209. «Мотивация»
Қатысушылар 2 шеңберге бөлінеді. Ішкі шеңбердегілер қарсы
тұрғандарға жеке қасиеттері, дағды, тұлғалары, мінез-құлқы, өздерін ұстауы
т.с.с. комплимент айтады. Тыңдаған қатысушы: «Рақмет, мен де солай
ойлаймын. Сонымен қоса мен кестені жақсы тіге аламын» деген секілді өз
бейімділігі мен ерекшелігін қосып отыру керек. Бұл оқушылардың өздеріне
деген сенімдерін арттырып, жаңа жұмысты құлшына атқаруға кірісуге
мотивация болады.
210. «Мүмкін»
Сұрақ қоя отырып, оқушыларға болжалды жауаптарды ойлануға және
зерделеуге мүмкіндік беру үшін, арасында «мүмкін» деген сөз орамын
қолданыңыз. Мысалы, Демократияның маңызы қандай? Демократияның мәні
қандай болуы мүмкін?
Бірінші сұрақ мұғалімге таныс, жалғыз ғана жауапты көздейді.
Ал екінші сұрақ анағұрлым ашық болып көрінеді.
211. «Мынандай адамды табыңыз...»
Оқушылар топ ішін аралап, төмендегі кестеде көрсетілген ерекшеліктер
барларын жазып, 4-6 адамнан тұратын шағын топ құрайды, бір-бірімен
жақынырақ танысады.
Кітап
оқуды ұнататын
2-ден көп
бауырлары бар
Үш тілде
сөйлейтін
Ақ түсті
киім киюді
ұнататын
Киімінд
е жасыл түс бар
Музыкалы
қ аспапта
ойнайтын
Шетелде
болған
Бейтаны
с адамдармен
тез тіл таба
білетін
Барлық
нәрсені қағазға
жазбай, есінде
сақтай алатын
Астанаға
дейінгі пойыз
билетінің бағасын
білетін
Ән
салуды ұнататын
Алма
жеуді ұнататын
Билеуді
ұнататын
Жұмыс
жасағанда
музыканы қоюды
ұнататын
Лекцияны
ң алғашқы 15
минутына ғана
шыдай алатын
Шаңғы
тебуді ұнататын
212. «Нақтылық – талант»
Сынып 3-4 адамнан топқа бөлініп, бір-бірінен алысырақ
орналастырылады. Мұғалім 3 классикалық әдебиет тізімін ұсынады. Әр топтың
міндеті осы 3 әдеби шығарманы 3 сөйлеммен сипаттау керек. Сөйлем
құрылымы ерікті.
Мұнан соң әр топ өз сөйлемдерін оқып, оны басқа топтар
талқыға салады.
Достарыңызбен бөлісу: |