Сабақ Типі : Жаңа білімді меңгерту Пәні: дүниетану Сынып: 2



бет3/5
Дата19.04.2024
өлшемі3.35 Mb.
#499231
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қауіпсіздік ережелері сабақ жоспары (2)

Дескриптор
-Сұрақтарға қатысты ойын айтады
-Берілген жағдаят бойынша диалог құрастырады.
-Қоршаған ортада өзін қалай ұстау керектігін түсінеді.
(МК) Оқушыларға табиғаттағы қауіп-қатер жайында түсінік беру.
Қазақстан территориясында қауіпті саналатын 30-дан астам табиғи құбылыстар кездеседі. Олар: жер сілкінісі, су тасқыны, орман және дала өрттері. Халық одан қорғану жолдарына дағдыланған. Жер бетіндегі өте қауіпті саналатын апаттардың 38%-ы Азияда, 26%-ы Оңтүстік және Солтүстік Америкада кездеседі екен.
Су тасқыны – бұл қардың еруі, жауын-шашын, өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға әкеледі.
Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде
қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды және жел, дауыл кезінде сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады. Дауылды жел – күшті, кенеттен соғатын, жылдамдығы 20–30 м/с-ке жететін, кейде найзағай мен нөсер қатар жүретін жел. Орта ендіктердегі циклондарды суық ауа шебінің өтуі барысында және өте күшті ауа конвенциясы кезінде байқалады. Халыққа көмек үшін арнайы Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс жасайды. Құтқару қызметінің номері 101-өрт сөндіру, 103-жедел жәрдем, 112-құтқару қызметі.
Сен білесің бе?
Жан-жануарлар табиғи апаттарды алдын ала сезе алады. Олар сол арқылы адамдарға көмектеседі. Осы ойды дәлелдеп көріңдер.
(Ұ) Сілтеме бойынша мультфильмнен үзінді көру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет