Сабақ түрі тәжірибелік



жүктеу 106.34 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі106.34 Kb.
1. Сабақтың тақырыбы: Қатерсіз ісіктер және ісік тәрізді түзілістер

2. Сағат саны

3. Сабақ түрі тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты

оқыту: теориялық білімді пайдаланып, аналық без ісіктері диагнозын қоя білу, емдеу және алдын – алу принциптерін меңгеру;

тәрбиелік: гинекологияның маңызды мәселелерін білу;

дамыту: пациенттермен жұмыс атқаруға үйрету.



5. Оқыту әдісі теориялық, қатерсіз ісікпен әйелді курациялау

6. Материалды техникалық жабдықталуы

а) техникалық құралдар медициналық инструментарий

б) көрнекі және дидактикалық құралдар кестелер, жатыр муляжы, хаттамалар

в) оқыту орны гинекология бөлімі, оқу бөлмесі



7. Әдебиеттер

Негізгі Мемлекеттік тілде:

1. Раисова А.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық. «Акушерия және гинекология»,

- Алматы 2006


  1. Көзденова Р.С., Сейтмәмбетова Н.Қ., оқулық «Гинекология» - Алматы 2000

Орыс тілінде: 1.Акушерство и гинекология И.К. Славянова Ростов на Дону, «Феникс», 2007

  1. Гинекология : Г.С.Василевкоая, В.И.Грищенко, Н.А. Щербина. Ростов – на- Дону, «Феникс», 2007

Қосымша

  1. Акушерство и гинекология, неотложная помощь. Под ред. Г.К. Степанковской, Б.М. Венцковского М., Эксмо, 2008

  2. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. – М., 2009.-256с

  3. Гинекология практикум. В.Б. Цхай, Т.А. Макаренко, Е.К.Маламова, И.О.Ульянова.- Ростов – на – Дону, 2006

  4. Гинекология детского и подросткового возраста. К.Ж. Кульбаева, Ю.А.Гуркин.- Астана 1999

  5. Неотложная помощь в акушерстве и гинекологии. Краткое руководство. Под.ред. В.Н.Серова.-2-е издание, испр и доп..- М., 2008.-256с

  6. Руководство по охране репродуктивного здоровья в Казахстане. Н.А.Каюпова.-Алматы, 1999

  7. Программа ВОЗ «Безопасное материнство», 2008

8. Ұйымдастыру кезеңі 11м

- оқушылардың қатысуын тексеру;

- оқушылардың дайындығын тексеру;

- сабақ мақсаты мен міндетін хабарлау.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 27м Тесттер бойынша жүргізіледі:

1. Аналық бездердің ісіктеріне жатпайды:

а) фолликулярлы киста

б) пиовар

в) дермоидты киста

г)сары дене кистасы

д) тека-лютеинді киста

2. Аналық бездердің кисталарының ерекшеліктері:

а) ретенциондық құрылым

б) клеткалар пролиферациясының нәтижесінде көлемінің ұлғаюы

в) капсуласы бар

г) малигинизацияға ұшырауы мүмкін

д) барлығы дұрыс

3. Аналық бездердің эпителиялдық ісіктеріне жатпайды:

а) Бреннер ісігі

б) цистоаденокарцинома

в) текома

г) муцинозды аденокарцинома

д) сірелі цистоаденома

4. Аналық бездердің қандай ісіктері жиі малигинизацияға ұшырайды?

а) фиброма

б) сірелі цистоаденома

в) муцинозды аденокарцинома

г) текома

д) тератома

5. Аналық бездердің гормонтүзуші ісіктеріне жатпайды:

а) гранулезды-клеткалы ісік

б) текабластома

в) андробластома

г) дисгерминома

д) арренобластома

6. Аналық бездердің қатерсіз ісіктерінде ең жиі кездесетін асқынулар:

а) ісіктің аяқшасының бұралуы

б) ісіктің ішіне қан құйылуы

в) ісік капсуласының жыртылуы

г) ісіктің іріндеуі

д) көрші мүшелерді басып қалуы

7. Аналық бездердің нағыз ісіктеріне жатады:

а) цилиоэпителиалды

б) псевдомуцинозды кистома

в) дермоидтық киста

г) гормон өндіруші

д) барлығы дұрыс

8. Аналық бездердің қандай ісігі метастатикалық болып табылады?

а) параовараилды киста

б) аналық бездің лютеинді кистасы

в) Крукенберг ісігі

г) дермоидтық ісігі

д) аналық бездердің гормон өндіруші ісіктері

9. Аналық бездердің кистомасының асқынуларын атаңыз:

а) кистома аяқшасының бұралуы

б) ісіктің капсуласының жыртылуы

в) кистоманың малигинизациясы

г) ісіктің іріңдеуі

д) барлығы дұрыс

10. Қиыстырылған сәулелі терапия дегеніміз:

а) Жамбастың дистанционалды сәулеленуі + қуыс ішілік сәулелену

б) жалпы УКС/УФО/ + ультрадыбыс

в) жамбастың қуыс ішілік сәулеленуі + УДТ

г) жамбастың қуыс ішілік ссәулеленуі + иона гальванизация

д) дистанционды сәулелену + УКС/УФО/

11. Сәулелі терапияға қарсы көрсеткішті атаңыз:

а) тромбоцитопения

б) жастық шақ

в) анемия, лейкопения, жамбас ішіндегі іріңді субмукозды процестер

г) жатыр мойнының қатерлі ісігінің III-ші сатысы

д) алдыңғы емнен эффект болмауы

12. Аналық бездердің ісіктерін міндетті түрде оперативті жолмен алып тастау неге байланысты?

а) зат алмасуының бұзылуына

б) жиі асқынуы мен малигнизациялануына

в) жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылуна

г) репродуктивті жүйесінің бұзылуына

д) бауыр және бүйрек қызметінің бұзылуына

13. Аналық бездердің гормон өндіруші ісіктері:

а) фолликулярлы

б) безді


в) маскулиндеуші

г) тератома

д) лютеинді кисталар

14. Аналық бездердің ісіктерінің хирургиялық аяқшасының құрамына не кіреді?

а) оймыш-жамбас байламы, жалпақ байлам

б) жатыр түтігі, жалпы байлам

в) жатырдың жұмыр байламы, мезлсальпинкс

г) жатырдың жұмыр байламы, жалпақ байлам

д) аналық бездің меншікті байламы, жатыр түтігі, мезосальпинкс, оймыш-жамбас байламы (воронка-тазовая связка)

15. Ісіктің анатомиялық аяқшасын не құрайды?

а) кең байлам, оймыш-жамбас байламы

б) жатырдың жұмыр байламы, жатыр түтігі

в) жатыр түтігі

г) мезосальпинкс

д) аналық бездің меншікті байламы, оймыш-жамбас байламы, мезосальпинкс

10. Жаңа сабақты түсіндіру 54м

Барлық аналық без жаңа түзілістерінің жартысынан көбін аналық без кистасы мен кистомасы құрады.

Бұл топтардағы жаңа түзілістердің клиникалық маңыздылығы тек олардың таралуына емес, босанатын жастағы әйелдерді жиі зақымдайды. Сирек емес асқынулары (айналуы, жартылуы) және ракке айналу тенденциясы.

Аналық бездің ісікті түзілістеріне: фаликулярлы киста, ақ дене кистасы, текалютеинді киста, аналық бездің жабын эпителийі кистасы, аналық бездің милы қабатындағы эмбрионалды қалдықтардан дамыған киста жатады. Аналық без кистасы – ісікті түзіліс, қуыста сұйықтық жиналып, әдетте кистозды - өзгерген фолликулада болады. Аналық без кистасы көлемі ішіндегі жиналған сұйықтыққа қарай пассивті өтеді.

Клеткалық элементтер пролиферациясы жоғалады. “ Кистома аналық бездің” термині шынайы ісік, олар эпителий клеткаларының пролиферациясынан өсіп, кистозды ісікте жиналады.

Аналық бездің кистозды түзілістері ішінен шынайы ісік 66% жағдайда ісік тәрізді түзілістер 34% кездеседі.

ЛПМИ гинекологиялық клиникалық мәліметі бойынша аналық бездің ісіктері қазіргі кезде жас балаларда 4,6 % кездеседі.

Жас балардағы аналық без ісігінің ерекшеліктерін ескеру қажет :



  1. Ересектермен салыстырғанда гистологиялық формасы бойынша әртүрлілігі төмен

  2. Ісіктер көбіне 2 түрге бөлінеді:

а) жай ренционды киста фолликулярлы және лютеинді

б) нағыз ісіктер – кистомалар теротоидты ісіктер, дисгерминомдар, гормонөндіруші



  1. Ретенционды кисталар. Бұлар нағыз ісіктерге жатпайды, құрсақ ішіндегі ұрықта жаңа туылған нәрестеде пайда болуы мүмкін. Жиі, жас қыздарда жыныстық даму кезінде кездеседі, аналық бездің гипоталамо-гипофизарлы реттелу қызметінің бұзылуынан болуы мүмкін. Фолликулярлы және лютеинді ретеционды кисталар 3-4 см диаметрі аспайды. Етеккір циклінің бұзылысымен жүруі мүмкін, ішінің ауырсынуы болады. Егер кенеттен ауырсыну болса шұғыл оперативті араласу қажет болады.

  2. Аналық бездің ісігі – кисталар. Олар қатерлі және қатерсіз болуы мүмкін. Ересектерде жиі эпители немесе дәнекер тканінен өсетін ісіктер кездеседі цилиоэпителиалды және жалғанмуцинозды.

Тератомдар – гонад клеткаларынан дамитын түзіліс. Олардың ерекшілігі ісіктің компонентіне кіретін құрамы мен өсу дәрежесіне байланысты.

Дәрежесіне қарай жетілген және тератобластома деп бөлінеді.

Ісік жиі, дөңгелек формалы, тығыз эластикалық болады. Жай өседі, сондықтан өте үлкен болмайды. Малигинзацияға сирек ұшырайды, симптоматикасы аяқтарының айналып кетуі немесе көрші мүшелерді қысуымен байланысты болады.

Рак және саркомаға қарағанда тератобластома қатерлі ісік. Өте тез өседі, брюшинаға имплантацияланады, лимфа түйіндеріне метастаз береді, және қан арқылы ми, бауыр, өкпеге метастаз береді.

Дисгерминома семинома. Әйел және еркек гонадторынан дамитын қатерлі ісік, тез өседі, басқа ісіктермен қатар кездесе береді. Аналық бездің эмбрионалды тканінен пайда болады деген теориялар бар, сондықтан – семинома деп те аталады. Андрогендер түзуі мүмкін, қыздардағы гипогенитализмге алып келеді.

Аналық бездің гормон түзуші ісіктері: гранулезды – клеткалы ісік фолликулома, текома тенобластома арренобластома.

Фолликулома –аналық безде гормонды тепе-теңдіктің бұзылу нәтижесінде гранулезды клеткалардың пролиферация ошағынан дамиды.

Текома – құрылысы бойынша фибромаға ұқсас, бірақ клиникалық белгілері әртүрлі, фиброма гормоналды активтілікке ие емес. Арренобластома – сирек кездесетін ісіктерге жатады. Ол көбіне қатерлі ісікке айналып кетеді. Н.Д. Селезнев 15 жастағы қызда бақылаған, оң аналық бездің сертолимасы, вирильды синдроммен байқалған. Басқа авторлар 14 ж. және 18 ж. қыздардағы арренобластоманы сипаттаған.

Аналық бездің ісіктері және ісік тәрізді түзілістерінің диагностикасы

«Жедел іш» симптомы кезінде киста және кистома аяқшаларының айналып кетуін ойлау қажет. Диагнозды анықтау үшін кіші жамбас мүшелерінің пневмоперитонизм жағдайында рентгенография жасау көрсетіледі. Информативті әдістер ультрадыбыс және компьютерлі томография табылады. Қатерлі ісіктің дәрежесін, жайылуын анықтау үшін лимфография және эндоскопия, лапароскопия саналады.

Күдікті жағдайларда диагностикалық құрсақ кесуді қолдайды.

Дифференциалды диагностика. Аналық бездің кистасын және кистомасын аппендициттен ажырату қажет. Бұл әсіресе ісік аяқтарының айналып кетуі кезінде өте маңызды. Диагнозды дұрыс қою үшін педиатр, гинеколог және хирург бірге қарау керек.

Емі. Қыздар мен әйелдерде аналық без ісігін емдеу жалпы ұқсас. Егер аналық без ісігіне күдік болса немесе толық анықталса ісікті алып астау үшін қызға операция жасалады. Ісіктер көп болса операцияны асқыпай жасау керек, себебі жас қыздарда ісік өте тез өсуге қабілетті болады. Операция кезінде ісіктің түрін анықтау қажет, тез цитологиялық және гистологиялық зерттеу жүргізу керек. Егер қатерсіз ісік екеніне толық көз жетсе, онда гонадтың сау ткані қалдырылады, ал қыз үнемі бақылауда болады. Болашықта етеккір және репродутивті қызметі операцияның түріне байланысты екенін ескеру қажет.

Егер операция кезінде қатерлі ісік анықталса, онда жатырды қынап үсітілк ампутация жасайды. Егер қатерлі ісік кезінде оперативті араласудың техникалық көлемін орындау мүмкін болмаса. ІІІ- VІ сатысында , онда ісіктің негізгі түйіндерін алу және сальник экстирпациясын жасаумен шектеледі.



11. Оқушының өз бетінше атқаратын жұмысы 63м

Тақырыпқа байланысты науқастарды курациялау.

Курация үшін науқастарды, оқытушы гинекологиялық бөлімшеден алдын-ала таңдайды, егер де тақырып бойынша бөлімшеде жоқ болса, архивті ауру тарихы көтеріледі.

Курациялаушы анамнез жинайды, объективті зерттеу тәсілдерін жүргізеді, ауру тарихымен, лабораторлы зерттеу тәсілдері мәліметтерімен танысады.Осыдан кейін топ бірге жиналады және курациялаушымен біреуі өзінің және лабораторлы зерттеудің нәтижелеріне баяндама жасайды. Операциядан кейінгі науқас аналық без кистасы аяқшасының айналуы ауру тарихы талданады.

Оқытушы оқушылармен бірге диагностикалау тәсілдерін талдайды. Осыдан кейін оперативті емдеу жолдарын және қайта қалпына келу шараларын талдайды.

12. Жаңа тақырыпты бекіту.18м

Ситуациялық есептер шешумен жүргізіледі.

№1 есеп

Науқас 39 ж. стационарға шұғыл көмек көрсету (ШКК) бригадасымен жеткізілген, ішінің қатты ауырсынуы, құсу, жиі кіші дәретке шығуына шағымданады. Қараған кезде: іші аздап желденген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Пульс 88 рет 1 мин, дене температурасы 370 С.



PV: жатыр денесі тығыз, ұлғаймаған, қозғалғыш, ауырсынбайды, жатырдың алдыңғы оң жағын пальпациясында 6х6 см тығыз эластикалы түзіліс байқалады, ығысқан кезде кенеттен ауырсыну болады, солжақтан жатыр қосалқылары анықталмайды, күмбездері еркін, кілегейлі бөлінулер.

1. Қай диагноз тән ?

а) ішек өтімсіздігі

б) бүйрек коликасы

в) аналық без апоплексиясы

г) аналық без киста аяқшаларының айналып кетуі

д) оң жақты тубоовариалды түзіліспен жатыр қосалқыларының жедел қабынуы

2. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін қолданады.

а) рентгентелевизионды гистеросальпингография

б) экскреторлы урография

в) трансвагиналды эхография

г) қынаптың артқы күмбезі арқылы құрсақ қуысын пункция жасау

д) жоғарыда аталғандар

3. Науқасты рационалды емдеу тактикасы қандай ?

а) ішіне мұз қою, антибактериалды, инфузионды, спазмолитикалы терапия

б) шұғыл құрсақ кесу, жатырдың оң жақ қосалқыларын алып тастау

в) шұғыл құрсақ кесу, оң аналық безге резекция жасау

г) консервативті терапиядан эффект болмаған кезде жоспарлы түрде құрсақ кесу

д) трансвагиналды эхографияда бақылай отырып патологиялық түзілісті пункция жасаймыз, аспиратты цитологиялық зерттейміз

№2 есеп


Н., 34 ж. Гинекология бөлімшесіне ШКК бригадасымен жеткізілген, ішінің төменгі жағының кенеттен ауырсынуына, бір рет құсуына шағымданады. Етеккір циклі қалыпты. Объективті: тері жабындары бозғылт. АҚ 100/60, пульс 90 мин. Іші жұмсақ, төменгі жақтары кернеулі, ауырсыну байқалады, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Анамнезінде: бір жыл бұрын аналық без кистасына операция жасауды ұсынған. Гинекологиялық статус: айнада: жатыр мойны мен қынап шырышы таза, кілегейлі бөлініулер.

Р.V.: жатыр солға ығысқан, оң жақта көлемі 10х12 см түзіліс анықталады, консистенциясы тығыз эластикалы, ауырсынады, қозғалғыштығы шектелген.

1. Диагноз ?

а) субсерозды түйіннің айналып кетуі

б) тубоовариалды түзіліс

в) киста қабының жарылуы

г) аналық без кистомасының аяқтаррының айналып кетуі

д) жатырдан тыс жүктілік

2. Емі:

а) қабынуға қарсы ем



б) оперативті

в) науқастың динамикасы бақылау

г) лапароскопияда кистома пункциясы

д) физиоем

3. Аналық без кистомасының аяқтарының айналып кету кезіндегі операциясында зажимдерді салу қажет:

а) ісіктің анатомиялық аяқшаларына

б) ісіктің хирургиялық аяқшаларына

в) аналық бездің өзіндік байламына

г) аналық бездің воронкожамбасты байламына

д) мезосальпинкске



13. Сабақты қорытындылау. 4м

Оқушылардың білім деңгейін бағалау



14. Үйге тапсырма беру 3м

Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет