Сабақ№20 Сабақтың тақырыбы: Менің сыныптасым



бет2/4
Дата05.02.2022
өлшемі19.63 Kb.
#455128
түріСабақ
1   2   3   4

4.Әңгімелеу:

Жексен Бердібек Соқпақбаев

  • Жексеннің ұжымға кіруіне не себеп болды?

  • Сыныптастардың арасын бірлік неліктен мектеп қабырғасымен шектелмеуі тиіс?

  • Бірлікшіл ұжымдағы қарым-қатынас адам бойында қандай қасиеттерді тәрбиелейді?

  • Өздерің сыныптастарыңмен қаншалықты татусыңдар?

  • Тату болу үшін бойымызда қандай қасиеттер басым болу керек?

Ролик көру

Сұрақ –жауап

(пікірталас)



5.Шығармашылық жұмыс. Оқушылар топтасып, оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

1-тапсырма: Қанатты сөздердегі негізгі ойларды анықта, бүгінгі өмірмен байланыстырып түйінде.

«Шынайы достықсыз өмірдің мәні жоқ» Цицерон

«Достық – бұл екі денеде өмір сүретін бір жан» Аристотель

«Мінсіз дос іздеген – доссыз қалады» Әль-Фараби

«Шын дос сыртыңнан мақтайды» Б.Момышұлы

«Достық – асықпай өсетін өсімдік секілді, ол пісіп жетілуі үшін талай сыннан өтуі керек»

2-тапсырма: Жағдаяттарды шешімін тауып, жалғастыр.

1-жағдаят: Бүгін сыныпта партада бірге отыратын ұл екеуің кезекшісіңдер. Сабақ аяқталғаннан кейін сыныптың терезелерін ашып, желдетіп, орындықтарды партаның үсті -не шығарып, еденді, тақтаны мұнтаздай етіп сүртіп, терезе алдындағы гүлдерге су құюларың керек. Соңғы сабақтың алдын да қасыңда отыратын ұлға бүгінгі кезекшілікті ескертсең де, ол кезекшілікке қалмапты. Барлық жұмысты өзің атқаруыңа тура келді.Қатты шаршадың.Ертесіне сыныпқа кіресала сен...

2-жағдаят: Бүгін алгебра сабағынан қорытынды бақылау жұмысы болды. Барлық сабақтарға үзбей қатысып, сабақ мазмұнын толық меңгергендіктен саған бақылау жұмысының есептерін шығару көп қиындық туғызбады. Есесіне, есеп шығаруға қиналып отырған сыныптастарың сенен есеп жауабын өтініп сұрады. Мұғалімге білдірмей сұрағандардың барлығына таратып бердің. Келесі күні мұғалім жұмыстың бағалары қойылған парақшаларды таратып берді. Сыныптағы барлық оқушыларға «бес» деген баға қойылып, саған ғана екілік бағасы қойылыпты. Мұғалімнің мұндай шешімін ішің сезе қойды. Уәж айтуға батылың бармады. Сенің әрекетің қандай?.......



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет