Сабақ түрі: дәріс Қарағанды 2022 жоспар жоспар



бет4/10
Дата20.12.2022
өлшемі1.34 Mb.
#467561
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
9 Лекция

1870 жылғы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі де осындай сипатта болды. Жаңа жүйе бойынша енгізілген салық жүйесі Маңғыстау халқының үкіметке қарсы наразылығын туғызды. Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869—1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа салық жүйесіне сəйкес дереу енгізуді талап етті. Көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатқан Рукиннің ойланбай жасалған əрекеттері жер-жерде көтерілістің шығуына себеп болды.

  • 1870 жылғы Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі де осындай сипатта болды. Жаңа жүйе бойынша енгізілген салық жүйесі Маңғыстау халқының үкіметке қарсы наразылығын туғызды. Маңғыстау приставы подполковник Рукин дала тұрғындарының қиын жағдайымен санаспай, адайлардан 1869—1870 жылдар үшін шаңырақ алымын жаңа салық жүйесіне сəйкес дереу енгізуді талап етті. Көптеген жергілікті тұрғындар, соның ішінде Бозашы түбегінің балықшылары Рукиннің талабын орындаудан бас тартты. Адайлардың жайлауға көшуін күштеп тоқтатқан Рукиннің ойланбай жасалған əрекеттері жер-жерде көтерілістің шығуына себеп болды.
  • 1870 жылдың наурызында Рукиннің отряды көтерілісшілердің үлкен тобымен кездесіп, қоршауда қалады. 25 наурызда ашық қақтығыс кезінде 20-ға жуық жазалаушы қаза тауып, отряд командирі Рукин өз-өзіне қол жұмсайды. Жеңіс жігерлендірген көтерілісшілер сəуір айының басында Николаев станциясына, Александровск фортына шабуыл жасады, алайда, олар сəтсіздікке ұшырады. Көтерілісшілер саны 10 мыңға жетті. Патшалық өкімет орындары қазақтардың батылдығынан қорқып, қосымша əскери көмек сұрауға мəжбүр болды. Кавказдан тың күштердің келуі күштердің арақатынасын өзгертіп, көтерілісшілер Үстірттің баруға қиын аудандарына шегінді. Осы тұста Англия үкіметінің Иранға деген ықпалы арта түседі. Патша үкіметі ендігі кезекте Хиуа хандығына қарсы шаралар ұйымдастырды. Маңғыстау аймағына Хиуа билеушілері адайлар қозғалысын қолдау үшін 4 зеңбірегі бар 6 мыңдық жасақпен қимыл жасауды ұйғарды. Бірақ шектес аудандарда Хиуаның əскери қыр көрсетуі нақты нəтижелер бермеді, дегенмен аймақтағы жағдайды едəуір шиеленістірді. Маңғыстау аймағы 3 айға жуық патша əскерінің қол астына қарады. Патша үкіметі көтерілісшілерді жаппай жазалайды. Осы тұста генерал-губернатор Н.А. Крыжановский əскери министр Милютиннің «көтерілісшілерді жазалау» туралы нұсқауын жібереді. 1870 жылы желтоқсанда көтеріліс жеңіліс тапқан соң, көтеріліс басшылары И. Тіленбаев, Д. Тəжиев, Е. Құлов жəне олардың серіктері 3 мың шаңырақпен Хиуа хандығының шегіне өтіп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет