Сабаққа негізделген оқу мақсаты



бет1/2
Дата11.03.2020
өлшемі272.54 Kb.
түріСабақ
  1   2

Сабақ: Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін көтеру.

Мектеп: №3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 06.02.17

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сынып: 11-«Б»

Қатысқандар:12

Қатыспағандар:0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы көтеру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: берілген тапсырманы орындайды.

Оқушылардың басым бөлігі: өз ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізеді.

Кейбір оқушылар:берілген тапсырмаларды нақты, әрі түсінікті орындайды.


Бағалау критерийлері:

  1. «Айналым» әдісінің сұрақтарына толық жауап беруі;

  2. Эссе жазып, салыстырмалы түрде бағалауы;

  3. Тест тапсырмасын орындауы.

Күтілетін нәтиже:

  1. Сұрақтарға толық, нақты жауап береді;

  2. Эссе жазада;

  3. Тест тапсырмасын орындап бағалайды.

Ойлау деңгейлері:

Жоспарланған жаттығулар: Төле бидің шешендік сөзі, ойлау карталары, болжау, постермен жұмыс, эссе, тест, кері байланыс.

Ресурстар

Уақыт

Басталуы

«БІЛУ»


Кім?

Не?


Қашан?

Қайда


«ТҮСІНУ»

Неге?


Неліктен?

Не үшін?


Ұйымдастыру

Ынтымақтастық орнату. Оқушылармен бірге шеңбер құрап алып, шеңбер бойымен шыбықтарды тарата отырып, Төле бидің шешендік сөзімен бастаймын. Мақсат: оқушыны ынтымақ, бірлікке шақыру. Шешендік сөздің мазмұнын ашу.

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. (осы жерде сұрақ оқушыларға қарата айтылады) Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

-Балам, мынаны сындырып көрші (оқушыға шыбық ұстатып) сонда Төле би буылған шыбықты олай бұлай иіп сындыра алмайды.

- Енді сол шыбықты біртіндеп сындырып көрші?(деп оқушыларға шыбық таратып беру)Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп оп- оңай сынырыпты.

- Бұдан не түсіндің, балам? (оқушылардың пікірі тыңдалады) дейді.

-Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп- оңай алады дегеніңіз ғой.

- Бәрекелде балам, дұрыс таптың.(оқушыларға қарата айту) Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде,(оқушыларға қарата) ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,-депті.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Айналым» әдісі

Мақсат: қазақ тілі сабағындағы тақырыпқа байланысты айтылған ережелерді, авторлар мен олардың еңбектерін, көркемдегіш құралдарды еске түсіру.

Бұл әдісті қолдану үшін алдымен айналымның аты мен реті жазылады.оқушылар әр айналымда анықтамалық айтады.Бір оқушы айтқан пікірді екінші оқушы айтпайды. Айналым санын мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай белгілеп отырады. Барлық айналымнан өткен оқушы «5» деген баға алып отырады. Тапсырманы орындамаған оқушы айналымнан шығады. Дұрыс жауап берген оқушыларды бас бармақ әдісімен бағалайды.

1-айналым: Шешендік сөз дегеніміз.....

2-айналым: Қазақ және грек шешендері мен кітаптары

3-айналым: Шешендік сөзді мысалмен толықтыру.

Жаңа тақырыпты ашу.

«Ойлау карталары» стратегиясы.

1. «МАЗАИКА» әдісімен топқа біріктіру;

2. Сүреттерге тақырып таңдау;


«Уақыт қадірі», «Жүректің кілті» деген тақырып.


Сол тақырыпта эссе жаздыру.(Оқушыларға жүрекшелер таратылып беріледі.) эссені бағалауға қойылатын талаптар:

  1. Мазмұны;

  2. Нақыл сөздерді қолдануы;

  3. Өзіндік қорытынды жасауы.

«Уақыт қадірі» деген оқушылардың жазған эсселерін аудио оқылым арқылы айтылған өлеңмен қорыту.

Қайтарылмайды бұл уақыт,


Қайталанбайды бұл уақыт,
Таппайсың, ертең іздесең,
Қайта оралмайды бұл уақыт.

Уақыт-ай, уақыт, зырлайды,


Артына мойнын бұрмайды.
Кешіксең, бітті, ол сені,
Бір секунд күтіп тұрмайды.

Өткенді жалғай алмайсың,


Тағдырды таңдай алмайсың.
Қулығың күшті болса да,
Уақытты алдай алмайсың...

Уақытты жинай алмайсың,


Біреуге сыйлай алмайсың.
Уақытың бітсе, сен оны
Қарызға сұрай алмайсың


АКТ

Сүрет, шыбық,



15 мин

Ортасы

«ҚОЛДАНУ»

Оқулықта

Берілген


жаттығу жұмыстары

«ТАЛДАУ»


Салыстыр айырмашылығы неде?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет