ДК - сыртқы құрылғылары
Мына суретте ДК сыртқы құрылғыларының классификациясы келтірілген.
6-сурет. ДК сыртқы құрылғыларының классификациясы
Мұнда тек кең тараған құрылғылар көрсетілген ЭЕМ-нің кассалық ақпаратпен, микрофонмен, видеокамерамен, видеомагнитофонмен, медициналық және т.б. мен бірге жұмыс жасауын қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар да бар.
Есептеуіш машиналар неше топқа бөлінеді Олар үлкен ЭЕМ-дер, мини ЭЕМ-дер,
микро ЭЕМ-дер, дербес компьютерлер
Үлкен ЭЕМ-дер өте қуатты компьютерлер, кәсіпорындарға, немесе халық шаруашылығының салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады.Микро ЭЕМ-дер өнімділігі өте үлкен
ЭЕМ-дерге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды.
Мини ЭЕМ-дер өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Олар өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде,ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін
ЖОО-да қолданылады. Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқындап дамып келеді. Олар “пайдаланушы” деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған.
Ақпаратты енгізу құрылғылары.
Клавиатура ақпаратты енгізуге арналған негізгі құрылғы. Ең көп тараған клавиатуралар 101 және 102 пернелерден тұрады.
Клавиатурадағы пернелерді төмендегідей блоктарға бөлуге болады: алфавитті-цифрлық пернелер, олар перне тақтаның сол жағына орналасқан. Ол клавиатураның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл бөлікте латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілер және басқа да символдар орналасқан.
функционалдық пернелер, бұл символдық пернелердің үстіндегі жолға орналасқан. Олар латынның F (F1, F2, …, F12) әріптерімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютерде күрделі амалдарды тез орындауға арналған.
Цифрлық пернелер немесе калькулятор блогы, олар символдық пернелердің оң жағына орналасқан.
Курсорды экран бетінде басқару пернелері. Олар арқылы экранда символ орналасқан орынды анықтайды.
|