Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, көрнекілік, дидактикалық ойын



Дата17.07.2016
өлшемі35.79 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Көрші атам.
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: дауысты дыбыстардың жұп дауыстылар болып айтылу себебін мысалдар арқылы түсіндіру, «Көрші атам» өлеңімен таныстырып, «сәлем - сөздің анасы» туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: жылдам ойлау, дұрыс сөйлеу арқылы сөздік қорларын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, үлкендерді көргенде амандасуға, көркем жазу арқылы ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, дидактикалық ойын.
Көрнекілігі: М. Жаманбалинов суреті, суреттер, кестелер, слайд

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушыларды сабаққа дайындау

ә) психологиялық дайындық
Ойға толып санамыз,
Бестік болып бағамыз.
Баласындай әр үйдің,
Тату болсын арамыз.


ІІ. Үй тапсырмасы:

а) «О, қорқайын мен неге?» өлеңін мәнерлеп және рөлге бөліп оқу



Өткенді қорыту.

Жуан және жіңішке жұп дауыстылар


- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 2 жуан және жіңішке
- Жуан дауыстыларды ата. А, о, ы, ұ
- Жіңішке дауыстыларды ата. Ә, ө, і, ү, е

Ойын «Кім жылдам?».

Суретке қарап сөзді табу, дыбыстық талдау жасау.
Үйрек, бұзау.
Күрек, ұлу.

Үйрек – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.

Бұзау – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.

Күрек – 5 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты, 3 дауыссыз, 2 буын бар.

Ұлу – 3 әріп, 2 дауысты, 1 дауыссыз, 2 буын

- Жұп дауысты дыбыстарды ата? Ұ-ү



ІІІ. Жаңа сабақ. Ү-ұ жұп дауыстылар

- Көркем жазу

- Күннің жадын жазу

- Дәптермен жұмыс

«Нағашы ата» туралы әңгіме жазыңдар.

55-жаттығу.

1.Сөздерді салыстырып оқу.

Ұн-үн


Ұш-үш

Ұю-үю


Тұс-түс

Сұр-сүр


Ұғу-үгу

Құз-күз


Тұр-түр

Құн-күн


2. ұ-ү дыбыстарының ұқсас дыбысталуын байқа.

3. Сөздерді жуан және жіңішке етіп тұрған дыбыстарды атаңдар.

56-жаттығу.

1. Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар.

Жаңбыр жауар себелеп,

Жолға шығар ебелек.

Гүлге қонар көбелек,

Атқа қонар бөгелек.

- Ө. Тұрманжанов туралы мәлімет беру.

- Сөздік жұмыс.



Көбелек – гүлден-гүлге қонып жүретін жәндік.

Бөгелек – қос қанаттылар отрядына жататын жоғары сатыда дамыған жәндіктер.
ІҮ. Сергіту сәті.
Ү.Оқулықпен жұмыс

«Сәлем –сөздің анасы»

«Көрші атам» мәнерлеп оқу.

- Көрші ата бізге кім?

- Үлкен адамдарды көргенде ең алғаш не істеуіміз керек?

- М.Жаманбалинов туралы мәлімет беру.

- Әр елдің сәлемдесу салттары.

Қазақ және Өзбек халқы Асалаумағалайкум! Уағалейкүмассалам!



Жапон халқы және қытай халқы сәлемдесу рәсіміне аса мән береді. Бір-бірін көрген кезде олар иіледі.
Кенияға сапар шеккен жандар масаи тайпасын кездестіреді. Масаи тайпасының халқы бір-бірін көргенде, билей бастайды.
Тай елінің амандасу рәсімі "вай" деп аталады. Бір-бірлерін көрген жандар алақандарын біріктіріп, бастарына қояды. Содан кейін иіліп, "савадди" деп айтады.

Тапсырма.

Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?

- Сәлем, қалайсын, сәлембердік т.б. Қазақ салтында тәуліктің мезгіліне қарай "Қайырлы таң","Қайырлы күн","Кеш жарық" деп те амандасады.


- Ал, балалар, кім бірінші болып амандасуы керек?
- Кіші адам үлкен адаммен, ер бала қыздармен бірінші болып амандасады.

- Оқулықпен жұмыс.

«Біздер сәлем береміз» өлеңін мәнерлеп оқу.

- Е.Өтетілеуұлы туралы мәлімет беру.


ҮІ. Сабақты бекіту. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, мақалдарды айту.

- Сәлемдесуге қатысты мақал, нақыл сөздер:

..депті елдің б..ласы

Алыстан с..лем бер..ді

(қазақ мақалы).

С...лем беру де – парыз,

С..лем алу да – парыз

(өзбек мақалы).

...дептілік белг..сі – иіліп сәлем б..ргені,

Жақындықтың б..лгісі – к..ліп-кетіп ж...ргені

(Мақсұд Шайхзада).
ҮІ. Сабақты қорытындылау.

Біз бүгін не үйрендік?

Жұп дауыстыларды ата?

Әр ұлттың сәлемдесу салты қандай болады?



ҮІІ. Үйге тапсырма . «Көрші атам» өлеңін жатқа айту. 57-жаттығу.

ҮІІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.
21 орта мектеп



Тақырыбы: Көрші атам. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар

Сыныбы 1 «В»



Бастауыш сынып мұғалімі: Таймаганбетова Т.У

Жаңаөзен 2015 ж
Каталог: ld
ld -> 2 Б. Майлиннің өмірі
ld -> Мазмұны Кіріспе 4
ld -> Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды
ld -> 2015 жылғы «21» маусымдағы №186 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
ld -> 5 Қоғамның қалыптасу кезеңдері
ld -> Первичными числами являются: 618, 786, 27, 618
ld -> Окисление и галогенирование действием галогенов и галогенидов: экспериментальное и теоретическое исследование реакций, новые методы синтеза вицинальных ди-, поликарбонильных соединений и арилгалогенидов 02. 00. 03 органическая химия


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет