4.Мәтінмен жұмыс.
«Жабық хат» стратегиясы
Әр топқа бүгінгі тақырып бойынша мәліметтер салынған конверт таратылады. Конверт ішіндегі ақпаратты пайдалану арқылы әр топ берілген тақырып бойынша өзінің құрастырған постерін қорғайды.
5.Тәжірибелік жұмыс
Топ мүшелері өзара жұптаса отырып, оқулықта берілген деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
А деңгейі
Paint графикалық программасын іске қосыңдар.
Сурет салыңдар.
Өз суреттеріңді Бейнелер бумасында сақтаңдар.
Осы файл үшін Жарлық құрыңдар.
Жарлықты Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.
Іздеудің көмегімен өз файлдарыңды тауып, іске қосыңдар.
В деңгейі
Компьютерлеріңдегі дискілерден атауларында «информатика» сөзі бар файлдарды табыңдар.
Осы файлдарды Информатика бумасына сақтаңдар.
1-2 пункттерде әдебиет пен математика пәндерінің файлдары үшін қайталаңдар. Көшіру үшін әртұрлі тәсілдерді қолданыңдар.
Файлдардың біреуі үшін Жұмыс үстелінде жарлық құрыңдар.
С деңгейі
WordPad программасын іске қосыңдар.
71- суретте көрсетілген мәтінді теріңдер.
Мәтінді Мысал1 бумасында Тізім атауымен сақтаңдар.
71- сурет. С деңгейлі тапсырмаға қосымша мәтін үлгісі
Калькулятор программасын іске қосыңдар.
Бірінші сынып оқушысының жиынтығына қанша зат кіретінің санаңдар.
Шыққан нәтижені Калькулятордың Блокнот мәтіндік редакторына кірістіріңдер.
Шыққан файлды Мысал2 бумасында сақтаңдар.
Paint графикалық редакторын ашыңдар
Таңдауларың бойынша: компьютердің, жануардың адамның суретін салыңдар.
Суретті Сурет деген атаумен Children бумасын сақтаңдар.
Мысал1, Мысал2 бумаларының екеуін де Іздеу терезесіне шығарыңдар.
Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер.
Өздерің құрған нысандардың бәрін Қоржынға
орналастырмай жойыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |