Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы



бет169/184
Дата21.11.2023
өлшемі454.46 Kb.
#483912
түріСабақ
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   184
stud.kz antiplagiat 667571

304. «Терминдер конверті»
Ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің қолындағы 10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді сыныптастарына түсіндіру керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы айтады. Сыныптастар қандай термин екенін табу керек. Бұл емтиханға дайындыққа жақсы көмектеседі.

305. «Топтық кері байланыс»
Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға көмектесе алады.Егер топ кері байланыс ұсынатын болса, бұл мәселеге назар аудартып, жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты ақпарат береді (сонда мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды азырақ бере алады).

306. «Төрт сөйлем»
Бұл тәсіл арқылы оқушылар тақырып туралы пікірлерін білдіреді:
Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар немесе жазыңдар.
Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды. Аңыз мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар.


307. «Тұлғаны танып біл»
Мұғалім оқушыларға парақтар таратады, оларға Қазақстан тарихында елеулі із қалдырған кемеңгер адамдардың (саясаткерлер, өнер және әдебиет қайраткерлері және т.б) портреттері жапсырылған.Ойыншылар 5-6 адамннан топтарға бөлініп отырады. Балалар портреттердегі тұлғаның аты-жөнін, тарихтағы рөлін, қызмет ету кезеңін, оның атына байланысты оқиғаларды, ол жазған шығармаларды және т.б. естеріне түсіруі тиіс.Топ ішінде талдау 5 минуттан аспайды.Өз тобын топтың бір мүшесі қорғайды.


308. «Түзетулер»
Сіз бағаламастан бұрын, оқушылардың өз жұмыстарын түзеткендеріне дәлел келтіруді талап ете отырып, түсініктеме беру арқылы жауапты қайта тұжырымдауға және бағалауға назар аударыңыз (бұған уақыт бөліңіз).


309. «Түйінді сәттер»
Ауызша тапсырмалармен қатар, жазбаша тапсырмаларды әзірлеген кезде бұларды орындау оқушылар оқып жатқан тапсырмалардың түйінді сәттерін түсінуге және дамытуға әкелетін болсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   184




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет