Сабаққа қатысуды тіркеу



бет4/9
Дата16.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#140040
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9




8.3 Білім алушылардың оқу тәжірибесі университеттің оқу бөлімшелерінде немесе кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда өткізілуі мүмкін.

8.4 Білім алушылардың өндірістік, соның ішінде дипломалды тәжірибесі тәртіп бойынша тәжірибелік базамен қамтамасыз ету туралы келісімдерге сәйкес тәжірибе базасы болып табылатын кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда өткізіледі.

8.5 Тәжірибені өткізу мерзімін оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес уни-верситет белгілейді, университеттің оқу-өндірістік базасының, ұйымдардың тәжірибелік базасы және білім алушылардың теориялық даярлық деңгейінің барлық мүмкіндіктері ескеріледі.

8.6 Әрбір тәжірибенің түріне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарында белгіленген мамандықтардың оқу жоспары бойынша кредиттер саны анықталады. Білім алушы сәйкес келетін тәжірибе түріне тіркеледі де, оны өзінің жеке оқу жоспарына енгізеді. Тәжірибенің нәтижесін білім алушы-тәжірибеші жазбаша есеп түрінде рәсімдеп, оны кафедра комиссиясының алдында қорғайды. Білім алушының тәжірибеден өту барысында алған бағасы теориялық оқу бағаларына теңестіріледі де, стипендия тағайындау, білім алушының жалпы GPA-ын есептеу және келесі оқу жылына көшіру кезінде есепке алынып, тәжірибе бойынша тізімдемеге енгізіледі (5-қосымша).

8.7 Тәжірибенің жалпы қорытындысы факультеттің Ғылыми кеңесінде мүмкін болған жағдайда тәжірибелік базалар өкілдерінің қатысуымен шығарылады.

8.8 Магистратураның оқу бағдарламасы тәжірибенің екі түрін қамтиды: педагогикалық – білім мекемелерінде және зерттеу – диссер-тация орындау орындарында. Педагогикалық тәжірибе оқу үдерістерін ұйымдастыруда тәжірибелік дағдыларын және жоғары мектептерде оқыту әдістемелерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады. Педагогикалық тәжірибе теориялық оқу барысында, оқу үдерісінен қол үзбей-ақ өткізілуі мүмкін.

Магистранттың зерттеу тәжірибесі отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа мето-дологиялық және технологиялық жетістік-терімен, ғылыми зерттеуді заманауи әдістермен жүргізудің, эксперименттік мәліметтерді өңдеу және талдау жасаудың қазіргі заманға сай әдістерімен танысу, магистрлік диссертация үшін тәжірибелік және фактологиялық материалдарды жинау мақсатында өткізіледі.

Профилді магистратураның оқу бағдарламасына тек өндірістік тәжірибе ғана кіреді. Магистранттың өндірістік тәжірибесі оқу үдерісінде жинақталған теориялық білімін бекітуіне, ғылыми-зерттеу және кәсіби құзыреттілігін арттыруына бағытталған.

Педагогикалық тәжірибенің нәтижелері қорытынды конференцияда талқыланады, онда магистранттар баяндамалар және хабарламалар жасайды. Зерттеу және өндірістік тәжірибенің қорытындылары кафедра комиссиясына берілетін жазбаша есеп түрінде рәсімделеді.



8.9 Докторанттардың тәжірибесі бекітілген академиялық күнтізбе және жеке жұмыс жоспарына сәйкес мамандық бойынша сәйкес келетін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында белгіленген көлемде өткізіледі.



9. Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу


9.1 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бакалавриаттың барлық академиялық бағдар-ламаларында Қазақстан тарихын оқу міндетті талап болып табылады. Бакалавриаттың барлық мамандықтарында білім алушылар «Қазақстан тарихы» пәнін оқып біткен соң, академиялық күнтізбеге сәйкес аралық аттестация кезінде мемлекеттік емтихан тапсырады.

9.2 Жоғары білім базасында оқу мерзімі жылдамдатылған қысқартылған оқу бағдарла-масы бойынша білім алушылар «Қазақстан тарихын» оқымайды және ол бойынша емтихан тапсырмайды.

9.3 «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханның оқу жұмыс бағдар-ламасы сол пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалып, университеттің Ғылыми кеңесінде бекітіледі. Мемлекеттік емтиханды өткізу түрін факультеттің Ғылыми кеңесі анықтайды.

9.4 «Қазақстан тарихы» пәні бойынша емтихан қабылдау үшін құрамында төрағасы және комиссия мүшелері бар Мемлекеттік емтихан комиссия (МЕК) бір күнтізбелік жылға құрылады. МЕК төрағасының кандидатурасы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешік-тірілмей ҚР БжҒМ жіберіледі және оны министрлік осы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша тапсырылған мемлекеттік емти-ханның нәтижелері оны өткізу қарастырылған сессияның қорытындыларын шығарған кезде есептеледі.

9.5 Мемлекеттік емтихан бойынша алған жақсы бағаны көтермелеу мақсатында оны қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

9.6 Мемлекеттік емтиханнан алған «қана-ғаттанарлықсыз» бағаны аралық аттестация-ның осы кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

9.7 Мемлекеттік емтихандағы «қанағат-танарлықсыз» деген бағаны жақсы бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы теориялық оқу кезеңінде оқу жұмыс жоспарында қарас-тырылған пәндер бойынша барлық оқу сабақтарына ақылы түрде қатысып, қорытынды бақылауға рұқсат алуы керек.


10. Білім алушының

қорытынды

аттестациясы

11. Академиялық

транскрипт

(Transkript)

12. Білім алушыны

университеттен

шығару, академиялық

демалыс беру


10.1 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алушылардың қорытынды аттестациясы ЖБМС анықтаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарына арналған формамен жүргізіледі және мамандықтың оқу-жұмыс бағдарламасында бекітілген және академиялық күнтізбеде қарастырылған мерзімде өткізіледі.

10.2 Білім алушыларды қорытынды аттестациядан өткізу үшін барлық оқу түрлері бойынша әрбір мамандық үшін мемлекеттік аттестация комиссиялары (МАК) құрылады. Факультет декандары ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін академиялық мәселелер бойынша департаменттің оқу үдерісі бөліміне және Жоғары оқу орнынан кейінгі институтқа бітіруші мамандардың профиліне сәйкес тәжірибелік еңбек өтілі бар және аталған ЖОО-да жұмыс істемейтін профессорлар, доценттер, ғалымдар, оқытушылар, өндірістің тәжірибелі мамандары және мұғалімдер ішінен МАК төрағаларының кандидатураларын ұсынады. МАК төрағасының кандидатурасы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ҚР БжҒМ жіберіледі де, сол жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей министрлік тарапынан бекітіледі.

10.3 Білім алушылардың қорытынды аттестацияға жіберу білім алушылардың тізімі бойынша факультет деканының өкімімен (универстет бойынша бұйрық) қорытынды аттестациялаудан кемінде екі апта бұрын МАК-қа жіберіледі. Дипломдық жұмысты, магистрлік не докторлық диссертацияны рецензиялауды тек қорғалатын жұмыс профиліне сәйкес мамандыққа ие, сырт мекемелердің мамандары ғана жүзеге асыра алады.

10.4 Күндізгі бөлімде білім алушылардың диплом жұмыстарының рецензенттері жұмыс орны және атқаратын қызметі көрсетіліп және диплом жұмыс-тарының тақырыптары ағым-дағы жылдың 31 наурызы-нан кешіктірмей бітіртуші кафедра меңгерушісі ұсынған жалпы тізім бойынша ректордың бұйрығымен бекітіледі.

10.5 Докторанттар мен магистранттардың диссертация жұмыстарының тақырыптары маман дайындай-тын факультеттің Ғылыми кеңесінің ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен оқу кезеңінің алғашқы екі айында бекітіледі.

10.6 Университет өз бетінше мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихандардың жұмыс бағдарламаларын, магистратура мен докторан-турадағы кешенді емтихандар бағдарлама-ларын, осы емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламасы негізінде оларды өткізу техно-логиясын құрастырып, бекітеді.

10.7 Диплом жұмыстарын (магистрлік диссертация-ларды) қорғау МАК-тың ашық мәжілісінде өткізіледі. Докторлық диссерта-цияны қорғау диссертациялық кеңес мәжілі-сінде жүзеге асады.

10.8 Мемлекеттік және кешенді емтихан-дарды тапсыру мен диплом жұмыстарын (магистрлік, докторлық диссертация) қорғау нәтижесі сол күні жарияланады. Қорғаудың бағасы, сондай-ақ біліктілік пен академиялық дәреже және мемлекеттік үлгідегі диплом (үздік, үздік емес) беру туралы шешім МАК-тың жабық мәжілісінде комиссия мүшелері мен мәжіліске қатысушылар ашық дауысқа салғанда көпшілік дауыспен қабылданады.

10.9 Диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың орнына мамандықтың профильді пәндері бойынша (білім беру бағдарламасына сай) егер білім алушы:

  1. денсаулығына байланысты медициналық анықтама негізінде ұзақ (бір айдан көп) стационарлық емдеуде болса;

  2. 3 жасқа жетпеген баланы тәрбиелеп отырса, баланың туу туралы куәлігі негізінде;

  3. денсаулығы жоқ ата-анасын бағып-қағып отырса, ата-анасының денсаулығы туралы анықтама негізінде;

  4. мүмкіндігі шектеулі мүгедек болса, мүгедектігі туралы анықтама негізінде екі мемлекеттік емтихан тапсыра алады.

10.10 Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік/ кешенді емтихандарды қайта тапсыру және диплом жұмыстарын (магистрлік, докторлық диссертация) қайта қорғауға рұқсат етілмейді.

10.11 Білім алушы бітіру жұмысын (диплом жұмысы/ жоба немесе магистрлік/докторлық диссертация) ғылыми жетекшісінің және сарапшы комиссияның (магистрлер мен PhD үшін) оң пікірі болған жағдайда қорғайды. Егер ғылыми жетекші немесе сарапшы комиссия (магистрлер мен PhD үшін) теріс қорытынды жасаса, білім алушы «қорғауға жіберілмейді», білім алушы диссертация қорғамайды.

10.12 Қорытынды аттестациядан өткен және жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгергенін дәлелдеген білім алушыға МАК-тың шешімімен мамандығына сай біліктілік және (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесі бойынша қосымшасы тіркелген мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Қорытынды аттестациядан өткен магис-тратураның кәсіби оқу бағдарламасын мең-гергенін дәлелдеген білім алушыға МАК-тың шешімімен мамандығына сай біліктілік немесе «магистр» академиялық дәрежесі бойынша қосымшасы тіркелген мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Қорытынды аттестациядан өткен докта-рантураның кәсіби оқу бағдарламасын мең-гергенін дәлелдеген білім алушыға диссер-тациялық кеңестің ұсынысы бойынша «философия докторы» (PhD) немесе «профиль бойынша доктор» ғылыми дәрежесі беріледі.

10.13 Емтихандарды және дифференциялды сынақты А, А+, А- – «өте жақсы», В, В+, В-» жақсы бағаларға тапсырған және оқудың бүкіл кезеңінде орташа үлгерім балы (GRA) 3,5-ден төмен болмаса, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихандарды және дипломдық жұмысты А, А+, А- – «өте жақсы» бағаға қорғаса үздік диплом беріледі (әскери дайындық бойынша баға есепке алынбайды).

Егер білім алушы оқу кезінде емтиханды қайта тапсырса, осы ережелердің талаптарына сәйкестігіне қарамастан, үздік диплом ала алмайды.



10.14 F «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда қорытынды аттестацияның кезінде мемлекеттік емтиханды және дипломдық жұмысты (магистрлік диссертацияны) қайта тапсыруға және/немесе қайта қорғауға рұқсат етілмейді.

Білім алушының қорытынды аттестациядан қайта өтуі алдыңғы қорытынды аттестациядан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда ғана келесі қорытынды аттестация кезеңінде тек бұрынғы формада жүргізіледі. Мұндай жағдайда мемлекеттік емтиханды тапсыра алмаған тұлғаларға арналған пәндер тізімі білім алушының теориялық курсты аяқтаған жылы бекітілген оқу жұмыс жоспарымен анықталады. Қорытынды емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған білім алушы оқу орнынан ЖОО басшысының бұйрығымен оқудан шығарылады және белгіленген үлгідегі Анықтама беріледі.



10.15 Қорытынды аттестация нәтижесі бойынша университеттен шығарылған білім алушы келесі оқу жылының қорытынды аттестациясынан кем дегенде екі апта бұрын білім беру ұйымының басшысының атына «F» «қанағаттанарлықсыз» баға алған формаларына жіберуге рұқсат беру жөнінде өтініш жазады. Білім алушы емтиханды қайта тапсыруға немесе диплом жұмысын қорғауға тек ақылы негізде жіберіледі.

10.16 Магистранттар мен докторанттардың қорытынды аттестациясы мамандықтардың академиялық күнтізбесі мен жұмыс оқу жоспарында қарастырылған мерзімде өткізіледі. Қорытынды аттестацияға кешенді емтихан мен диплом қорғау кіреді.

Магистранттар мен докторанттардың қоры-тынды аттестациясына жіберу ЖОО-ның бұйрығымен аттеста-циядан екі апта бұрын рәсімделеді және Мемлекеттік аттестациялық комиссияға (МАК) ұсынылады.



10.17 Кешенді емтихан магистратурада диссертацияны қорғаудан бір ай бұрын және докторантурада үш ай бұрын қабылданады. Қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы-ларға қорытынды аттестация уақытында кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. Кешенді емтиханда қанағат-танарлықсыз баға алған магистрант/докторант белгіленген үлгідегі анықтама беріліп, ректордың бұйрығымен ЖОО-нан шығарылады. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін денсаулығына байланысты МАК-қа ұсынған құжаттар қарастырылмайды.

Кешенді емтиханға себепті жағдайлармен келмеген магистрант/докторант МАК төраға-сының атына өтініш жазады, ақтау құжаттарын өткізіп, емтиханды комиссияның келесі мәжілісінде тапсыра алады. Кешенді емтиханды жақсы бағаға тапсырған магистрант/докторант магистрлік/докторлық диссертациясын қорғауға жіберіледі.



10.18 Магистрлік диссертацияның тақы-рыбы бойынша кемінде бір ғылыми мақала ашық басылымда жариялануы және/немесе ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама жасалуы керек.

Магистрлік диссертацияны қорғау қанағат-танарлықсыз деп табылса, МАК сол жұмысты енгізілген өзгерістерімен немесе жаңа тақырып-пен қайта қорғауға мүмкіндік береді.

Магистрлік диссертациясының қорғауы МҚА-ң келесі мезгілінде өткізіледі.

10.19 Философия докторының (PhD) немесе профиль бойынша доктор дайындайтын оқу үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі докторанттың 60-тан кем емес кредитті игеруі болып табылады, оның ішінде 30-дан кем емесі теориялық және 6-дан кем емесі тәжірибелік кредиттер.

Докторантураның оқу бағдарламасын мерзімінен бұрын игерген және диссертацияны сәтті қорғаған жағдайда докторантқа оқу мерзіміне қарамай PhD докторының немесе профиль бойынша доктордың ғылыми дәрежесі беріледі.

Докторантураның оқу бағдарламасының толық теориялық курсын игерген, бірақ белгіленген уақытта докторлық диссертациясын қорғамаған докторанттың докторантурадағы оқуы ақылы негізде жалғастыры-лады.

10.20 Магистрлік немесе докторлық диссер-тациялық жұмысты қорғау алдында міндетті түрде «антиплагиат» бағдарламасы бойынша тексеруден өтуі керек.
11.1 Оқу кезеңіне сәйкес өткізілген пәндер тізімінен тұратын, кредиттер мен баға сан және әріп түрінде көрсетілген, белгіленген форма-дағы құжат (ҚР БжҒМ №152 бұйрығы). Транскриптте білім алушының барлық қоры-тынды бағалары, оған қоса қайта тапсырған емтиханның жақсы нәтижелері жазылады. Транскрипт білім алушының ресми құжаты болып табылады.

11.2 Дипломның қосымшасы жалпы мін-детті білім алу стандарты мен оқу жұмыс жоспары, тапсырған курстық жұмыстар, тәжірибе түрлері мен қорытынды аттестация нәтижелері көлемінде көрсетілген барлық пәндер бойынша алған бағаларына сәйкес білім алушының жеке оқу жоспарының орындалғаны туралы анықтама негізінде толтырылады. Дипломның қосымшасына кредит көлемі мен академиялық сағаттар көрсетілген балдық рейтингтік әріптік бағалар жүйесі бойынша әрбір оқу пәндерінен алынған соңғы бағалар жазылады.

12.1 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушысы университеттен мына себептермен шығарылуы мүмкін:


  • өз еркімен

  • басқа оқу орнына ауысуына байланысты.

  • оқу тәртібін бұзғандығы үшін (қайта оқу курсы үшін ауысу бұйрығының бекітілген мерзімінде немесе ақылы негізде пәнді қайта оқу үшін оқу ақысын төлемегендігі үшін), университетпен байланысын үзгендігі үшін, дәлелсіз себептермен сабаққа қатыспау (қатыс-паған сағат саны 36-дан аспау керек), академия-лық демалыс мерзімі аяқталғаннан кейін немесе шетелдік іссапардан соң (2 аптадан астам уақыт) сессияға келмеу.

  • оқу ақысын төлемеу.

  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін (сабаққа мас күйінде келуі немесе спирттік ішімдіктерді ішуі, университет қабырғасында құмар ойындар ойнауы, университет мүлкін бүлдіруі, жатақханада тұру тәртібін бұзуы, университет қабырғасында қоғамға қарсы қылығы үшін, ауыр зардаптарға соқтыратын еңбек және өрт қауіпсіздігін бұзғандығы үшін).

12.2 Студенттік емханада бекітілген меди-циналық анықтаманы көрсету, шетелдік іссапар-ға шығу, университет әкімшілігінің келісуімен республика деңгейіндегі әр түрлі шараларға және спорттық жарыстарға қатысу, сонымен қатар форс-мажорлық жағдайлар сабақты жіберудің дәлелді себептері болып саналады.

12.3 Мемлекеттік грант иегері болып табылатын білім алушы университеттен шыға-рылған жағдайда мемлекеттік гранттан айыры-лады.

12.4 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушысы медициналық көрсеткіші бойынша және ҚР Қарулы Күштері қатарына шақы-рылуына байланысты академиялық демалыс алуға құқығы бар.

Академиялық демалыс беру процедурасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және ҚР БҒМ нормативті құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқу жұмыс жоспарындағы пән айырма-шылығын жою үшін академиялық демалыстан қайтып келген білім алушы қажетті пәндерге тіркеледі және семестр бойында ағымдағы топтармен қайта оқиды. Білім грантының иегер-лері академиялық демалыстан және іссапардан кейін қайтадан тегін оқиды (бір рет), келісім-шартпен білім алушылар ақылы түрде оқиды.


13. Білім алушыны

ауыстыру тәртібі (білім алушының басқа ЖОО-дан, университет ішінде және курстан курсқа ауысуы).

14.Білім алушыларды қайта қабылдау тәртібі

15. Мемлекеттік шәкіртақы

төлеу тәртібі


13.1 Басқа жоғары оқу орнынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ауысу тәртібінің ең басты шарты аталған оқу орнында оқуды одан әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі болып табылады.

13.2 Білім алушыны басқа жоғары оқу орнынан ҚазҰУ-ға сәйкес келетін оқу формасы мен мамандық бойынша ауыстыру мемлекеттік аттестациядан өткен соң, демалыс кезінде жүргізіледі. Мемлекеттік грант иегерлері, сондай-ақ 3.00-ден кем емес GPA бар білім алушылар ауысу үшін басым құқыққа ие болады.

Барлық оқу формасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға ауысу процедурасы ҚР-ның «Білім туралы» Заңына және ҚР БҒМ нормативті құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.



13.3 Білім алушының басқа оқу орнынан сай келетін курсқа ауысуы оқу жоспарындағы айырмашылықты жойған, соң талап етілетін кредиттер саны сай келгенде жүзеге асады. Мұнда оқу жұмыс жоспарындағы айырма-шылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің оқу пәні 5-тен, магистратура мен докторантура PhD үшін 3-тен аспауы керек, ал элективті пәндер кредит мөлшерімен сәйкес келуі керек. Болмаған жағдайда ол бір курс төменге ауысады. Білім алушының университеттің ішінде бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір формадан екінші формаға ауысуы ұқсас талаптар бойынша ақылы түрде жүзеге асады. Білім алушының оқу жұмыс жоспарында пайда болған айырмашылықты жою үшін қажетті пәндерге тіркеледі, ереже бойынша оларды ағымдағы топтармен бірге оқиды.

13.4 Ақылы бөлімнен мемлекеттік грантқа ауысу оқуда жоғары көрсеткішке жеткен білім алушыға ҚР БҒМ нормативті талаптарына сәйкес вакантты орын болған жағдайда конкурсты негізде демалыс кезінде рұқсат етіледі.

13.5 Әл-Фаради атындағы ҚазҰУ-дың білім алушылары аталған курстың оқу жоспарының талаптарын толық орындағанда, талап етілген кредит мөлшерін игергенде және GPA ауысу балының белгіленген деңгейін жинаған жағдайда келесі курсқа ректордың бұйрығымен көшіріледі. Келесі курсқа көшкен білім алушының академиялық қарыздары болса сәйкес пәндерді тек ақылы негізде қайта оқуы керек. Оқу жұмыс жоспарының талаптарын орындамаған және белгіленген GPA ауысу балын жинай алмаған білім алушы курсты қайта оқуға қалдырылады.

13.6 Академиялық қарызды жою мақсатында қайта оқуға қалдыру немесе оқу сабақтарына қайта қатысу ауыстыру бұйрығы-ның негізінде рәсімделеді:

  • білім алушының жеке өтінішіне факультет деканының және қаржы-экономикалық жұмыс бойынша департамент директоры-ның бұрыштамасы қойылғанда;

  • факультет деканының қолы қойылған білім беру қызметі туралы (жазғы семестр) университетпен жасалған келісім-шарттар;

  • оқу ақысын төлегені туралы квитан-циясын көшірмесі.

Қайтарымды білім беру қызметі туралы келісім-шартқа белгіленген уақытта (ағымдағы жылдың оныншы қыркүйегіне дейін) отырмаған білім алушы оқу тәртібін бұзғаны үшін оқудан шығарылады.
14.1 Бұрын оқудан шығарылған білім алушыны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушылары қатарына қабылдау барлық оқу түріне оқудан шығару мерзіміне байла-ныссыз демалыс кезінде ректордың бұйры-ғымен орындалады. Қайта қабылдаудың міндетті шарты білім алушының бірінші академиялық кезеңді аяқтауы болып табылады.

14.2 Оқу жоспарындағы айырмашылықты жойған соң талап етілетін кредит мөлшеріне жету қайта қабылдауды анықтайтын шарт болып табылады. Оқу жоспарындағы айырма-шылық бакалавриат үшін міндетті блогтың пәні 5-тен, магистратура мен докторантура PhD үшін 3-тен аспауы керек, және элективті пәндер бойынша кредит саны толықтай сәйкес келуі керек.

14.3 Білім алушылар қатарына сәйкес курсқа қайта қабылдау тек ақылы түрде жүргізіледі.

14.4 Қайта қабылдау процедурасы толықтай ҚР-ның «Білім туралы» Заңына және ҚР БҒМ нормативті құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
15.1 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушыларына мемлекеттік стипендия төлеу ҚР Үкіметінің, ҚР-ның «Білім туралы» Заңына және ҚР БҒМ нормативті құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

15.2 Мемлекеттік стипендия бакалаврларға, магистранттарға, PhD докторанттарға, мемле-кеттік тапсырыс бойынша білім алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша ауысқан білім алушыларға сессиясы нәтиже-сінде немесе аралық аттестациядан «жақсы» және «өте жақсы» деген баға алған білім алушыларға тағайындалады.

15.3 Білім алушының шығармашылық белсенділігін қолдау үшін түрлі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар, ұлттық компаниялар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім алушы-сына стипендия тағайындайды.

16. Оқуға ақы төлеу



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу ақысы ғылым және білім үдерісін қамтамасыз етуге кеткен қаржы есебінен қалыптасады. Оқуға ақы төлеу білім беру қызметінің келісім-шартына сәйкес реттеледі және қаржы-экономика жұмысы жөніндегі Департаменттің құзырында болады.


1-қосымша
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бекітемін

Декан ______________ Аты-жөні

«____» _____________ 2011 ж.

БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ОҚУ ЖОСПАРЫ

20__ - 20__оқу жылы


(Білім алушының аты-жөні)

_________________________________________________ факультеті

_________________________________________________ мамандығы

(шифры, атауы)



ОҚУ ТҮРІ __________ курс

_________________

(күндізгі, кешкі, сырттай)

Оқыту сатысы ____________________ Семестр____________

(бакалавр, магистр, PhD)





Пән атауы

Кредит саны

Апталық аудиториялық сабақтар

(кредит есебінде)

Оқытушының аты-жөні

Қорытынды бақылау түрі

лекция

сем/лаб

практ

1

Экология
















Емтихан

2

Информатика
















Емтихан

3

Базалық шет тілі
















Атт./емтихан

4

Мамандыққа кіріспе
















Емтихан

5

Пәннің толық атауы (таңдау бойынша)
















Емтихан







Білім алушы _________________________ (Аты-жөні, қолы)

Куратор- эдвайзер ____________________ (Аты-жөні, қолы)

Тіркеуші кеңсесі _____________________ (Аты-жөні, қолы)

Тіркеу мерзімі_______________________



2-қосымша
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТІЗІМДЕМЕСІ
Тізімдеме түрі: негізгі (қосымша, комплексті)

  1. ________________________________________ факультеті

____________________________________семестр

_________________________________________бөлімі



Оқытушының аты-жөні ___________________________________

Пән: ________________________________________







Білім алушытің аты-жөні

Сынақ кітапшасының №

Курс

Мамандық

Үлгерім

15 апта қорытындысы

І аралық бақылау

ІІ аралық бақылау





























































































































































































Тізімдеме мөрінің датасы: Бақылау өткізілген күн:

Оқытушының қолы: ____________

Білім алушының саны: Тапсырды –

Тапсыра алмады –

Келмеді –

Факультет деканы : _____________________________(Аты-жөні)
Ескерту:


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

% мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанақаттанарлықсыз

I

(Incomplete)



-

-

Пән аяқталмаған

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

P

(Pass)


-

-


«Есептелінді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

NP

(No Рass)



-

-


« Есептелінбейді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

W

(Withdrawal)



-

-

«Пәннен бас тарту»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AW

(Academic Withdrawal)









Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AU

(Audit)


-

-

« Пән тыңдалды»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

Атт-ған




30-60

50-100


Аттестатталған


Атт-маған




0-29

0-49


Аттестатталмаған


R (Retake)

-

-

Пәнді қайта оқу

1. 1 аралық бақылау бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші (7-апта) – 30 %

2. 2 аралық бақылау бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші (15-апта) - 30 %

3. Аралық аттестация (АА) бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші, қорытынды емтихан - 40%

4. Пән бойынша үлгерімнің жоғары деңгейі - 100%

5. Пән бойынша қорытынды баға АБ 1, АБ2 және АА-ның үлгерімінің қорытындысы ретінде анықталады.

* Сынақ кітапшасына баға әріптік және пайыздық түрде қойылады.

3-қосымша
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЕМТИХАН ТІЗІМДЕМЕСІ

Тізімдеме түрі: негізгі

2. _____________________________факультеті

_____________________________семестр

_____________________________бөлімі

Оқытушының аты-жөні ________________________________________

Пән ________________________________________







Білім алушының аты-жөні

Сынақ кітапша-сының №

Курс

Маман-дық

АБ үлгерімі %



АА үлгерімі %


Баға

Оқыту-шының

қолы

%


әріппен






















































































































































































































































Тізімдеме мөрінің датасы: Бақылау өткізілген күн: __________

Білім алушының саны: Тапсырды –

Тапсыра алмады –

Келмеді –

Факультет деканы : _____________________________(Аты-жөні)

Ескерту:


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

% мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанақаттанарлықсыз

I

(Incomplete)



-

-

Пән аяқталмаған

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

P

(Pass)


-

-


«Есептелінді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

NP

(No Рass)



-

-


« Есептелінбейді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

W

(Withdrawal)



-

-

«Пәннен бас тарту»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AW

(Academic Withdrawal)









Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AU

(Audit)


-

-

« Пән тыңдалды»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

Атт-ған




30-60

50-100


Аттестатталған


Атт-маған




0-29

0-49


Аттестатталмаған


R (Retake)

-

-

Пәнді қайта оқу

6. 1 Аралық бақылау бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші (7-апта) – 30 %

7. 2 Аралық бақылау бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші (15-апта) - 30 %

8. Аралық аттестация (АА) бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші, қорытынды емтихан - 40%

9. Пән бойынша үлгерімнің жоғары деңгейі - 100%

10. Пән бойынша қорытынды баға АБ 1, АБ2 және АА-ның үлгерімінің қорытындысы ретінде анықталады.

11. «ж» - емтиханға келмеу.

* Сынақ кітапшасына баға әріптік және пайыздық түрде қойылады.



4-қосымша
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТІЗІМДЕМЕСІ

Тізімдеме түрі: негізгі

3. _____________________________факультеті

_____________________________мамандығы

_____________________________бөлімі

_____________________________курс

_____________________________семестр
Оқытушының аты-жөні ______________________





Білім алушының аты-жөні

Сынақ кітапшасының №

Баға

Оқытушының

қолы

%


әріппен












































































Тізімдеме мөрінің датасы: Бақылау өткізілген күн:

Оқытушының қолы ____________


Білім алушының саны: Тапсырды –

Тапсыра алмады –

Келмеді –

Факультет деканы : _____________________________(Аты-жөні)


Ескерту:


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

% мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанақаттанарлықсыз

I

(Incomplete)



-

-

Пән аяқталмаған

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

P

(Pass)


-

-


«Есептелінді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

NP

(No Рass)



-

-


« Есептелінбейді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

W

(Withdrawal)



-

-

«Пәннен бас тарту»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AW

(Academic Withdrawal)









Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AU

(Audit)


-

-

« Пән тыңдалды»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

Атт-ған




30-60

50-100


Аттестатталған


Атт-маған




0-29

0-49


Аттестатталмаған


R (Retake)

-

-

Пәнді қайта оқу

12. 1 Аралық бақылау бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші (7-апта) – 30 %

13. 2 Аралық бақылау бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші (15-апта) - 30 %

14. Аралық аттестация (АА) бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші, қорытынды емтихан - 40%

15. Пән бойынша үлгерімнің жоғары деңгейі –100%

16. Пән бойынша қорытынды баға АБ 1, АБ2 және АА-ның үлгерімінің қорытындысы ретінде анықталады.

17. «ж»-курстық жұмысты қорғауға келмеу.

* Сынақ кітапшасына баға әріптік және пайыздық түрде қойылады.

5-қосымша
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ ( ӨНДІРІСТІК, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ) ТІЗІМДЕМЕСІ

Тізімдеме түрі: негізгі

4. _____________________________факультеті

_____________________________мамандығы

_____________________________бөлімі

_____________________________курс

_____________________________семестр
Оқытушының аты-жөні ________________________________________

Кредит саны: ________






Білім алушының аты-жөні

Сынақ кітапшасының №

Кредит саны

%

мазмұны


Дәстүрлі жүйе



Оқытушы

қолы































































































































Тізімдеме мөрінің датасы: Бақылау өткізілген күн:

Оқытушының қолы: ___________
Білім алушының саны: Тапсырды –

Тапсыра алмады –

Келмеді –

Факультет деканы : _____________________________(Аты-жөні)


Ескерту:


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

% мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанақаттанарлықсыз

I

(Incomplete)



-

-

Пән аяқталмаған

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

P

(Pass)


-

-


«Есептелінді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

NP

(No Рass)



-

-


« Есептелінбейді»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

W

(Withdrawal)



-

-

«Пәннен бас тарту»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AW

(Academic Withdrawal)









Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

AU

(Audit)


-

-

« Пән тыңдалды»

(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)

Атт-ған




30-60

50-100


Аттестатталған


Атт-маған




0-29

0-49


Аттестатталмаған


R (Retake)

-

-

Пәнді қайта оқу

18. 1 Аралық бақылау бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші (7-апта) – 30 %

19. 2 Аралық бақылау бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші (15-апта) - 30 %

20. Аралық аттестация (АА) бойынша оқу үлгерімінің жоғары көрсеткіші, қорытынды емтихан-40%

21. Пән бойынша үлгерімнің жоғарғы деңгейі –100%

22. Пән бойынша қорытынды баға АБ 1, АБ 2 және АА-ның үлгерімінің қорытындысы ретінде анықталады

23. «ж»-практиканы қорғауға келмеу

* Сынақ кітапшасына баға әріптік және пайыздық түрде қойылады

Содержание


1.

Использованные сокращения …………………………………..

51

2.

Глоссарий ………………………………………………………...

51

3.

Общие положения………………………………………………..

58

4.

Выбор образовательной траектории обучающимися.

Индивидуальный учебный план обучающегося……………….



61

5.

Регистрация на посещение учебных занятий…………………..

63

6.

Контроль учебных достижений обучающихся………………...

66

7.

Оценка знаний обучающихся…………………………………...

69

8.

Организация и прохождение практики ………………………...

76

9.

Организация и проведение государственного экзамена

по Истории Казахстана…………………………………………..

79

10.

Итоговая аттестация обучающихся….…………………………

80

11.

Академический транскрипт …………………………………….

87

12.

Отчисление обучающихся из университета, предоставление академического отпуска ………………………………………...

88

13.

Порядок перевода обучающихся (перевод обучающихся из других вузов, перевод внутри университета и перевод с курса на курс)…………………………………………………………….

89

14.

Порядок восстановления обучающихся………………………..

91

15.

Порядок выплаты государственных стипендий ……………....

92

16.

Оплата за обучение ……………………………………………...

92

Настоящая Академическая политика КазНУ им. аль-Фараби составлена в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об образовании», нормативно-инструктивными документами и приказами МОН РК.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет