Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу



Дата17.06.2016
өлшемі322 Kb.
#142816
түріСабақ


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті




3 деңгейлі СМЖ құжат



ОӘК


042-18-18.1.70/02-2013

«20-30 жж. Ұлттық интеллегенияның әлеуметтік-философиялық және саяси бағыттары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

18.09.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«20-30 жж. Ұлттық интеллегенияның әлеуметтік-философиялық және саяси бағыттары» курсы бойынша

«6М011400»- Тарих мамандығына арналған


МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2013





  1. ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы: «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры м.а., т.ғ.д Байсарина Қ.Қ

2 ТАЛҚЫЛАҒАН
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында «03»09.2013 жыл. №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі Мухаметжанова Н.А.
2.2. Гуманитарлық-заң факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде

«05» 05.2013 жыл. №1 хаттама


Төрайымы Кенесбаева Ш.

3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған

«18» 09. 2013 жыл. №1 хаттама

ОӘК төрайымы _____________________ Искакова Г.К

Мазмұны




  1. Жалпы ереже

  2. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу

  3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

  4. Курс форматы

  5. Курс саясаты

  6. Әдебиеттер тізімі

  7. Магистранттарды бағалау саясаты


I. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
1.1. Оқытушы туралы мәлімет:

Байсарина Қ.Қ. - т.ғ.д.

Байланыс телефоны:35-25-63

Тарих кафедрасы, №1 оқу ғимараты


Кеңес беру уақыты: кесте бойынша
1.2.Пән бойынша мәлімет:

Пән атауы: «20-30 жж. Ұлттық интеллегенияның әлеуметтік-философиялық және саяси бағыттары»


кредит саны - 3

Жалпы сағат саны – 135



Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр


Кредит саны

Дәріс

Тәжі

рибе


ОСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

3

6

3

30

15

30

75

150

емтихан


Курстың пререквизиті: 20-30 жж. Ұлттық интеллегенияның әлеуметтік-философиялық және саяси бағыттары» арнайы пән ретінде Қазақстан тарихы, деректану мен тарихнама пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.
Курстың постреквизиті: «20-30 жж. Ұлттық интеллегенияның әлеуметтік-философиялық және саяси бағыттары» курсын толық игеру нәтижесінде жаңа замандағы Қазақстан тарихы, қазіргі дүние тарихы пәндерін меңгеруге болады.


    1. Қысқаша сипаттама:

Арнаулы курс бағдарламасы студенттердің ХХ-ғ. Бас кезіндегі Қазақстан тарихы курсының тарауына қатысты тарихи құбылыстар негізін оқып, үйренуге және терең меңгеруіне бағытталған қосымша оқу құралы есебінде ұсынылды. Арнаулы курс тақырыбы 30 сағат дәріс және студентердің өздігінен ізденуге негізделген тапсырмалар мен емтиханды қамтиды.

Бұл тақырып Ұлттық интеллегенцияның қалыптасу тарихының жан-жақты ғылыми негізде қаралуына және оның Шығыс бөлімінің қызметінің тарихи маңызын көрсетуге бағытталған. Әсіресе Алашорданың Кеңес өкіметінің, антикеңестік ресейлік күштермен байланысты және ресейлік азаматтық қарсыласу жылдарындағы ұстанған позицияларының тарихи түп-тамырын түсіндіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Алашорда қайраткерлерінің саяси тұрғыдағы өзіндік бет бейнесін көрсету қарастырылған. Алашорда маңында топтасқан қазақ зиялыларының қазақ халқының болашағын қамтамасыз – мақсатында қоғамдық саяси өмірде жетекші рөлге көтерілгенін ашып көрсетуде қарастырылған. Сонымен қатар ресей күштері тарапынан алашордамен қазақ қоғамы кеңістігіндегі бірден-бір халықтық негіздегі саяси күш ретінде санасуда орын алған тарихи деректер негізінде қарастырылады. Тақырып құрылымы тақырыптық- хрестоматиялық негізде құрастырылған.


Пәннің мақсаты: төл тарихымызда зор маңызы бар қазақ зиялыларының тарихын жаңа қалыптасқан тарихи зердеміз негізінде игеру болып табылады.
Пәннің міндеттері: студенттердің курс бағдарламасын игере отырып, тарихымыздың өзекті мәселелерінің түйінін шешуде ғылыми тұжырымдамалар жасауға ықпал ету.

Қазақ интеллегенциясының тарихи қызметі атты тақырыптағы арнаулы курс бағдарламасының қысқаша мазмұны.


Курсты оқып-үйрену барысындамагистранттар:

Білуі керек:

  • Алаш қозғалысының шығуы, алашорда қайраткерлерінің өмірінен және қызметі жайлы деректер;

  • Ұлт зиялылары, Алаш қозғалысының қайраткерлерінің халық жадында жаңғыруы мен олардың қилы тағдыры;

  • Алаш қозғалысы және ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси өмірі және БАҚ;

  • Алашорда және Кеңес өкіметі. (1918-1920 ж.ж);

  • қазақ зиялыларының қызметі;

  • Өлкедегі ұлттық –демократиялық қозғалыс ;

  • саяси партиялардың бөлімшелері және басқа да қоғамдық ұйымдар;

  • Қазақ зиялыларының саяси, әскери және мәдени саладағы байланыстары;


2) Алатын біліктілігі:

- аталған курстың мақсат-міндеттерін жете түсіне отырып, оны оқып-игеруі;

- Магистранттар Қазақ интеллегенциясының қалыптасу тарихы мен ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік ахуалын саралау деңгейіне жетуі;

- Қоғамдық, әлеуметтік институттардың тууы мен дамуын нақты дәлелді мәтіндер арқылы игеруі;

- Алаш партиясы өкілдерінің қызметінің маңызы мен тағылымын білуі;

- Қазақ интеллегенциясы тарихының жалпы қазақ тарихының бір кезеңі екендігін және оның теориялық негіздемелерін білуі.





    1. Курстың тақырыптық жоспары






Тақырыптың атаулары

Сағат саны

Дәріс

Сем.

ОСӨЖ

СӨЖ



Пәнге кіріспе

2




2

6



Қазақ интеллегенциясының қалыптасуы мен дамуы

4

2

2

6



Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс

4

4

2

6



Қазақ интеллегенциясының қалыптасуындағы Айқап журналы мен Қазақ газеттерінің ролі

2




3

6



Алашорда өкіметінің құрылу тарихы

4




2

6



Алашорда және Кеңес өкіметі

2

2

2

6



Алашорда және ресейлік күштер /азаматтық қарсыласу жылдарында/










6



Алашорданың қызметінің ресми тұрғыда тоқтатылуы және оның нақты тарихи қалыптасқан жағдайлар барысында жалғаса беру

4




3

6



Қазақ зиялыларының әлеуметтік-филосафиялық көзқарастарының мәні







3

8



Қазақ зиялыларының Кеңестік Қазақстан тұсындағы қызметтері.

4

4

4

6



Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар

2

3

4

7



Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық интеллегенцияның қайта жаңғыруы

2




3

6




Барлығы

30

15

30

75


Дәріс тақырыптары

1. Дәріс (2 сағат)



Тақырыбы: Пәнге кіріспе

  1. 20-30 жж. Ұлттық интеллегенияның әлеуметтік-философиялық және саяси бағыттары» курсының тарих ғылымында алатын орны.

  2. 20-30 жж. Ұлттық интеллегенияның тарихы: тарихнама мен дерекнама.

2. Дәріс (4 сағат)



Тақырыбы: Қазақ интеллегенциясының қалыптасуы мен дамуы

  1. Алаш қозғалысының шуғуы

  2. Ұлт зиялылары Алаш қозғалысының тірегі

  3. Алаш қозғалысы және Мемлекеттік Дума

  4. Алаш қозғалысы және Қазақ Газеті

  5. Алаш қозғалысы және 1916 жылғы көтеріліс

3. Дәріс (4 сағат)



Тақырыбы: Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс (1917ж)

  1. Қазақстан және Ақпан төңкерісі

  2. Алғашқы қазақ облыстық съездері

  3. Жалпықазақ съездерінің шешімдері

  4. Қазақ облыстық комитетінің құрылуы

  5. Қазақ саяси партиясы және Бүкілресейлік құрылтай жиналысы

4. Дәріс (2 сағат)



Тақырыбы: Қазақ интеллегенциясының қалыптасуындағы Айқап журналы мен Қазақ газеттерінің ролі

1. Қазақ интеллегенциясының қалыптасуындағы Айқап журналы ның ролі

2.Қазақ интеллегенциясының қалыптасуындағы Қазақ газеттерінің ролі


5. Дәріс/4 сағат/

Тақырыбы: Алашорда өкіметінің құрылу тарихы

  1. Жалпықазақ съезі

  2. Алашорданың құрылуы

  3. Алашорданың негізгі міндеттері

  4. Алашорданың құрылуының сипаты

6. Дәріс (2 сағат)



Тақырыбы: Алашорда және Кеңес өкіметі

  1. Қазақстанның шығыс аймағында Кеңес өкіметінің орнатылуы тарихы (1918ж ақпан-маусым)

  2. Семейдегі Орталық және Облыстық Алашорда комитетінің Кеңес өкіметін қақтығысы

  3. Маусым оқиғалары

7. Дәріс (4 сағат)



Тақырыбы: Алашорданың қызметінің ресми тұрғыда тоқтатылуы және оның нақты тарихи қалыптасқан жағдайлар барысында жалғаса беру

Алашорданың Комучпен, Уфа Директориясымен және Колчак диктатурасымен саяси қарым-қатынас



  1. Алашорда және Колчак билігі

  2. Азаматтық қарсыласу кезеңіндегі саяси-әскери жағдайлар және алашорда қызметінің жалғаса түсуі

  3. Алашорда және Кеңес өкіметі (1919-1920жж)

8. Дәріс (4/ сағат



Тақырыбы: Алашорда қозғалысы қайраткерлері Кеңестік Қазақстан тұсындағы қызметтері

  1. 20-жылдардағы Қазақстанның саяси өмірі және қазақ зиялылары

  2. Қазақ зиялыларының қатал тағдыры

  3. Тарих тағлымы не дейді

9. Дәріс (2сағат)



Тақырыбы: Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар

  1. Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің қилы тағдыры

  2. Алашорда қайраткерлерінің халық жадында қайта жаңғыруы

  3. Алашорда қайраткерлерінің өмірінен және қызметінен деректер

10. Дәріс (2сағат)



Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық интеллегенцияның қайта жаңғыруы

1/Ұлттық-демократиялық интеллегенцияның көсемдердерінің есімдерінің халыққа қайта оралуы

2/Ұлттық интеллегенцияның қалдырған рухани мұрасының халық игілігіне айналуы


Реферат тақырыптары:


  1. Алашорда қайраткерлерінің қоғамдық-саяси портреті

  2. Алашорда қайраткерлерінің рухани мұрасы

  3. Алашорда қайраткерлерінің көзқарас эволюциясы



Семинар сағаттары
Арнайы семинар тақырыбына түсініктеме.

Арнайы семинар бағдарламасы студенттердің ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихы туралы курсын терең меңгеруге қосымша оқу құралы есебінде ұсынылады.

Арнаулы семинар тақырыбы Қазақстан тарихының әдейі бұрмаланған, көмескі беттерінің нағыз ғылыми тұрғыдан жеткізілуіне байланысты алынған.

Бұл тақырып Алашорда тарихының жан-жақты қаралуына және оның Шығыс бөлімінің қызметінің тарихи маңызын көрсетуге бағытталған. Әсіресе Алашорданың Кеңес өкіметімен, антикеңестік күштермен байланысы және ресейлік азаматтық қарсыласу жылдарындағы ұстанған позицияның себептерін түсіндіруге мүмкіндік береді.

Сондай- ақ Алашорда қайраткерлерінің, қазақ халқының саяси тұрғыдағы өзіндік бет-бейнесін көрсету міндеті қарастырылған. Тақырып құрылымы хрестоматиялық негізде. Тақырыпқа сәйкес деректер мен ғылыми зерттеулерді пайдалана отырып арнаулы семинар курсын толық меңгеруге мүмкіндік бар.

Қазақстан Республикасының 1996 жылдан бастап дербес саяси-экономикалық шараларды жүргізуінің түпнегізі 20-30 жылдардағы қазақ зиялыларының қалыптастырылған қоғамдық-саяси қызметтердегі идеясынан бастау алғанын осы курсты игеру кезінде көз жеткізуге болады.

Студенттер арнаулы семинар курсын игеру арқылы төл тарихымыздың аса маңызды мәселелерінің түйінін шешуге мүмкіндік алады.
Жалпы тақырып: «20-30 жж. Ұлттық интеллегенияның әлеуметтік-философиялық және саяси бағыттары»
1 семинар (2 сағат)

Тақырыбы: Қазақ интеллегенциясының қалыптасуы мен дамуы

Патша өкіметінің құлатылуы.



  1. Қос өкіметтің өзіне тән аймақтық ерекшеліктері.

  2. Саяси күштердің тоғысуы.

  3. Қазақ облыстық комитеттерінің құрылуы.

2 семинар (2 сағат)



Тақырыбы: Алашорда және Кеңес өкіметі.



  1. Қазақстанның шығыс аймағында Кеңес өкіметінің орнауы.

  2. Семейлік Алашорда комитетінің Кеңес өкіметімен қарым-қатынасы.

3 семинар (4 сағат)



Тақырыбы: Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс

  1. Алашорда және ресейлік саяси күштер. Антисоветтік саяси күштермен бірлесіп кеңес өкіметіне қарсы күресуі.

  2. Алашорда өкіметінің мемлекеттік құрылымы, оның ішінде әскер, шаруашылық және мәдени саладағы қызметі.

  3. Алашорданың қызметінің тоқтатылуы.

4 семинар (4 сағат)



Тақырыбы: Қазақ зиялыларының Кеңестік Қазақстан тұсындағы қызметтері..

  1. Қазақ зиялыларының Шығыс Алашорда және Сібір өкіметі.

  2. Өзге саяси партиялар және ұйымдармен байланысы.

  3. Алашорда қайраткерлерінің Кеңес өкіметімен компромиске келуі.

4. Қазақ зиялыларының Кеңестік Қазақстан тұсындағы қызметтері..
5 семинар (3 сағат)

Тақырыбы: Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар.

  1. Алаш қайраткерлерінің қилы тағдыры.

  2. Алаш қайраткерлерінің халық жадында қайтадан жаңғыруы.

  3. Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметінен деректер.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы. Очерктер. 1995.

  2. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар. А.,1994.

  3. Ө. Әбліманов «Қазақ» газеті. А.,1993.

  4. К. Нүрпейсов. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

  5. М. Қойгелдиев. Алаш қозғалысы. А., 1995.

  6. Қ. Абуев. Қазақстан тарихының «ақтаңдық» беттерінен. А., 1994.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Т. Қожекеев. Көк сеңгірлер. А., 1992.

  2. М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков. Тарих тағлымы не дейді. А., 1993.

  3. Ж. алмашұлы. Сұлтанбек Қожанұлы А.,1994.

  4. Бес арыс /жинақ/ А., 1992.

  5. Қазақ тарихы // №1-6,1993-1994жж

  6. Ақиқат // №1-12. 1992-1999жж

  7. Саясат. Политика // №1-6, 1996-1999жж

Қазақ тарихы // №1-6. 1993-1999жж
Арнаулы семинар тақырыптарына ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы. Очерктер. А.1992ж

  2. Қозыбаев М. Қ. Ақтандықтар ақиқаты. А. 1992ж

  3. Қожанов Т. Көк сеңгңрлер. А.1992ж

  4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А. 1995ж

  5. Нәубәт (жинақ) А. 1994ж

  6. Зобалаң (жинақ) А. 1994ж

  7. Қызылдар қырғыны А. 1993ж

  8. Зауал. А.1991ж

  9. Қ. Абуев. Қазақстан тарихының «ақтаңдық» беттерінен. А., 1994.

  10. К. Есмағанбетов. Қазақтар шетел әдебиетінен. А., 1994.

  11. Қойгелдиев. М., Омарбеков Т. Тарих тағлымы не дейді А. 1993ж

  12. К. Нүрпейсов. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

  13. Қазақстан тарихының журанал. 1993-1999жж

  14. Ақиқат журналы. 1991-1999жж

  15. Отан жураналы. 1998-1999жж


1.8. Пән бойынша орындалатын ОСӨЖ жұмыстары


№№

Тақырып

Мақсаты мен мазмұны

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Балл

Орын

далу мерзімі



1.

Пәнге кіріспе

Алаш кезеңі жайлы толық ғылыми мағлұмат беру. Пәннің негізгі теориялық мәселелерін қамту.

Ұсынылған әдебиеттер және қосымша деректерді қараңыз

Ауызша баяндау

3

1-2 апта

2.

Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы

Алаш қозғалысын ХХ-ғ. Бас кезіндегі Қазақстан тарихына қатысты тарихи құбылыс ретінде түсіндіру

Конспект

3

3-4 апта

3

Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс (1917ж)

Алашорда қайраткерлерінің, қазақ халқының саяси тұрғыдағы өзіндік бет-бейнесін көрсету

Ауызша баяндау

3

5-6 апта

4.

Қазақ интеллегенциясының қалыптасуындағы Айқап журналы мен Қазақ газеттерінің ролі

Айқап журналы және қазақ газеттерінің қызмет және тарихи маңызын көрсету

Конспект

3

7 апта

5.

Алашорда өкіметінің құрылу тарихы

Алашорда өкіметінің құрылу мен оның тарихи алғышаттрарын түсіндіру

Конспект

3

8-9 апта

6.

Алашорда және Кеңес өкіметі

Алашорда тарихының жан-жақты ғылыми негізде қаралуының тарихи маңызын көрсету

Конспект

4

10 апта

7.

Алашорданың қызметінің ресми тұрғыда тоқтатылуы және оның нақты тарихи қалыптасқан жағдайлар барысында жалғаса беру.

Алашорда тарихы қазақ қоғамы кеңістігіндегі бірден-бір халықтық негіздегі саяси күш ретінде орын алған тарихи үрдіс ретінде түсіндіру

Конспект

4

11 апта

8.

Қазақ зиялыларының әлеуметтік-филосафиялық көзқарастарының мәні

Қазақ зиялыларын жан-жақты көрсету

Конспект

4

12 апта

9.

Алашорда қозғалысы қайраткерлері Кеңестік Қазақстан тұсындағы қызметтері.

Алашорданың Кеңес өкіметімен, антикеңестік күштермен байланысы жайлы түсіндіру

Конспект

3

13 апта

10

Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар

Алаш арыстарының қилы тағдыры жайлы баяндау










14-15 апта
























1.9 СӨЖ тапсыру мерзімі және оның түрлері




Тақырып

Мақсаты мен мазмұны

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Балл

Орын

далу мерзімі



1.

Пәнге кіріспе

Алаш кезеңі жайлы толық ғылыми мағлұмат беру. Пәннің негізгі теориялық мәселелерін қамту.

Ұсынылған әдебиеттер және қосымша деректерді қараңыз

Конспект

2

1 апта

2.

Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы

Алаш қозғалысын ХХ-ғ. Бас кезіндегі Қазақстан тарихына қатысты тарихи құбылыс ретінде түсіндіру

Ауызша баяндау

2

2 апта

3

Қазақ өлкесіндегі ұлттық-демокртиялық қозғалыс (1917 ж)

Алашорда қайраткерлерінің, қазақ халқының саяси тұрғыдағы өзіндік бет-бейнесін көрсету

Конспект

2

3 апта

4.

Қазақ интеллегенциясының қалыптасуындағы Айқап журналы мен Қазақ газеттерінің ролі

1917 жылғы ақпан төкерісінен кейінгі Алашорда қызметінің тарихи маңызын көрсету

Ауызша баяндау

2

4 апта

5.

Алашорда өкіметінің құрылу тарихы

Алашорда өкіметінің құрылу мен оның тарихи алғышаттрарын түсіндіру

Конспект

2

5 апта

6.

Алашорда және Кеңес өкіметі

Алашорда тарихының жан-жақты ғылыми негізде қаралуының тарихи маңызын көрсету

Конспект

2

6 апта

7.

Алашорда өкілдері және Кеңес өкіметі азамат соғысы жылдарында

Алашорданың ресейлік азаматтық қарсыласу жылдарындағы ұстанған позицияларының тарихи түп-тамырын түсіндіру

Реферат

2

7 апта

8.

Алашорда және ресейлік күштер (азаматтық қарсыласу кезеңі).

Алашорданың және ресейлік азаматтық қарсыласу жылдарындағы ұстанған позицияның себептерін түсіндіру

Конспект

2

8 апта

9.

Алашорда және оның қызметі

Алашорда тарихы қазақ қоғамы кеңістігіндегі бірден-бір халықтық негіздегі саяси күш ретінде орын алған тарихи үрдіс ретінде түсіндіру

Ауызша жауап

2

9 апта

10.

Алашорданың қызметінің ресми тұрғыда тоқтатылуы және оның нақты тарихи қалыптасқан жағдайлар барысында жалғаса беру.

Алашорда тарихының жан-жақты қаралуының тарихи маңызын көрсету

Конспект

2

10-11 апта

11.

Алашорда қозғалысы қайраткерлері Кеңестік Қазақстан тұсындағы қызметтері.

Алашорданың Кеңес өкіметімен, антикеңестік күштермен байланысы жайлы түсіндіру

Ауызша жауап

2

12-13 апта

12.

Ғасыр қасіретін арқалаған арыстар

Алаш арыстарының қилы тағдыры жайлы баяндау

Конспект

2

14-15 апта




    1. Курсты жүргізу саясаты

Пәнді оқыту барысында қойылатын әкімшілік талаптар:

  • Студент сабаққа қатысуға тиісті;

  • Барлық академиялық тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға;

  • ОСӨЖ тапсырмаларын ұқыпты уақытында орындауға;

  • Аталынған талаптар орындалмаса тиісті айыптарды орындауға;



2. Бағалау туралы негізгі мәліметтер

СОӨЖ – ді бағалау балл ретінде жоғарыда 1.8. таблицасы бойынша қойылады.

Міндетті түрде орындалған тапсырмалармен қатар әр түрлі жағдайлар бойынша балл жинай алмаған студенттер қосымша тапсырмалар ала алады (тірек – сызбалар, таблица, кластер, постер, эссе, конспект, реферат).

Студеттердің лекцияға белсенді, продуктивті жұмыстары баллмен бағаланады.

Семестрдың аяғындағы аудиториялық жұмыстар, СОӨЖ уақыттарында жинаған баллдар қосылып, процентке ауысады
Семестрлік жүктемені орындауда студенттің білімі, іскерлігі келесі жүйе бойынша бағаланады:

1 дәріс х 0,5 б. = 30 д. = 15 б.

1 семинар х 0,25тен 1 б. дейін=15 с. =3,75-15б

5 = 1 б.; 4 = 0,75 б; 3 = 0,5 б.

Семинарға белсенді қатысқаны үшін 0,25 б.

ОСӨЖ және СӨЖ= 15-30 б.


1 аттестация 2 аттестация 1 и 2 аттест.

14 д. х 0,5 = 7 б. 16 д. х 0,5 б. = 8 б 60 б.

7 с. х 0,25 тен 1 б.дейін = 1,75 – 7 б. 8 с. х 0,25-1 б = 2,0 б – 8б.

ОСӨЖ және СӨЖ = 16 б. ОСӨЖ және СӨЖ = 14 б.


«20-30 жж. Ұлттық интеллегенияның әлеуметтік-философиялық және саяси бағыттары» пәні бойынша рейтинг көрсеткіші

І аттестация

Д,С, ОСӨЖ және СӨЖ



ІІ аттестация

Д,С, ОСӨЖ және СӨЖ



Сессияға рұқсат рейтингісі

Емтихан бағасы

Жиынтық көрсеткіш

15-30

15-30

30-60

20-40

50-100


Қорытынды баға көрсеткіші:

Қорытынды: 100 балл; А1 + А2 + Е = 100 балл; Қ = Р 60% + Е40% =100 %; 1 балл = 1%




Рейтинг

0-49

50-54

55-59

60-64

65-69

70-74

75-79

80-84

85-89

90-94

95-100

Балл

0

1,0

1,33

1,67

2,0

2,33

2,67

3,00

3,33

3,67

4,0

Әріптік

эквивалент



F

D

D+

C-

C

C+

B-

B

B+

A-

A

Баға

қана

ғ/з


қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы



БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Емтихан сұрақтары:
1.Алаш қозғалысының шығуы.

2.Алашорда қайраткерлерінің өмірінен және қызметінен деректер.

3.Ұлт зиялылары Алаш қозғалысының тірегі.

4.Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің халық жадында жаңғыруы.

6.Алаш қозғалысы және Ресей мемлекеттік Думасы.

7.Алашорда қайраткерлерінің қилы тағдыры.

8.Алаш қозғалысы және «Қазақ» газеті.

9.Тарих тағлымы не дейді?

10.Алаш қозғалысы және 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

11.Қазақ зиялыларының тағдыры (1925-1938 ж.ж)

12.Қазақстан және Ақпан төңкерісі.

13.20-шы жылдардағы Қазақстанның саяси өмірі.

14.Алғашқы қазақ облыстық сьездері.

15.Алашорда және Кеңес өкіметі. (1918-1920 ж.ж)

16.І-ші жалпықазақ сьезі шешімдері.

17.Азаматтық қарсыласу кезіндегі саяси-әскери жағдайлар және 18.Алашорданың қызметінің жалғаса түсуі.

19.Қазақ облыстық комитеттерінің құрылуы.

20.Алашорда және Колчак өкіметі.

21.Қазақ саяси партиясы және Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы.

22.Алашорданың Самара Комучы, Уфа Директориясымен және Колчак диктатурасымен саяси қарым-қатынасы.

23.Семей өлкесіндегі ұлттық –демократиялық қозғалыс (1917 ж).

24.Шығыс Алашорда: басқа алашордалық бөлімдермен байланыстары.

25.Семей қаласындағы саяси партиялардың бөлімшелері және басқа да қоғамдық ұйымдар.

26. Алашорда және жергілікті саяси күштер: өзара саяси, әскери және мәдени саладағы байланыстары.

27.Қосөкіметтің өзіне тән аймақтық ерекшеліктері.

28.Антикеңестік күштермен бірлесіп Кеңес өкіметіне қарсы шығуының тарихи себептері.

29.Саяси күштердің тоғысуы.

30. Алашорда және ресейлік саяси күштер.

31.Жергілікті баспасөз ісі.

32.Маусым оқиғалары. (1918ж)

32.ІІ- ші Жалпықазақ сьезі.

33.Семейдегі Орталық және облыстық Алашорда комитетінің Кеңес өкіметімен қатынасы.

34.Алашорданың құрылуы.

35.Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылу тарихы (1918 ж ақпан- маусым)

36.Алашорданың негізгі міндеттері.

37.Алаш қозғалысы және 1916 ж қозғалыс.

38.Алашорданың құрылуының сипаты.

39.Алаш қозғалысы және «Қазақ» газеті.

40.Алаш қозғалысының шығуы.

41.Маусым оқиғалары (1918ж).



Тест


  1. Алаш партиясы қашан құрылды?

А) 1917 ж наурыз С) 1917ж шілде Е) 1918 ж сәуір

В) 1918ж шілде Д) 1919 ж сәуір




  1. Семейде 1917 жылы қандай газет шықты?

А) «Қазақ» газеті С) «Жас азамат» Е) «Бірлік»

В) «Дала» уәлаяты Д) «Сарыарқа»




  1. Алашорданың уақытша орталығы қай қала болды?

А) Ақмола С) Верный Е) Ырғыз

В) Орынбор Д) Семей




  1. Семейде Колчак өкіметі қашан құлатылды?

А) 1917 ж С) 1919 ж Е) 1921 ж

В) 1918 ж Д) 1920 ж




  1. «Алаш» партиясының бағдарламалық жобасы қашан жарияланды?

А) 1917ж 21-қараша С) 1919ж 22-қазан Е) 1918ж 24-қазан

В) 1918ж 21-қараша Д) 1917ж 21-шілде




  1. «Революция және қырғыздар» мақаласының авторы кім?

А) Ә.Бөкейханов С) М.Әуезов Е) Е.Омаров

В) А.Байтұрсынов Д) М.Дулатов




  1. Алашорда қозғалысы қай уақытта өмір сүрді?

А) 1917-1920ж.ж С) 1917-1919 ж.ж Е) 1917-1921 ж.ж

В) 1918-1920ж.ж Д) 1917-1918 ж.ж




  1. Алашорда өкіметі қай жылы құрылды?

А) 1918ж желтоқсан С) 1919ж қаңтар Е) 1918ж шілде

В) 1917ж шілде Д) 1917ж желтоқсан




  1. Алашорданың төрағасы кім болды?

А) А.Байтұрсынов С)М.Шоқай Е) М.Әуезов

В) М.Дулатов Д) Ә.Бөкейханов




  1. Алашорда қозғалысы қай жазушының шығармасында баяндалды?

А) С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу»

В) М.Олютт «Қазақтар»

С) М.Әуезов «Өскен орта»

Д) Ж.Аймауытов «Қартқожа»

Е) С.Мұқанов «Адасқандар»
11. Алашорда өкіметінің қызметі қай салада жарқын көрініс берді?

А) Қазақ милициясын құруда

В) Оқу-ағарту ісінде

С) Әлеуметтік мәселелерді шешуде

Д) Ұлтаралық қатынастарда

Е) Дін мәселесінде




  1. Уақытша өкіметтің Торғай облысындағы комиссарын атаңыз.

А) М.Тынышпаев С) Ә.Бөкейханов Е) А.Байтұрсынов

В) А.Жангелдин Д) А.Иманов




  1. «Қазақ» газеті маңындағылардың аграрлық мәселе бойынша басты талаптарын көрсетіңіз?

А) Отырықшыландыру ,

В) Жер қатынасы

С) Жерді мемлекет иелігінен алып, қазақтарға беру

Д) Жерді меншікке беру

Е) Жерді байларға беру


  1. 1911- 1915 жж. демократиялық бағытта шығып тұрған қазақ журналын атаңыз?

А) «Абай» С) «Айқап» Е) «Факир»

В) «Қазақ» газеті Д) «Серке»


15.1917ж ақпан төңкерісінің басты ерекшелігі неден білінеді?

А) Қос өкіметтің құрылуы

В) Азамат соғысының басталуы

С) Большевиктердің жеңісі

Д) І-ші жүниежүзілік соғыстың тоқтатылуы

Е) Кеңестердің құрылуы




  1. І-ші Алаш атты әскер полкі 1918 жылы қайда құрылды?

А) Орынбор С) Әулиеата Е) Орал

В) Семей Д) Ырғыз




  1. Торғайдағы Алаш атты әскерді құруға кім бақылау жасады?

А) М.Дулатов С) А.Иманов Е) А.Байтұрсынов

В) М.Шоқай Д) Х.Ғаббасов




  1. І-ші Алаш атты әскер полкінің командирі кім болды?

А) Х.Тоқтажышев С) Х.Ғаббасов Е) М.Тынышпаев

В) О.Әлжанов Д) Б.Сәрсенов




  1. Жымпитыдағы Алашорда бөлімінің басшылары кімдер болды?

А) А.Байтұрсынов және М.Дулатов

В) Х.Ғаббасов пен

С) Х.Досмұхамедов және Ж. Досмұхамедов

Д) Ә.Бөкейханов және М.Тынышпаев

Е) М.Әуезов пен М.Жұмабаев


  1. 1918 жылғы көктемде Алашорда мен Кеңес өкіметі арасындағы келіссөздерді кімдер жүргізді?

А) Ә.Бөкейханов және В.Ленин

В) М.Тынышпаев және Я.Сверулов

С) Х.Ғаббасов пен И.Сталин

Д) Б.Сәрсенов пен И.Сталин

Е) М.Әуезов пен И.Сталин


  1. 1918 жылғы көктемдегі Алашорда мен Кеңес өкіметі арасындағы келіссөздер қандай нәтиже берді?

А) ешқандай С) оң нәтиже

В) жартылай келісім Д) келіссөз болған жоқ

Е) келісім аяқталмай қалуы


  1. «Сарыарқа» газетінің редакторы кім болды?

А) Ә.Молдабаев С) И.Әлімбаев Е) М.Дулатов

В) Т.Ибрагимов Д) Ж.Ақнаев




  1. Семей облыстық земство басқармасын кім басқарды (1918-1919 жж)?

А) Ж.Ақпаев С) А.Бірімжанов Е) А.Қозбағаров

В) Ә.Ермеков Д)Р.Марсенов




  1. Алашорда өкіметін антибольшевиктік күштер тарапынан ресмитану болды ма?

А) жоқ

В) әскери мәселеде ғана танылуы

С) иә

Д) экономикалық тұрғыдан ғана таныды



Е) жартылай танылуы


  1. Алашорда мен Кеңес өкіметі арасындағы келіссөздер не себептен нәтижесіз аяқталуы?

А) идеологиялық сәйкессіздік

В) автономиялық мәселесішешілмеді

С) жер мәселесі шешілмеді

Д) әскер мәселесі шешілмеді

Е) дін мәселесі шешілмеді


  1. Алашорданың Сібір облыстық Советімен қарым-қатынасы қай кезеңді қамтыды?

А) 1917 ж тамыз, 1918ж қаңтар

В) 1917ж мамыр, 1918ж қаңтар

С) 1917ж шілде, 1918ж желтоқсан

Д) 1917ж қараша, 1918ж ақпан

Е) 1917ж қазан, 1918ж наурыз


  1. Алашорданың уақытша сібір өкіметімен қарым-қатынаста қай кезеңді қамтыды?

А) 1918ж, мамыр -қараша

В) 1918ж, маусым-шілде

С) 1918ж, мамыр-тамыз

Д) 1918ж, маусым-қазан

Е) 1918ж, мамыр-қазан


  1. Алашорданың «Комуч» пен қарым-қатынасы қай кезеңді қамтиды?

А) 1918 ж, маусым-тамыз

В) 1918ж, мамыр-шілде

С) 1918ж, мамыр-қыркүйек

Д) 1918ж, мамыр-тамыз

Е) 1918ж, мамыр-қазан
29.Алашорданың Уфа Директориясымен қарым-қатынасы қай кезеңді қамтиды?

А) 1919ж, қыркүйек-қазан

В) 1918ж, қыркүйек-қараша

С) 1917ж, қыркүйек-қараша

Д) 1918ж, қазан-қараша

Е) 1919ж, қазан-желтоқсан




  1. Колчак өкіметі Қазақстанда қай жылдары билік жүргізді?

А) 1918ж тамыз- 1919ж мамыр

В) 1918ж қазан- 1920ж желтоқсан

С) 1918ж қараша – 1919ж желтоқсан

Д) 1918ж қараша – 1919ж маусым


31.Қазақ милициясын жасақтау жөніндегі Алашорда қаулысы қашан шықты?

А) 1918ж, 12 маусым Д) 1919ж, 12 маусым

В) 1917ж, 14 маусым Е) 1919ж, 14 маусым

С) 1919ж, 15 маусым




  1. Семей облыстық Алашорда комитетін кім басқарды?

А) Б.Сәрсенов С) М.Тынышпаев Е) У.Тапашев

В) Х.Ғаббасов Д) А.Тұрлыбаев




  1. «Алаш қозғалысы» еңбегінің авторы кім?

А) К.Нұрпейісов С) М.Қозыбаев Е) С.Жүнісов

В) Д.Аманжолова Д) М.Қойгелдиев




  1. Алашорданың Кеңес өкіметімен алғашқы қарым-қатынасы қай кезеңге жатады?

А) 1918ж, қаңтар-маусым

В) 1918ж, ақпан-мамыр

С) 1918ж, ақпан-қазан

Д) 1917ж, ақпан-мамыр

Е) 1917ж, ақпан-қазан


  1. Семей Алашорда әскері қай майданда соғысты?

А) Шығыс майдан Д) Оңтүстік майдан

В) Батыс майдан Е) Қиыр Шығыс майданы

С) Орталық майдан
36.Семей Алашорда әскері қай өлкедегі соғысқа қатысты?

А)Жетісу С) Барнауыл Е) Ташкент

В) Орынбор Д) Вларевосток


  1. Х.Тоқтамышев қандай әскери ұйымды басқарды?

А) Алаш әскерін С) Сібір корпусын Е) Колчак әскері

В) Казактарды Д) Орыс әскерін




  1. Алашорданың тууы қай түсті болды?

А) Ақ түсті С) Қызыл түсті Е) Қара түсті

В) Сары түсті Д) Көк түсті




  1. «Жасасын, Алаш, жасасын!» атты мақаласының (1918ж қаңтар «Сарыарқа») авторы кім?

А) Ж.Ақпаев С) Х.Ғаббасов Е) Ә.Бөкейханов

В) Ә.Ермеков Д) Б.Сәрсенов




  1. Алаш әскерінің мөлшерімен саны қанша болды деп ұйғарылды?

А) 14000 С) 13500 Е) 14500

В) 13000 Д) 12500




  1. Алашорданың әскери кеңесі қашан құрылды?

А) 1919ж, 24 маусым С) 1917ж, 24 маусым Е)1918ж, 24 мамыр

В) 1918ж, 24 маусым Д) 1920ж, 24 мамыр




  1. «Алаш автономиясының территориясындағы уақытша жерді пайдалану тәртібі» туралы қаулы қашан қабылданды?

А) 1918ж, 24 маусым С) 1917ж, 24 мамыр Е)1918ж, 24 шілде

В) 1919ж, 24 мамыр Д) 1919ж, 24 маусым




  1. Қай өкімет Алашорданы жартылай мойындады?

А) Сібір Думасы С) Комуч Е) Колчак өкіметі

В) Уақытша Сібір өкіметі Д) Уфа директориясы




  1. Алашорда өкіметін тарату жөніндегі жарлықты қай өкімет шығарды?

А) Уфа директориясы С) Сібір Думасы Е)Кеңес өкіметі

В) Комуч Д) Уақытша Сібір өкіметі




  1. Алашорданы тарату жөніндегі Директория жарлығы қашан шықты?

А) 1919ж, 4 қараша С) 1918ж, 4 қазан Е) 1920 4 қазан

В) 1918ж, 4 қараша Д) 1919ж, 4қазан




  1. «Казахский автономизм және Россия» еңбегінің авторы кім?

А) Д.Аманжолова С) М.Қойгелдиев Е) М.Қозыбаев

В) К.Нұрпейісов Д) Ғ.Сармурзин




  1. «Алаш һәм Алашорда» еңбегінің авторы кім?

А) М.Қойгелдиев С) М.Қозыбаев Е) Ғ.Сармурзин

В) К.Нұрпейісов Д) М.Әуезов




  1. Алашорданың семей комитеті кеңестер жағына өту жөніндегі қаулысын қашан қабылдады?

А) 1919ж, 20 желтоқсан Д) 1918ж, 21 желтоқсан

В) 1918ж, 20 желтоқсан Е) 1920ж, 21 желтоқсан



С) 1919ж, 21 желтоқсан




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет