Сонымен кері байланыстын ережесі:
Ол мақсатқа жетелейтін нақты әрекет, ситуация, талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және түсінік беру үрдісі. Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады.
Оқу үрдісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы, оқу міндеттері мен мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.
Дәстүрлі сабақтарда үнемі біз кері байланысты жүргізіппедік осы уақытқа дейін. Өздерініз білесіздер сабақтың соңында немесе жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң біз балаларға төмендегідей сұрақтарды қоятынбыз. Мысалы балалар бүгінгі тақырыпты түсіндіңдер ма?, кім түсінбеді ?, кімнін сұрақтары бар? деп сұраймыз. Бұл әрине ауызша кері байланысқа жатады. Алайда осындай кері байланыс тиімді болды ма? Осындай сұрақтарға оқушылар не деп жауап беруші еді әрине тез кету, үзіліске немесе үйге қайту үшін оқушылар түсіндік, сұрақ жоқ тағы да сол сияқты сұрақтармен шығуға асығатын.
Ал кері байланыс не мақсатпен алды, одан әрі қарай не істеу керек, ондағы сұрақтар мен оқушылардын сұрақтарынан кері байланыс болды ма деп айтуға болама?деген сұрақтар туындап жатады. Демек кері байланыс тиімді болу үшін оқушылардан тек сабақ ұнадыма? Не түсіндіңдер? Не қиын болды? Т.с.с сұрақтар қойып, оған ауызша не жазбаша жауап алудан ғана тұрмайды.
Кері байланыс арқылы оқушыларыныз ұғу мақсатқа жете алды ма жоқпа, тақырыпты түсініп түсінген тәжірибеде қолдана алды ма? Түсінбеген жағдайда не себепті түсінбеді неден қиналды. Түсіну үшін не істеу керек, оқушының сабақта көңіл күйі қандай болу, міне осындай сұрақтарға мұғалім оқушылардың берген жауаптары арқылы өзініе әрекеттерін бағалап рефлекция жасап, қай жерде нені дұрыс жасамады. Таңдаған қолданған әдістердің тиімділігін ойланып келесі сабақта жоспарлағанда орын алған кемшіліктерді болдырмауға тырысады. Ал оқушы тиімді кері байланыс арқылы өзіндік және өзара бағалау жасауға, өзін өзі реттеуге білім алуға жауапкершілікті өз мойнына алуға дағдыланады.
Енді кері байланыс не мақсатпен алынады екен, қалай ойлайсыздар өкінішке орай кейбір мұғалімдер кері байланыс жүргізгенге аса көңіл бөлмей жатады оған түрлі факторларда әсер етеді. Мысалы уақыттын тапшылығы, кері байланыстын маңызын жете түсінбеуі, кері байланыстын мақсатын білмеуі т.с.с қалай ойлайсындар кері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі, ол не үшін қажет екен. Енді осы сұрақтарға тоқталып кетейік.
1.Кері байланыс ол үдерісті басқару-үдеріс субьектілерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай жасау.
2. Дер кезінде түзетулер жасау, қателерді кемшіліктерді жою.
3.Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету. Тек қана мұғалімнің мақсатқа жетуі емес оқушылардын мақсатқа жетуін қамтамасыз ету
4. Үдеріс субьектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау
5. Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру
6.Оқушының әлеуметтенуін қамтамасыз ету.
7. Рефлекция жасауға ықпал ету, көмектесу
8.Оқушыларды табысқа ұмтылу сезімдерін туындату.
Міне осындай кері байланысты қолдануда мақсатқа жетуге жүзеге асады.
Сонымен кері байланыстын мақсаты: Мұғалімнің ақпараттың мазмұнын оны ұсыну тәсілдерін, оқушылардың әрекеттерін түзету және сабақта психологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған. Кері байланыс бұл мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттесуін нәтижесін талдау рефлекция жасау және бақылаудын ұғымы.
Кері байланыс арқылы оқушы, мұғалім не алады. Қандай дағды білік білімдерін қалыптасады:
|