Сабақ Теориялық білім мен іс-әрекетті қатар алып жүруге, білім алмасуына жағдай жасау



жүктеу 88.52 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі88.52 Kb.
Күні: 18.03.2015 жыл. Сыныбы:8 «Е» Пән мұғалімі: Ильясова Ләззат Бақтыбайқызы


  1. оқыту/оқудағы тәсіл

8-сынып оқушыларының мотивациясын арттырудағы кері байланыстың тиімділігі

  1. тақырып (оқу жоспарының бөлігі)

Тоқсандық қайталау

Салалас және сабақтас құрмалас сөйлем туралы білімдерін бекітуге қолайлы орта жасау



  1. оқытудың нақты нәтижесі

  • Оқушылардың тарауды қаншалықты меңгергендері анықталады.

  • Тақырыпқа қатысты түрлі тапсырмаларды орындауды қиындықсыз жүзеге асырады.

  • Өз бетінше ойлана отырып,топта постер құрастыру, салыстыру, ізденіс жұмыстарын жүргізе алады;




  1. Сабақ

  • Теориялық білім мен іс-әрекетті қатар алып жүруге, білім алмасуына жағдай жасау;

  • Оқушыларға өз беттерінше жұмыс жасауға мүмкіндік беру;

  • Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сауаттылыққа тәрбиелеу;

  1. Оқушылар үшін оқу нәтижелері(А)

А тобындағы оқушы берілген тапсырмаларды тегіс дерлік орындайды, топта белсене жұмыс жасайды, өз тұжырымын ортаға салып қорытады.

  1. Оқушылар үшін оқу нәтижелері (В)

В тобындағы оқушы тапсырмаларды орындауға қатысады, топта белсенділік көрсетеді, өз ойын ортаға шығарады.

  1. Оқушылар үшін оқу нәтижелері (С)

С тобындағы оқушы топтық жұмысқа қатысады, өз үлесін қосады, берілген сұрақтарға жауап береді, ойын ортаға шығарады.




Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу

  2. Ұйымдастыру

  3. Оқушыларды ұлттық үрдіс түрлеріне байланысты алты топқа бөлемін.

І топ. Ұлттық ойын

ІІ топ. Ұлттық тағам

ІІІ топ.Ұлттық дәстүр

ІҮ топ. Ұлттық ырым-тыйымдар

Ү топ. Ұлттық әшекей

ҮІ топ. Ұлттық киім



  1. Сабақ барысымен таныстыру

  2. Балалардың назарын сабаққа аудару

Сәлемдесу

Өздерін ретке келтіру

Оқушылар стикерлер арқылы топтарға бірігеді

Кітап, оқу құралдарын дайындыққа келтіру



«Қызығушылықты ояту» сатысы

Әр топқа жеке сөйлемдер беріп, оларға синтаксистік талдау жасату. Сөйлемнің түрі туралы постер құрату.Оқушыларға құралдарын тарату.

І топ. Ыңғайлас салалас.

Сөйлемнің айтылу түрі, құрылымы, мағыналық түрін ажыратыңыздар.

Ойын кезінде бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді, өмірден байқағандарын іске асырады, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді.

Ыңғайлас салалас сөйлем деген не?

Оның жасалу жолдары.

Байланысу түрлері.

Мысал келтір.

ІІ топ. Түсіндірмелі салалас.

Сөйлемнің айтылу түрі, құрылымы, мағыналық түрін ажыратыңыздар.

Елде не табылмайды: жазға қарай қымызға ауыз тисе-ақ қазақтар желіге бастайды емес пе?

Түсіндірмелі салалас сөйлем деген не?

Оның жасалу жолдары.

Байланысу түрлері.

Мысал келтір.

ІІІ топ. Қарсылықты салалас.

Сөйлемнің айтылу түрі, құрылымы, мағыналық түрін ажыратыңыздар.



Бұлар асығыңқырап отыр еді, сонда да апамның дастарқан жаюына, қымыз құюына қарсы болған жоқ.

Қарсылықты салалас сөйлем деген не?

Оның жасалу жолдары.

Байланысу түрлері.

Мысал келтір.



ІҮ топ. Кезектес салалас.

Сөйлемнің айтылу түрі, құрылымы, мағыналық түрін ажыратыңыздар.



Келешегі біресе мына қараңғы түндей қап-қара секілденеді, біресе жылтыраған бір жарық сәуле бар сияқтанады.

Кезектес салалас сөйлем деген не?

Оның жасалу жолдары.

Байланысу түрлері.

Мысал келтір.

Ү топ. Себеп-салдар салалас.

Сөйлемнің айтылу түрі, құрылымы, мағыналық түрін ажыратыңыздар.



Ұлттық киіміміз әлем халқының алдында ұлтымыздың ерекшелігін танытады, сол себепті оны қастерлеу, дамыту барлығымыздың міндетіміз болып табылады.

Себеп-салдар салалас сөйлем деген не?

Оның жасалу жолдары.

Байланысу түрлері.

Мысал келтір.

ҮІ топ. Талғаулы салалас.

Сөйлемнің айтылу түрі, құрылымы, мағыналық түрін ажыратыңыздар.



Байлықты не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

Талғаулы салалас сөйлем деген не?

Оның жасалу жолдары.

Байланысу түрлері.

Мысал келтір.


Оқушылар топта сөйлемді талдайды, ортаға шығып, жауабын айтады.

Сөйлемнің мағыналық түрлерін ажыратып, постер құрайды, ортада дәлелдейді.



Әр топтың жауабынан кейін топтың жұмысы «Бағдаршам» арқылы бағаланады

Оқушылар не қызыл, не сары, не жасыл түстерді көтеріп, бағаларын береді.

Қызыл – түсінбедім

Сары – әлі де сұрағым бар

Жасыл - түсіндім



«Мағынаны ажырату» сатысы

« Дөңгелек үстел» тәсілі бойынша «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбына әңгіме не мәтін құрастыру.

Мәтінде салалас құрмалас сөйлемдердің түрлері болуы міндетті.

Сөйлемдер бір-бірімен байланысып келуі керек.


Топ бірлесе отырып жұмыс жасайды. Тапсырманы тез орындауға, жылдам қимылдауға тырысады.

Әр топтың жұмысы «2 жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағаланады.

Әр топ оқылған мәтін бойынша екі жақсы ой айтады, яғни нені жақсы орындаған және бір тілек, яғни не толық айтылмай қалды, қандай ұсыныстары бар?

«Ойтолғаныс» сатысы

«Венн диаграммасын» құру.

І топ.Салалас құрмалас пен сабақтас құрмаласты салыстыру.

Ортада дәлелдеу.

ІІ топ. Қарсылықты салалас пен қарсылықты бағыныңқы сабақтасты салыстыру

ІІІ топ. Себеп-салдар салалас пен себеп бағыныңқы сабақтасты салыстыру

ІҮ топ. Ыңғайлас салалас пен қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты салыстыру

Ү топ. Талғаулы салалас пен шартты бағыныңқы сабақтаспен салыстыру

ҮІ топ. Кезектес салалас пен мезгіл бағыныңқы сабақтаспен салыстыру



Әр топ «Венн диаграммасын» құрып, топта талқылап, ортаға шығып дәлелдейді.


Бағалау

Оқушылардың суммативті бағалауымен өз бағасымен ортақ баға қояды.




Үйге тапсырма

Ереже дәптерлерін толықтырып жазу.

Құрмалас сөйлемнің түрлеріне байланысты мақал-мәтелдер теру.



Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Рефлексия

Сабақта не оңай болды?

Не қиын болды?

Сабақтан алған әсерлерін жазу үшін стикер тарату.


Сабақтан алған әсерлерін жазады, оқиды, тақтаға іледі.

2- САБАҚ


Күні: 19.03.15 жыл. Сыныбы: 8 «Е» Пән мұғалімі: Хамит Рая


a) Оқыту/

оқудағы тәсіл



8-сынып оқушыларының мотивациясын арттырудағы кері байланыстың тиімділігі.

b) Тақырып (оқу жоспарының бөлігі)

Квадрат теңсіздікті квадраттық функцияның графигі арқылы шешу.

c) Оқытудың нақты нәтижесі

  • Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады;

  • Топта салыстыру, зерттеу, ізденіс жұмыстарын жүргізе алады.

d) Сабақтың міндеттері

  • Квадрат теңсіздіктің түрлерін шешуде бір –біріне білім алмасуына жағдай жасау;

  • оқушыларға өз беттерінше жұмыс жасауға мүмкіндік беру;

  • Оқушыларды сыни ойлануға тәрбиелеу.

e) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (A)

  • Берілген барлық тапсырманы орындай алады.

  • Өз тобындағы оқушыларға көшбасшылық жасай алады.

  • Сыни тұрғыдан ойлана алады, есептерді шығару барысында дәлелдер келтіру шеберлігін көрсете алады.

f) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (B)

  • Барлық тапсырманы орындауға белсенділік танытады.

  • Тапсырманы шығару барысында, бағыт беруді қажет етеді.

  • Берілген тапсырманы орташа деңгейде меңгере алады.

g) Оқушылар үшін оқу нәтижелері (C)

  • Барлық тапсырманы толық меңгере алмайды.

  • Білім деңгейінің төмендігіне байланысты өзің көрсете алмайды.

  • Тапсырманы толық көшіріп алады.

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Оқушыларды квадраттық теңсіздіктің түрлері арқылы ІVтопқа бөлемін.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа аудару.

  • Сәлемдесу.

  • Өздерін ретке келтіру.

  • Оқушылар квадрат теңсіздіктің түрлері арқылы топтарға бірігеді.

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру.

«Қызығушылықты ояту» сатысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  • Квадрат үшмұшені шешу жағдайларын кестеге толтыру тапсырмасы беріледі.







  • Оқушылар өздеріне берілген кестені толтырады.

  • Оқушылар жеке, жұпта, топта талқылып, ұжымдық ойды жариялайды.

«Мағынаны ажырату» сатысы

(Мұғалім жаңа тақырып бойынша, бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.



Сабақтың негізгі бөлімі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  • Оқушыларға "Кім жылдам" , бөлімінің тапсырмалары беріледі.

Бұл тапсырмада дұрыс жауабын талдау, бос орынды толтыру есептері болады.

  • Оқушыларға алдымен жеке жұмыс жасау талап етіледі.

  • Топтағы оқушылардың іс-әрекетін қадағалау, бағыт-бағдар беру.




  • Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды.

  • Жұппен, топпен ортақ шешімге келеді.

  • Топтан бір оқушы жауап береді.


«Ой толғаныс» сатысы

«Білгенге маржан», «Кім жеңімпаз»



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

    1. Тапсырманы оқушыларға түсіндіру.

a) -1<x2+2x-1≤2

b) Егер ax2bxc>0 теңсіздігінің шешімі {x|-3<x<4} болса,



bx2+2axc-3b<0 теңсіздігінің шешімін табыңдар.


Үйренген білімді қолдана отырып, есепті шығарады.


Бағалау

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

«Кім жылдам» тапсырмасынан кейін оқушылар смайлик арқылы бағаланады.

«Білгенге маржан» тапсырмасынан кейін оқушылар «Бағдаршам» арқылы тапсырманы түсіну деңгейін бағалайды.

Сабақтың соңында оқушыларға бағалау парағы ұсынылады.



Оқушылардың суммативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады.

Үйге тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Квадраттық теңсіздікті шешудің интервалды тәсілін оқып түсіну

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет