Сабақта аймақТЫҚ компоненттерді пайдалану құдайбергенова Мадина Айтқазықызы Биология пәні мұғалімі



Дата09.06.2016
өлшемі68.63 Kb.
#124611
САБАҚТА АЙМАҚТЫҚ КОМПОНЕНТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ
Құдайбергенова Мадина Айтқазықызы

Биология пәні мұғалімі

«Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек ауылы

Қазіргі кездегі мектебіміздің алдында тұрған міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарастарын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында “Қоршаған ортаны ластауға экологиялық қалыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеу, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғау, тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі” делінген.

Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымы, қоғам, табиғат және қоршаған орта үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын жеткіншек ұрпаққа түсіндіру.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің ең негізгі мақсаты:


  • Табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғауда жеке адамның жауапкершілігін күшейту;

  • Қоршаған орта мен адамзат араларындағы үйлесімділікті сәйкестендіру;

  • Экологиялық білім, әдеп, сана мен мәдениетті қалыптастыру.

Сондықтанда бүгінгі таңда біздің аса жауапты міндеттеріміздің бірі-оқушылардың қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына, жергілікті флораға сүйіспеншіліктерін арттыру. Қоршаған ортаны қорғап, аялай білетін адамгершілігі мол туған өлке табиғатының байлығын сақтап және молайта түсуге алдағы уақытта ат салысатын азаматтарды тәрбиелеу болып табылады.

Қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалана отырып, соны сақтау үшін келеңсіз әрекеттер жасамау – осы кездегі ең басты бағыт. Табиғаттың байлығын қажеттілігімізге жүйелі жаратудың орнына оған жаппай үлкен қауіп төндіретін ормандардың оталуы, аң мен құстардың есепсіз жойылуы, адамның ақыл ойын аздыратын арақ пен есірткінің таралуы осы экологиялық апаттың көзі болып отыр. «Табиғат – адамның өз үйі» екенін қайталаудан жалықпауымыз керек. Шынында, біз табиғатқа деген тұтынушылық көзқарастың тұтқынында отырмыз, оған ештеңе бермей, бәрін алуға тырысамыз. Табиғат бізсіз өмір сүре алады, ал біз одан тыс өмір сүре алмаймыз.

Біздің мектебімізде аймақтық компонент пән сабақтарында, тәрбие сабақтарында, сондай ақ мектепішілік шараларда да баса назарда ұсталып, қоланылады.

Аймақтық компонент дегеніміз - өлкеміздің табиғаты, тарихы  географиялық  жағдайы, тұрғылықты халықтың ұлттық құрамы, ұлы адамдардың өмір жолдары, халықтың тұрмыс-салты, белгілі спортшылармен  таныстыру шаралары жатады.

Аймақтық компонентті оқытудың мақсаты:

- Оқушылардың бойында  туып өскен жеріне, туған жердің  табиғатына, мәдени орындарына, тарихына  деген құрметті арттыру.

Аймақтық компонентті оқытудың міндеті:

- Өз еліміздің табиғаты, тарихы туралы мәліметтер жинақтау, өз еліміздің намысын қорғайтын патриоттар дайындау.

Экологиялық білім беруде аймақтық компоненттерді пайдалану арқылы оқушылардың ізденімпаздығын, байқампаздығын, белсенділігін, қызығушылықтарын арттыруға болады.

Туған жерін, оның табиғатын сүйіп өскен әрбір жеткіншек болашақта ел тізгінін қолына ұстай алатын мықты тұлға болып қалыптасары анық. Бұл жұмыста өзіміз тұратын жер жанаты Катонқарағай ауданының табиғатының аймақтық ерекшеліктері туралы сөз болмақ.

Алтай табиғаты ғажап қой, шіркін! Маңдайымен көк тіреген тәкаппар шыңдар, арқырай аққан ақжал өзендер, түйе жасырардай құрақ, қарағай, қайың, тал, терек, қойыңызшы, ен табиғатта кездесер сандаған көрікті өсімдіктермен көмкерілген көкжиек тым-тым алыстан мұнартып, магниттей өзіне тартады-ай! Жұмақ өлке, жұмбақ өлке!

Оңтүстік Алтайдың осынау табиғаты ғажап өлкесін талан-таражға түсірмей, ел мен жұрттың алтын алқасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа қылау түсірмей табыстап отыруды мақсат етіп алған Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіміз бар екені белгілі.

Біз Ұлттық паркпен бірлесе отырып, мектептегі «Жас эколог»үйірмесі көптеген жұмыстар атқарудамыз. «Жас эколог»» үйірмемізде 5-10 сыныптар аралығында 10 оқушы мүшелікке кірген. Үйірменің негізгі мақсаты: қоршаған ортаны қорғау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін азып тозудан, жойылып кетуден сақтау, табиғат пен адам арасындағы байланысты және қоршаған орта жерлерін, ауа, жер, су, топырақ экологиясын, оның ластану жолдарының себептерін біліп үйрену. Оқушылар мектеп маңындағы тұқымбақтарда, гүлзарларда гүлдер, ағаштар отырғызып, тәжірибелер жасайды, оны күтіп-баптап өсіреді, орман ішін тазалайды, тұқым дәнін жинайды, отырғызылатын шыбықтарды дайындайды, құламалы жыраларды тегістеп, бекітуге қол ұшын береді. Ұлттық парк қызметкерлерімен бірлесе отырып жыл сайын «Менің атаулы ағашым», «Жер күні», «Құстар күні» акциясын өткізіп тұрамыз. Парктер шеруі – халықаралық табиғатты қорғау акциясына байланысты мектепте әр түрлі шаралар ұйымдастырылып, өткізілдеді. Оқушылар берілген уақыт аралығында құстарға ұя жасап, суреттер салып, өлең шығарып, презентациялар жасайды. «Бір тал ексең, он тал ек» демекші оқушылар Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі инспекторларымен бірлесіп мектеп ауласына және ескерткіштің маңына ағаштардың көшеттерін отырғызады.

Ұлттық парк аумағы жануарлар мен құстар әлеміне, ну орманға өте бай өңір екені баршамызға мәлім. Балқарағай, қызылқарағай, самырсын біздің жерде өседі. Ғалымдардың айтуына қарағанда балқарағай, қызылқарағай ағаштары 500-800 жыл өмір сүреді екен. Ормандарымыздың ен байлығы осы балқарағай мен қызылқарағай десек, бұл сапалы ағаш түрлері Қазақстан бойынша тек Катонқарағайда өсіріледі. 100 жылдан асқан Катонқарағай аймағындағы ағаш үйлер де дәл осы қызылқарағайдан салынған. Катонқарағай өңірінде сирек кездесетін өсімдіктер дүниесі, әсіресе Қызыл Кітапқа енген «марал тамыр», «алтын тамыр», «қызыл тамыр», Алтайдың рауғашы және де сәнді гүлдер - адам ағзасында кездесетін әр түрлі ауруларға мың да бір шипа, олар саны жағынан құрып бара жатуына байланысты қорғауға алынған.

№1. Катонқарағай аумағындағы қорғауға алынған гүлдер




Гүлдердің атауы

Маңызы

1

Ірі гүлді шолпанкебіс (башмачок)

Сәндік өсімдік ретінде қолданылады

2

Алтай қасқыржидегі

(Волчеягодник алтайский)



Тіс ауруларында қолданылады

3

Алтай рауғашы (ревень алтайский)

Көкөніс ретінде, созылмалы іш қатқан кезде, өт айдау кезінде қолданылады

4

Қызғылт семізот

(алтын тамыр)

Родиола розовая (золотой корень)


Жүрек жұмысын жақсартуда, ойлау қабілетін арттыруда, еңбек құлшынысын жақсартуда және тамыры: қан аздықта, қант диабетін, ісік ауруларын емдейді.

5

Ашық құндызшөп

(Прострел раскрытый )




Туберкулез, ревматизм, бел ауруларына, жапырақтан алынған шырынмен күйікті емдейді

6

Бұйра лалагүл

(Лилия кудреватая)




Көкөніс ретінде, кейбір аймақтарда кофе алмастырғыш ретінде, жүйке, бауыр ауруларында, ревматизмды емдеуде қолданылады.

7

Иілгіш

таушымылдық

(Пион уклоняющийся)


Асқазан-ішек, кейбір ісік түрлерін, өкпе ауруларын, безгекті емдеуде, алкагольсіз сусын даярлауды, тамыры жүйке ауруларын емдеуде қолданылады

8

Сібір қандығы

(Кандык сибирский)




Жүйке жүйесі, қаназдық, жүрек ауруларын емдеуде; түйнектері тағам ретінде қолданылады.

Қорыта келгенде оқушыларға экологиялық білім беруде аймақтық компонентті, жергілікті жер материалдырын сабақтарда пайдалану оқушының ой өрісін, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын дамытады. Оқушы нақты материалды пайдалана отырып, өздігінен ізденіп жұмыс жасауға, өз ойын жазбаша, ауызша баяндай білуге, меңгерген білімінен қорытынды шығаруға үйренеді.

Табиғат – сұлулықтың өмір бақи таусылмас қайнар көзі. Табиғатты қорғау барлық адамзаттың міндеті, әрі парызы екенін бір сәтке де естен шығармағанымыз абзал.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Сборник творческих работ учителей ВКО по экологическому просвещению. г.Семей, 2010. – 330, 369л.

2. Сохранение и устойчивое использование биоразнобразия казахстанской части Алтай-Саянского экорегиона / под ред. Черанев В.Г, Климанова О.Н. – Усть-Каменогорск, 2007. – 38-44 л.



3. Региональный компонент в системе экологического образования / Усть-Каменогорск, – 2013, 2015. – 209 л, 394-399 л.

4. Редкие и находящиеся под угрозой исчезновения виды растений на территории казахстанской части Алтай-Саянского экорегиона / Усть-Каменогорск, 2010 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет