, түсі қандай екенін жазыңыз. Физиологиялық ерітіндінің буферлік әрекеті байқалады ма? Жауабын түсіндіріңіз. Нәтижесін кестеге енгізіңіз:
Қолданылған ерітінді
|
Буферлі ерітінді
|
Физиологиялық ерітінді
|
Буферлі ерітінді
|
Физиологиялық ерітінді
|
5 тамшы лакмоид ерітіндісінен кейінгі түсінің өзгеруі
|
|
|
|
|
0,01н НС1 ерітіндісін қосқанда түсінің өзгеруі
|
|
|
|
|
0,1н НС1 ерітіндісін қосқанда түсінің өзгеруі
|
|
|
|
|
0,1н NaOH ерітіндісін қосқанда түсінің өзгеруі
|
|
|
|
|
Тапсырма №3. Буфер ерітіндісінің сыйымдылығын өлшеу.
Колбаға рН=5, 10 мл. Буфер ерітіндісін құйып, оған 3 тамшы қызыл метил ерітіндісін қосамыз. 0,01 н NaOH ерітіндісін сары түсті ерітінді пайда болғанша титрлейміз рН=6. Төменде көрсетілгендей ацетатты қосылыстың буферлі сыйымдылығын есептейміз.
Мысалы, 10 мл буферлік қоспаны титрлеу үшін 4,8 мл негіз жұмсалды, онда 1 л қоспаны титрлеу үшін қанша көлемді негіз жұмсалады?
4,8 • 1000
V =………...= 480мл
10
Буферлік сыйымдылық және негіздің миллиграм-эквиваленттік саны-В, осы көлемдегі мына формуламен өрнектеледі.
B=N • V
Негіздің қалыптылығы немесе 1 мл-дағы саны (мг-экв) осы жағдайдағы N=0,1. В=0,1 ·480 = 48
Әдебиеттер:
1. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Төребекова Г.А. «Физикалық және коллоидттық химия». Шымкент -2010.
2. Евстратова К.И. Физическая и коллоидная химия. М., ВШ. 1990, с.128-131.
3. Киреев В.А. Краткий курс физической химии. М, Химия, 1978, 396-397
4. Патсаев А.К., Шитыбаев С.А., Нарманов М.М. Руководство к
лабораторно-практическим занятиям по физколлоидной химии 1-часть. Шымкент, 2002г., с.36-41.
5. Тест тапсырмалары.
Бақылау:
І.Буферлік жүйелерге жатады:
А) Н3Р04 + NaH2P04; В) физ. ерітінді;
С) Na2HP04 + NaН2P04; D) HC1 + CH3COONa
2. Буферлік жүйе:
-
әлсіз қышқыл және әлсіз негіз;
-
күшті кышқыл мен күшті негіз;
-
әлсіз қышқылмен кышқылдың тұздары және күшті негіздері.
3. Буферлік әсер:
А) Буферлік әсер сақталатын рН мәнінің интервалы.
B) күшті қышқыл мен күшті негіздің моль-экв саны, қосқан кезде рН-тың бірлікке озгеруі.
C) Күшті қышқылмен негіз қосқандағы және ажырауындағы рН сақталуы.
4.Буферлік жүйені ажыратқандағы, оның рН мәні
А)өзгермейді, себебі табиғи компоненттері өзгермейді.
-
өзгермейді, себебі рН жүйесі өзгермейді.
-
өзгермейді, себебі жүйенің компоненттердің концентрациясының қатынасы өзгермейді
5.Буферлік жүйелерге жатады:
A) NH4C1+NH4CI; В)қан; С) NaOH+НС1; D) физ.ерітінді.
6. Буферлер үшін сәйкес келтіріңдер:
-
6мл 0,1 н СН3СООН; 1. максималды В,
2мл 0,1 н CH3COONa; 2. максималды рН
-
5мл 0,1 н СН3СООН;
5мл 0,1 н СН3СООН; Жауабы: 1В, 2С
C)2мл 0,1 н СН3СООН;
8мл 0,1н СН3СООН;
7.Буферлік ерітіндінің рН неге тәуелді:
А) компоненттердің концентрациясына және табиғи компоненттерге;
В) компоненттерді;
-
қомпоненттер және олардың табиғатының қатынасы;
-
буферлік әсердік аймағына.
8. Ацетатты буфер 0,1н СН3СООН және 0,1н CH3COONa дайындалған.
Максималды буферлік сыймдылық компоненттердің қандай қатынасында
буферде болады :
А) 10:1; В) 9:2; С) 5:6; D)5:5.
9.Фосфатты жүйеде максималды буферлік сыйымдылық:
-
50мл 0,lн NaH2PO4;
50мл 0,lн Na2HPO4;
-
25мл 0,lн NaH2PO4;
25мл 0,lн Na2HPO4;
-
80мл 0,lн NaH2PO4;
20мл 0,lн Na2HPO4;
Д) 90мл 0,lн NaH2PO4;
10мл 0,lн Na2HPO4;
10.Аммиакты буфердің рН (NH4OH = 1,8· 10-5), аммиактан және аммоний
хлоридінен жасалған бірдей молярлы концентрациядағы қатынасы 1:9
болғанда:
А) 1,2; В) 5,7; С) 9,4; D) 12,6; Е) 7.1
11.50мл 0,2м NaH2PO4 дайындалған 20 мл 0,4 м Na2HPO4 (К (H2PO4- = 10-7)
болса, фосфатты жүйенің рН-ы:
Достарыңызбен бөлісу: |