Сабақтар: «Қазақстан-2030 стратегиясы»



бет1/4
Дата24.02.2016
өлшемі0.66 Mb.
#17230
түріСабақ
  1   2   3   4

ОРАЗЫМБЕТОВА Р.Ж. - Тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы

Санаты –жоғары. КМҚК «Құрылыс колледжі» Семей қаласы
І. Пән бойынша ашық сабақтар:
1.1. «Қазақстан-2030 стратегиясы» мемлекеттік даму бағдарламасы

1.2. Абылай хан заманындағы Қазақстан

1.3.«Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» (1837-1847 жж)

1.4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық негіздері


ІІ. Ғылыми, педагогикалық-тәжірибелік баяндамалар:

2.1. Тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда қолданатын инновациялық әдістер тиімділігі



2.2.

Сабақ тақырыбы: «Қазақстан – 2030 стратегиясы»

Сабақ мақсаты: Мемлекетіміздің болашағы мен

мұраты болған ел басының ұзақ жылдарға арналған

тәуелсіз Қазақстанның даму стратегиясының негізгі

мәселелерінен мәліметтер беру.

Білімділік мақсаты: «Қазақстан-2030 стратегиясының»

мазмұнын баяндай отырып,

студенттер назарына жолдаудың

негізіндегі атқарылған іс-шаралар жөнінде

ақпараттар беру, талдау

Дамытушылық мақсаты: Студенттерге жолдаудың басым мақсаттарымен

оның орындалуындағы жетістіктері жағдайында өз-

дік білімдерін толықтыратын дерек көздерімен

жұмыс жасауларына бағыттар беру

Тәрбиелік мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан - біздің Отанымыз, ел патриоты

болуға тәрбиелеу. Интеллектуалды тәрбие беру

Сабақ типі: Жаңа сабақ материалдарын оқып үйрену

Сабақ түрі: ақпараттық- ізденіс сабағы

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, қосымша материалдармен жұмыс,

пікір алмасу, талдау, сараптау

Көрнекілігі: Әдістемелік оқулықтар мен көпшілікке арналған тарихи-таным-

дық әдебиеттер, баспасөз материалдары



Техникалық көрнекілік: Мультимедиа

Пән аралық байланыс: Адам және қоғам, Құқық негіздері,

Саясаттану және Экономика негіздері


САБАҚ БАРЫСЫ:

І.Ұйымдастыру - 2 минут

а/. Топ студенттерін түгендеу б/.Назарларын сабаққа аудару

«Есіңе сақтадың ба?» кезеңі бойынша термин сөздерді еске түсіру: делимитация, декларация, демократия, лизинг, инвестиция, стратегия, макроэкономика т.б.

ІІ.Өткенді пысықтау – 28 минут

-Үйге берілгендерді еске түсіру. Тақырып: Тәуелсіз Қазақстанның тарихи өзгерістері туралы болатын. «Қазақстан-тәуелсіздік тұғырында» атты жылдар хроникасын қарастырайық.



1991 жыл:

*1-желтоқсан сайлауда ел басы Н.Ә.Назарбаев жеңіспен Президенттікке келді;

*10-желтоқсан Қазақ КСР-інің Қазақстан Республикасы болып өзгерді

*16-желтоқсан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Декларация қабылданды



1992 жыл:

* 4 маусым - Мемлекеттік ту мен елтаңба қабылданды.

* 2 наурызда - БҰҰ мүше болды.

* 11 желтоқсан - Бұрынғы ән ұраны қабылданды,

* 30 ел Қазақстан тәуелсіздігін мойындап, 61 мемлекетпен дипломатиялық байланыс орнады.

1993 жыл:

* 28 қаңтар - ҚР тұңғыш Конституциясы қабылданды.

* 15 қараша - Ұлттық валюта (теңге) айналымға енгізілді.

1994 жыл:

*сәуірде Қазақстан-Қытай арасында шекараны делимитациялау келісімі жасалды.

* «Союз ТМ-19» ғарыш кемесімен Талғат Мұсабаев ғарышқа аттанды.

1995 жыл:

* 1мамыр- Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.

* 30 тамызда- қолданыстағы ҚР Ата Заңы (Конституциясы) қабылданды



1996 жыл:

*көрші және алыс-жақын елдермен дипломатиялық байланыстар өрістеді.



(Солтүстікте-Ресеймен, Шығыста-Қытаймен, мұсылман елдерімен байланыс,(Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу, Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану, Ел басының алғашқы іс-сапары, шекаралық бекет ашылды, сауда өрістеді, Шанхай келісімі жасалып, 1718 км шекара аумағын делимитациялау келісіміне қол қойылды. АҚШ, Канада ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады, экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалып, қазіргі уақытта стратегиялық серіктестік жалғасуда)

ІІІ. Жаңа сабақ: «Қазақстан – 2030 стратегиясы»

мемлекеттік дамудың бағдарламасы

ЖОСПАРЫ:

1.Ұзақ мерзімді басым мақсаттар

2.Іске асырылған стратегиялар

1 сұрақ жауабы: «Әр дәуірдің өз міндеттері бар» (Гейне) айтқандай егеменді Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңінен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды. Бұл орайда ел басы Н.Ә.Назарбаев «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» дегендей ел тәуелсіздігін өркендетудің жолын анықтайтын ғылыми зерттеулер жасап, бірнеше еңбектер жазды. Олар: 1992 жыл – «Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» еңбегі жарияланды. Маңызы:

-тәуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді,

-ел дамуының түбегейлі концепциясы анықталды,

-ішкі және сыртқы саясат саласындағы ұлттық қауіпсіздік міндеттері сараланды, -жергілікті ұлт мүддесі ескерілді

«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес. ...Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың – қазақ халқы деп ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі мемлекеттердің бірқатарында тап осылай етіледі де». Яғни мемлекет негізін құраған қазақ халқына барлық игі жақсы істер тиесілі.

Ал 1993 жыл – «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегі жарық көрді. Еңбекте Қазақстанға жаңа үлгідегі идеология қажет пе жоқ па деген сұрақ барысында болды. Онда:

-идеология-саяси және экономикалық міндеттерді шешуге бағытталуы керек,

-идеология - әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыруы қажет,

-идеология – мемлекет тұғырнамасын қорғайтын адамдардың ой-өрісі өркениетті түрде болуы қажет, Яғни алға озған сайын әр түрлі идеологиялар болады, сондықтан ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары аса маңызды болғаны қажет деп көрсетті.

1996 жыл – «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегі жарияланды. Бұл еңбекте бұрынғы кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттеледі. Өтпелі қоғамда өктемшілдік пиғылдардың қысымы сезілді. Ал Қазақстан демократиялық құқықтық қоғам орнатуға бағыт түзеді деп жазады. (142 бет, кітаппен жұмыс). Яғни екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктемелер берілген. Мысалы: кеңестік жүйе кезінде орталықтан басқару мен бұйрық болса, демократиялық кезеңдегі саяси жүйе азаматтардың еркіндігімен олардың өздерінің араласып салиқалы түрде жасалатын уақыты туды. Ал ол халықтың өз мемлекетіне өзі қожа болып, жақсы игілікті істерді орындауы қажет екендігі көрсетілді.

Сонымен 1997 жыл келді. Тәуелсіз Қазақстанды жан-жақтылы дамытудың бағдарламасы жасалды. Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030 стратегиясы» атты жолдауы жарияланды. Бұл бүкіл қазақстандықтарға арналған және тәуелсіз Қазақстанды өркендетудің негізгі іс-қимыл жоспары болды. Жолдаудың басты ұстанымы: «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» еді. Яғни «Қазақстан -2030 стратегиясы» қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты. Онда ұзақ мерзімді 7 басым мақсаттар баса көрсетілген.




Мұндай жолды таңдаудың өміршең мәні бар. Сондықтанда стартегиялық жоспарлау, бақылау өз елімізді өркендетудің жүйесін қалыптастыру болып табылады.

-Неліктен керек болды мұндай стратегия? (студенттер пікірін тыңдау)



Жауап-1: Қазақстан Республикасының болшағы таза, гүлденген, нарықтық экономикасы дамыған, азаматтарының толықтай қажетті жағдайлары жасалған, жаңа көзқарастармен білімді, дені сау, салауатты өмір сүруді қолдайтын ел болуы керек.

Жауап -2: Иә, олар: экономикалық дағдарыстан шығу, реформаларды аяқтау, алдыңғы қатарлы ел қатарына қосылу, «Қазақстанды Азия барысы ретінде » қалыптастыру. Сонымен «Қазақстан -2030 стратегиясының » 7 басым мақсаттарына тоқталсақ...

1. Ұлттық қауіпсіздік адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы мен тұрақты өсуі ең маңызды мәселелердің бірі. Аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін және көрші елдермен берік те достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз деп көрсетілген. Алдымен өз ішкі әскерімізді құру, барлық қазақстандықтардың бойында отаншылдық сезім мен елге деген сүйіспеншілікті дамыту қажеттігі айтылған. Халық пен мемлекет арасында түсіністік болғаны керек. Жеріміз де, қазынамыз да жеткілікті, ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз. Сол арқылы Орталық Азия мемлекеттерімен интеграциялық процестерді күшейтеміз. Таяу және Орта Шығыс елдерімен де достық байланыс нығаю керек. Қазақстандық барлық азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігі болуы қажет. Қауіпсіздік пен ел тұтастығы мәселелеріне біз қазақстандықтар өте қырағы болуға тиіспіз. Бұл демографиялық көші-қон саясатын шығарылуға тиіс. Сондықтан да мемлекеттік қауіпсіздік мәселе ең елеулі мәселе.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы дегенді түсінер болсақ...бірінші көршілік , азаматтығымызды дамытуға кепілдік беру, барлық этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету, бұның дәлелеі Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы, басқа ұлт өкілдеріне барлық еркіндіктер берілді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту, әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрметті нығайту айтылған. Оның мәселелері шешілді, біздің тәуелсіз Қазақстанда. Бұл проблемаларды стратегиялық тұрғыдан экономикалық ілгерлеу арқылы шешуге болады. Яғни Қазақстан әр азаматына барынша көп мүмкнідік береді. Олар: білім алуға, денсаулық сақтауға, спортпен айналысу, шығармашылықпен айналысу, өз қалаған кәсібімен айналысу т.б. Осыған сүйене отырып, тарихымызға, жаңа дамудың кезеңдерін еске ала отырып, өзіміздің жеке даму жолымызды белгілейтін боламыз. Олда шындыққа айналды.

3.Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу –біз саналы да жігерлі халықпыз. Қазақстан азаматтары тез арада нарықтық экономикаға тез бейімделуі керек. Азия барысына айналуы қажет. Жеке меншіктің дамуына еркіндік беру, ашық экономика мен еркін сауданы дамыту. Экономикалық өрлеу еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз қазір жақсы түсіндік. Себебі экономика жақсарса әлеуметтік жағдайымыздың да жақсарғаны. Оның табысы жетерлік. Мысалы: жыл сайынғы 25-30 пайыздық үстемелерді алайық, табыс көзінен түскен салықтан мемлекеттік қор көзі молайды. Ұлттық қор «Самұрық-Қазына». Ал ол қордың барлық көзі қазақстандық азаматтардың және халық мүддесімен ел қамы жағдайын жақсартуға жұмсалуда.

4.Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын арттыру - салауатты өмір сүру, дене тәрбиесі, тазалық пен санитария ережелерін насихаттау, нашақорлықпен наркобизнеске қарсы кұрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, ана мен бала денсаулығын жақсарту, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту. «100 мектеп, 100 аурахана», немесе 12 жылдық білім беру, Астана қаласындағы «Кардиология орталықтары», Семейдегі онкологиялық ауруларды емдеу орталықтары т.б. 5.Энергетика ресурстары- Қазақстан өзіміз білетіндей табиғи ресурстар, соның ішінде энергетика ресурстарына өте бай. Оған ие болып қана қоймай, оны ұқсата білу керек. Онда халықаралық технологиялар, ноу-хау, технопрактер, кластерлер ұйымдастыру, ірі капиталдар тарту арқылы ұзақ мерзімді әріптестікке барамыз. Мұнай мен газды экспорттау, сыртқы сауданы дамыту, энергетикалық инфрақұрылымды құру. Оның бәрі болашақ ұрпақтарымыз үшін. Одан тек игеру мен пайда табу ғана емес, үнемдеуді де ұмытпаған жөн. Көбейту білу. Бұл экономикалық мәдениетке жатады. Қазақстанның экспортқа шығатын өнім пайызы тек 18 пайыз, ал шетелдік импорт 80 пайызды құрайды. Ендеше қай елден кембіз? Бар байлық көзін игеретін кез келді.

6.Инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс - Адамға абырой әперетін үш іс бар: құмда қазылған құдық, өзенге салынған көпір, жол жағасына отырғызылған саялы ағаш. Олар Ұлттық экономикаларды шоғырландырады, аймақтың ауқымын кеңейте отырып, әлемдік экономикалық байланыстарды нығайтады. Сыртқы саудасы мен байланысы бар ел ғана дамиды. Оны тарих көрсетті де. Әсіресе темір жолды дамыту, себеп неде? (Студенттер ойын тыңдау). Ал байланыс желілеріне келетін болсақ... қандай деңгейде екендігін күнделікті өмірден байқаймыз. Ол интернет, факс, ақпарат көздері: теледидар мен баспасөздер т.б.

7.Негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәпісқой мемлекет: Ел қамын ойлайтын ықшам әрі кәсіпқой Үкімет құру. Олда жүзеге асты. Атқарушы орган ретінде Үкімет пен әр саланың жұмыстарына басшылық жасайтын 17 Министрлік қызметі халық игілігіне бағытталуда. Жергіліті жерде билік жасайтын атқарушы өкілді орган (маслихат) мен атқарушы билік орган (әкім) бар. (ШҚО әкімі Б.Сапарбаев, қала әкімі –М.Айнабеков). Осындай саяси реформалардың жетістігі мемлекетпен халықты байланыстыра отырып, мемлекет мүддесі үшін де, халық болашағына қызмет жасайды. Алдағы уақытта да солай болмақ. Осылайша Азия барысына айналуы- ол өзіне тән текті, алғыр, жасқануды білмейтін, тәкаппар, батыл, айлалығымен дараланатын ел болуы қажет. Олда шындыққа айналуға барынша алға жылжуда.

2-сұрақ жауап: Осылайша стратегиялық жоспарлар іске асты. Оның жетістіктеріне тоқталсақ... өз ойларыңша не айтар едіңдер. Әр студенттің өздері алдын-ала даярлаған ақпараттарымен ой бөліседі. (КЕСТЕ- 1)




2.Экономиканы әртараптандыру:

- Ақша-кредит саясаты, - тиімді салық саясаты, - мемлекет пен жеке меншік секторлары арасында экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру, -Астананы осы заманғы әлемдік стандарттарға сай келетін қала ретінде және Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту жүзеге асты. Соның нәтижесінде - Алматы қаласы қаржы-банк орталығы, -Ақтөбе облысы- шикізат көзі, Астана-халықаралық байланыстар қаласы, - Семей- Қазақстанның рухани-мәдени орталығы т.б. Қаламызда жоғарғы оқу орындарымен, 26 орта арнаулы оқу орындары бар. Соның бірі өздерің білім алып отырған Семей құрылыс колледжі.

Бұл сала бойынша да атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес. «Әлжуаз» топтар деп отырғандары кімдер? Мемлекеттен көмек қажет ететін орта тап. Еңбекке қабілетті, ендеше жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін шешетін халықтың бір бөлігі.



4. Осы заманғы білім беруді және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту, Ол да жүзеге асырылуда. Өткен жылдан бастап «Жол картасы» бағдарламасының енуі осының айғағы. (баспа материалдарымен таныстыру) Және арнаулы және жоғарғы оқу орындарында даярланатын мамандықтар әлемдік стандарттарға сай болуы басты назарда. Соның тағы бір дәлелі елімізде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының іске асуы т.б. жаңалықтар легі көп-ақ.

5.Демократияны дамыту және саяси жүйені жаңартуға келсек…сайлаулар мен демократиялық мәдениетті құрметтеу, Конституция мен заңдарды білу, олардың орындалуан қамтамасыз ету. т.б. Мысалы: ел рәміздерін құрметтеудің өзі осыған саяды. Осылайша Ата Заң (Конституция) 2 рет толықтырылып, өзгерістермен қолданыста. 1998 және 2007 жылы өзгертілген Заң баптарынан мәліметтер беру. Жаңа енгізілген өзгеріс бойынша ел ордасының Астана болып, мәртебе берілуі, ел рәміздерінің құрметтелуі т.б. толып жатқан өзгерістер мен жаңалақытар жолдаудың мақсаттырының орындалғандығы болып табылары рас.

6.Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стартегиясын жасау, жан-жақтылы әлем елдерімен шынайы достық байланыстардың орнап, әлем саясатының сахнасынан беделді орын алуы, оған шынайы дәлел 2010 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Еуропалық Ынтымақтастық Қауіпсіздік Ұйымына (ЕЫҚҰ) саяси жетекші болуы. Жаңа миссияның басталуы мен елдегі саяси жағдайлардан мәліметтер беру. Әлем елдері арасындағы экономикалық-экологиялық жағдайларды реттеуде Қазақ елі адамзаттың тарихында ізі өшпес табысты қадамдар жасауда. Соның бірі 1991 жылдан әлем елдері арасында бірінші болып ядролық қарудан бас тартуы мақтанарлық жайт. т.б.

7.Сыртқы саяси бағытты одан әрі дамыту – Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту, Көршілес Орта Азия мемлекеттерімен және мұсылман әлемі елдерімен түсіністік қарым-қатынаста болу. Осылайша жыл сайынғы ел басы тәуелсіз Қазақстанның дамуына бағыт-бағдар болатын жоспарлар жасауда. Солардың бірі - 2010 жылдың 29 қаңтарда жарияланған бүкіл қазақстандықтар мүддесі үшін жарияланған «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа экономикалық дамуы» атты жолдауы. 10 жылдық дамудың басты мақсаттары қарастырылған. Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы басыла қойған жоқ. Дағдарыс Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Ол мемлекеттің ойланып жасаған жоспарында болды. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Оған себеп жан-жақтылы ойластырылған іс-қимылдың бағдарламалары еді.

«Қазақстан 2030 стратегиясының» қабылданғанына 13 жыл өтті. Өткен онжылдықта еліміз табысты қадамдарынмен әлем елдеріне танылды. Халық саны жағынан 61 орынды, экономикалық-саяси реформаларды жүзеге асыру жағынан 71 орынды иеленеді. Бұл әлем елдерінің ішіндегі 50 елдің қатарынан орын алуға бар мүмкіншіліктердің барлығы мен әлі де даму алда екендігін көрсеттеді. Ондай жетістіктер мемлекеттің салиқалы салмақты саясатымен халық қолдаған жыл сайынғы нақты жоспарланған ел басының жолдауларын қазақстандықтардың бір ауыздан қолдап, жүзеге асыруға мемлекетпен халықтың бірлігінің жарасқандығы болар. Соған себеп мына соңғы 14 рет қабылданған іс-қимылдың жоспарында.

Бірінші – біздің Отынымыз тек қана Тәуелсіз Қазақстан

Екінші - мемлекет пен әр азаматтың , сондай-ақ ел ішінде тұрақтылық пен тұтастықтың болуы керек. Үшінші - экономикалық өрлеу - әрбір адамның ісі, қолыңнан келсе, еңбек ет. Төртініші - өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялану - дамудың аса маңызды шарты делінген. Мұны қалай түсінеміз? Ол мынадай түсінік береді. Әлем көшінен қалма...


4. Бекіту сұрақтарына жауап алу:

- 2030 жылы Президент пікірі бойынша Қазақстан Орталық Азия барысы болуы керек дегенді қалай түсіндіңдер?

- Ел үшін өздерің не істей алар едіңдер?

-7 басым мақсаттың негізгі түйіні не болды? (барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы)

-Ел болашағын қалай елестетесіңдер? (гүлденген, дамыған…)

-Азия барысы болу үшін не істеу керек? (тәуекелшіл, батыл, мақсатты т.б.)



5.Қорытынды -0,5 минут

«Қазақстан-2030 стратегиясы» елдің аса маңызды мәселелерін қамтыған Мысалы: болашақты болжау, қоғамның топтасуы, адам білімі мен күш-жігері, ел патриоты болу, салауатты өмір салты, ұлттық бірлік, жаңа технологияны игеру, дамудың өз моделі т.б. Ендеше жақсыны білмекке құмар болайық.



6.Үйге тапсырма: -1 минут

«Қазақстан -2030 старатегиясы –ел дамуының басты бағыты»

хабарламалар даярлау

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Н.Ә.Назарбаев Ғасырлар тоғысында Алмаыт, 1996 жыл

2.«Қазақстан -2030» , Алматы, 1997 жыл

3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Астана, 2007 жыл

4.Ермұханова Х.К. Қазақстан тарихы бойынша нақты деректер, Алматы, 2007

5.«Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті жолдауы . //Семей таңы 1 ақпан 2010 жыл № 12

6. Қазақстан тарихы Алматы, 1996

7.Жауапты миссия басталды. //Егемен Қазақстан 1 қаңтар, 2010 жыл

8. Қазақстан бастамасы Вашингтон саммитінде мақұлданды. //Ертіс өңірі. 14 сәуір, 2010 жыл, №15 1-3 беттер
Тақырыбы: «АБЫЛАЙ ХАН ЗАМАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН»

Мақсаты: ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ елі тарихындағы саяси-әлеуметтік жағдайлардан түрлі әдеби- тарихи деректер көзінен маңызды мәліметтер беру.

Білімділік мақсаты: ХҮІІІ ғасыр тұсындағы Қазақ хандығының саяси- тарихымен елді біріктірудегі Абылай ханның та рихи тұлғалылығымен оның жүргізген салиқалы саясаты туралы мағыналы мәліметтер беру.

Дамытушылық мақсаты: Студенттердің әңгімелеу дағдысын жетіл- діре отырып, өз бетінше жұмыс жасауға , өзіндік шығармашылық ізденуге баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Патриоттық тәрбие бере отырып, сөйлеу мәде- ниетін жетілдіру, жүйелі ойларын анық жеткізуге баулу.



Сабақ түрі: Практикалық -интерактивтік сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, топтастыру, көрнекіліктермен әдеби кітаптармен жұмыс

Көрнекілігі: карта «ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан» , тірек-схемалар, таблица-шаблон, баспасөз материалдары (газет-журнал)

Техникалық құрал: Мультимедиа, компьютер

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география, философия,

Адам және қоғам, құқық негіздері



САБАҚ БАРЫСЫ:

1.Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут

а).Студенттерді түгендеу б). Назарларын сабаққа аудару



2.Өткендерді қайталау- 28 минут

1. ШИРАТУ...( 3 қатарға бөлініп,, сұрақтар қойылып, оны келесі қатар студенттерінің оны жалғастыруы сұралады. Бұл әдіс студенттердің сұрақтарға берген жауаптарының жүйелілігін, маңыздылығын арттыру үшін қолданады)

(1 қатарға) 1.Б.з.б. ҮІІ-ІҮ ғасырларда пайда болған алғашқы тайпалық одақтар ЖАУАБЫ: Сақтар. Территориясы Қазақстан мен Орта Азия. Патша биледі. Өнері-аң стилі, Мәдениеті-Тасмола. Шаруашылығы- көшпелі мал шаруашылығы.

2.552 жылы құрылған қай қағандық еді? ЖАУАБЫ: Түрік қағандығы. Алғашқы территориясы Алтай. негізі тайпалары-теле, ашына, Астанасы-Суяб қаласы. 603 жылы ішкі тартыстан ыдырап, Батыс және Шығыс Түрік қағандығы деп бөлінді.

(2 қатарға) 1. 940-1212жж. пайда болған әскери-феодалдық мемлекетті атап қысқаша сипаттама беріңдер. ЖАУАБЫ: территориясы-Мауанахр жері, астанасы-Баласағұн, ханы-Сатұқ- Боғра хан. Ислам діні ресми дін болды. Мұсылмандық әдеби шығармалар мен архитектуралық ескерткіштер пайда болды.

2.ХІІІ ғасырда Қазақстан тарихындағы елеулі оқиғалар болды. Қандай оқиға? ЖАУАБЫ: ХІІІғ. Монғол мемлекеті құрылды. Негізін құрған Шыңғыс хан. 1206 жылы хан болып тағайындалған. Астанасы Қрарақорымда. Қазақ тарихындағы елеулі оқиға-Отырар күйреуі. Оқиға уақыты-1219-1220жж.

(ІІІ қатарға) 1.ХҮІ ғасырда қазақ жерінде орталықтандырылған мемлекет құрылды. Оның негізін құрған кім? ЖАУАБЫ: Жәнібек ұлы-Қасым хан. Астанасы-Сығанақ. Халық саны-1 млн. адам. Ресеймен елшілік алмасу. Хандық шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстікте Сырға дейін, жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Заңы-«Қасқа жол». 5 ережеден, (мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары мен жұршылық заңы)

2.ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының басына түскен үлкен нәубет оқиғасы қай оқиға еді? ЖАУАБЫ: Ақтабан шұбырынды Алқа көл оқиғасы. Болған уақыты 1723-1728жж. «Елім-ай» әні, авторы- Қожамберді би. ЖАУАП: ХҮІІ ғасырдағы Қазақ даласына жат жерліктердің жаппай шабуылдауы қазақ хандары мен сұлтан-билері үшін Орыс мемлекетінен көмек алу мақсатында болса, Ресе патшасы үшін басқа мақасат, яғни қазақты жайылымды жерлерден ығыстырып, әскери бекіністер салудағы мақсат болған еді.

2.Бірінші елшілік қай жылы жіберілді және нәтижесі қандай болды? ЖАУАП: 1726 жылы, бірақ ол кездегі Ресей императрицасы ІІ Екатерина елшіліктерді қабылдамады. Себебі қазақтардың өз ішінде ішкі тартыстың күшейген уақыты еді. 3. Екінші елшілік қай жылы барды және нәтиже қандай болған еді? - ЖАУАП: 1730 жылы Қойдағұлов пен Қоштаев барған еді. Ресей патшасы Анна Ионновна орыс патшасының қабылдайтындығын айтып, келесі жылы 1731 жылы 19 ақпанда орыс елшісі А.Тевкелев келді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет