Сабаққа әдістемелік нұсқау 7М05123 «Биотехнология»



бет37/40
Дата11.09.2023
өлшемі0.76 Mb.
#477168
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Практ

Бактериофаг. Бактериофагтар (бактерия және гр. Phagos — жегілер), бактерия жалмаушылары — бактерияларды, микроорганизмдерді ыдырататын вирустар және бактериялар жасушасын зақымдайтын және олардың еруін тудыратын вирустар. Бактериофагтар тек тірі клеткада ғана тіршілік ете алады. Ол ұзындығы 60 — 100 нм болатын бас бөлігінен және 100—200 нм таяқша тәрізді құйрықшадан тұрады.Бактериофагтардың жеке түрлері белгілі бір бактерияны зақымдай алады. Ол тек ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жойып жібермей, пайдалы түрлерін де жоя алады. Бактериофагтар басқа денеге беки алады. Бактериофагтар көптеген бактериялардан, соның ішінде патоген (ауру қоздырғыш), сапрофит (өлекселермен қоректенетіндер) топтарынан, сәулелі саңырауқұлақтардан, көк-жасыл балдырлардан табылған. Ол адам мен жануарлардың ішек-қарындарында, өсімдіктерде, топырақта, табиғи және ақаба суларда, көңде, т.б. ортада кездеседі. Бактериофагтар топырақтағы микроорганизмдерге зиянды әсер етіп, ондағы пайдалы процестердің (аммонилану, нитрлену, атмосфера азотын тұту) қалыпты жүруіне кесірін тигізеді



С
урет 8. Бактериофаг құрылымы.

Сондай-ақ, Бактериофагтар азотобактердің азот тұтушы қабілетін, патоген бактериялардың улылық және антигендік қасиеттерін өзгерте алады. Ал кейбір Бактериофагтар микробтарды жүйелеу саласында, микробиол. Синтездеуде (антибиотиктерді, амин қышқылдарын, сүт өнімдерін, бактериялық тыңайтқыштарды даярлауда, т.б.), сонымен қатар адамдар мен жануарларда кездесетін бірқатар жұқпалы (оба, іріңдеткіш стафилакоктар, тырысқақ, іш сүзегі және анаэроб инфекциялары) ауруларды қоздыратын бактериялардан алдын-ала сақтандыру және емдеу мақсатында қолданылады.


Бактериофаг тұралы түсінік
Бактериофагтардың бактериялар сияқты клеткалық құрылысы болмайды және тек тірі клеткада тіршілік етуге бейімделген. Ол құрғақшылыққа, төменгі температураға, көптеген химиялық уларға төзімді. Бірақ 50 проценттік глицерин ертіндісі бактериофагтарды қырып жібереді, ал +80 градусқа дейінгі ыстықты олар оңай көтереді. Температура +100 градусқа көтерілгенде бактериофагтар қырылып кетеді. Фагтардың кебеюі небәрі 30—90 минутқа дейін созылады. Олар табиғатта өте көп тараған. Қазіргі кезде бақтериофагтарды медицинада және ветеринарияда кейбір зиянды ауру қоздырғыштарға қарсы қолданады.Сонымен қатар бактериофагтар өндіріске, әсіресе тамақ өнеркәсібіне көп зиян келтіреді. Мәселен, олар пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынатын сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.Егер әдеттегі бактерия клеткалары +50-60°-та қырылып қалатын болса, олар спора күйінде +100° ыстықты да көтереді және өте құрғақшылыққа төзе береді. Бактериялар спора күйінде қолайлы жағдай туғанша, ұзақ уақыт, кейде бірнеше жылдарға дейін, тіршілік қабілетін жоймайды. Клеткада үнемі бір ғана спора түзіледі. Қолайлы жағдай туғанда спора өзіне ылғал тартып, ісінеді де сыртқы қабығы жұмсарып жарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет