238. «Өзін-өзі бағалау»
Өзін-өзі талдау біздің қалай оқуға үйреніп жатқанымызды білдірсе,
өзін-өзі бағалау дегеніміз - біз оқып жатқан нәрсе. Балаларды өзін-өзі талдауға
үйрету үшін мынадай сұрақтарды қойыңыз:
• Оқу үдерісінде не болып жатқаны туралы ойланыңыз
• Атап айтқанда не сізді ойлануға мәжбүрлейді? Не нәрсе қиын болып көрінді?
• Сізге қандай жағдайда көбірек көмек қажет?
• Сіз не үшін разысыз?
• Сіз Х туралы не білдіңіз?
• Сіз оқып жатқан тапсырманы басқа сыныптың қажеттілігіне сәйкестендіру
үшін қалай өзгертер едіңіз? Мұғалім оқушыларға өзі-өзіне қалай талдау
жүргізу қажеттілігін көрсету үшін жауаптарды модельдейді.
239. «Өзін таныстыру»
Сабақ басында бір оқушы тақта алдына шығып, өзі туралы 1 минут
әңгіме айтады: өз сөзінде ол өзі туралы қызықты деректер келтіруге тырысуы
керек. Қалған оқушылар оның сөздерін жағымды тұрғыдан қабылдап, үнемі қол
шапалақтап және қуаттап отыруы керек.
Осы әрекеттер арқылы сынып ішінде оқушылардың бір-біріне деген
сенімді қатынасын орнату көзделеді.
240. «Өз таңбаңды (герб) жаса»
Оқушылар бір парақ қағазда фигураны сызып, оның ішіндегі бөліктерге
өздері туралы келесідей деректерді жазады:
•
Өз есіміңізді жазыңыз.
•
Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды жазыңыз.
•
Сүйікті пәніңізді жазыңыз.
•
Зерттеу тақырыбыңызды жазыңыз.
•
Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың суретін салыңыз
(жиһаз,тағам түрі, тоқыма түрлері).
•
Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз (үй, бөлме,
табиғат аясы).
•
Өміріңіздегі ең елеулі ықпал жасаған үш адамның суретін
салыңыз.
•
Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? Бір сөз
жазыңыз.
•
Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңыз.
Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ ішінде
суреттерін талқылап, сұхбаттасады.
Достарыңызбен бөлісу: |