Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет22/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

сапа, немесе форма сапасы (1890), терминдерімен белгіледі. Эренфельст бойынша,
гештальт-сапа келесі белгілерді сипаттайды: асасуммативті-тұтас шамадан тыс жасалатын
оның бөліктері мен ауысуы – гештальт-сапа сипатты белгілерінің ауысуы кезінде
сақталады.Ол Брентанның акт туралы теориясын растай келе, аталып өткен сана мазмұны
сана қызметінің ерекше бір түрі болып табылатынын ұсынды.
Эрнфельстің ашқаны ешқандай парадигманың ауысуына алып келмеді. Ол енгізген


түсінік, XX ғасырдағы психологияның жаңа бағыттарының негізгі категориясы-гештальт
психология болып саналды.
Брентанның акт туралы ілімнің нағыз экспериментальды дамуы Карл Штумпф (1848-
1936) психология функциясында тапты, ол ірі неміс психологы, Мюнхенс (1889) жəне
Берлин (1893) психология институттарының негізін салушы. Штумпф оқушылары əр
кезеңде Э.Гссерль, К.Коффка, В.Келер, М.Вертгеймер, К.Левин жəне нəтижесінде
гештальтпсихологияның негізін саушылар болды. Брентанның акт түсінігіне сəйкес,
Штупф психологиясының орталағы функция түсінігі болып табылады. Штумп сана
белгілерін, психикалық функцияны,олардың өнімдерін (Мысалы, түсінік түсінудің өнімі
ретінде) айрықша бөліп көрсетеді. Сондай-ақ тек қана функция рухани өмірдегі жəне
зерттеу міндеттерін толықтыра алады. Құбылыс тек қана жан дүние жұмысының
материалы ғана. Сол кезде «функциялар мазмұнсыз еш мағынасы болмайды», олар тек
қана логикалық ажыратылған. Функцияның ең басты белгісі-ол процессуалды құбылыстан
айырылған. Штумпф функциясын «сол процесстің немесе уайымдаудың қызметі» ретінде
анықтайды. Штумпф функцияның классификациясын шығарады: қабылдау, зейінге жүгіну
актісі, бірнеше құбылыстың жиынтыққа бірігуі, түсінік ілімі, түсіну немесе ой пікір, сезім,
тілек, бостандық. Олардың эксперименталды зерттеулері музыкамен, естіп қабылдау
мағлұматтарында жүзеге асырылды.
Брентон көз қарасына Теодор Липс (1851-1914) психологиясы жақын. Липс
психологияны шынайы өмірмен , яғни санадан тəуелсіз дүниемен байланысты , сана
туралы ғылым ретінде анықтады. «Мен»жəне затпен өзара қарым-қатынас актпен жəне
біздің «Мен» қызметімізбен терең бірлікте жүзеге асадың. Липпс эмпатия (Einfuhlung)
түсінігін еңгізді, басқа біреудің өмірін түсінуге, табиғат əлемін қабылдау «обьективті өзін
өзі сезуді» анықтады.
Функционализм- акт психологиясы американдық континентте ірі өзбетті бағытқа
айналды. Соның басында Уильям Джемс (1842-1910) психологиясы тұр. Оның ең басты
еңбегі «Психология негіздері» (2 т.,1890). Бұл жазбасынан кейін көп уақыт өтпей Джемс
психологияны қалдырып, өзін философияға арнап, прагматист ретінде танымал болады.
Н.Н.Ланге бағалауынша, Джемс жан дүние өмірін жазуда аса шеберлік танытып
психологияның дамуына үлкен əсерін тигізді. Джемс қазіргі заман психологиясындағы
атомизмді жоққа шығарды. Өзінің өзін өзі бақылауын, психологияда қолдануы , мұндай
гипотетикалық элементтер əркімге қол жетімді еместігін көрсетеді. Өзін өзі бақылауда
бізге бұл атомдар емес , кейбіреулері тұтас нақты сананың қалпы ашылады. Олар
ауыспалы: өтіп кеткен сана қалпы қайтадан пайда болып жəне бірден қайталануы мүмкін
емес. Біз қабылдаған сезім емес обьект тең болып келеді. Осыдан сол бірдей идеядағы
психикалық өмірге қарау дұрыс болмайды. Психикалық өмір үнемі өзгеріп отыратын сапа
болып табылады. Санада бірізділік жоқ. Ол үзіліссіз ағуда. Сапалығының үнемі ауысып
отыруы сана ағымын құрады. Оның үзіліссіз ағымында кейбір ауыспалы жағдайлар
белгіленеді. Құстың ұшқаны секілді. Демалу орындары қандайда бір сезім образдарымен
бос емес, ұшу орындары демалыс кезінде бақыланатын заттар арасында болатын, қарым
қатынас ойларымен толықтырылған. Бұл жағдай, яғни сана құбылыстарының қатынасын
түсіну-аумақтық, уақыттық, ұқсастылық, айырмашылы, өзін өзі бақылауды ұсау мүмкін
емес. Сана сипатты белгілері болып психикалық обертон, дұрыс анықталмаған бейнелер,
түсініксіз нақты емес сана құбылыстары саналады. Сана селективтілікпен ерекшеленеді ,
яғни таңдамалылықпен: сол кездегі индивидке не маңызды, қажет соған сəйкес, əр қашан
бір жағдай алға жылжиды , екіншісі керісінше артқа кетеді. Сыртқы дүниеде барлық
заттар бірдей шындық деңгейіне ие, селективтілік біздің уайымдауларымызды ажырата
біледі.
Ми жағдайының байланысы туралы сұрағын Джемстің психофизикалық параллелизм
концепциясының əр түрлілігі болатын, автоматизм психикасы теориясы шешті. Барлық
жан дүниелік процесстер ми қызметінің функциясы болып табылады. Алайда бұл теория
бізде сана бар, ол пайда болған болса, барлық басқа функциялардай мақсатты , деп
айтқандай , дұрыс ойға қарама-қарсы . Бұл туралы эволюция теориясыда айтқан. Барлық
сипатты психологиясы осындай көз – қарасты ұстап тұр. Сондықтанда сананы сипаттаған
кезде, Джемстің ойынша, əдеттегідей терминалогияны қолданған жөн: «Сана
шындығында оратлық жүйке процесстреді мақсатқа сəйкес бағыттаған деп мен айтатын
боамын».
Тұтастай алғанда Джемс психология жағдайын писсимистік тұрғыда бағалады, оны шикі
мəліметтермен салыстырып, оны ғылым ретінде атауға болмайды деп есептеді.
Германияда шығарылған жаңа эксперименталды психологияны , ол жағымсыз сипаттады,
Вебер, Фехнер, Вундтарды «Призманың философтары, маятнигі мен хронографы» деп
атады. Сонымен қатар Фрейдтің психоанализіне скептикалық түрде қарады. Оған сананы
обьект ретінде бақылауы ең жақыны болды.
Джемс тəжірибе түсінігіне дін тəжірибесін еңгізіп кеңейтті. Ол өмірді жəне адам өмірінің
мəнін ерекше ашықтылық пен шынайылықпен сипаттады. Сонымен қатар рационализмнің
қарсыласы ретінде , сенім жағдайы интеллектуалды мазмұнды қоса алмайды деп
көрсетті. Шынайы өмірмен қарым-қатынас процессі адамға жаңа күш береді. Осылайша
Джемс психологиясы философия прагматизмасымен қабысады.
Сана болмысы туралы ойланған ол зерттеулеріне жаңа бір тəсілді жоспарлап қойды.


«Мен сананың болмысын,субстанциясын мойындамаймын, бірақ кенеттен оны функция
сапасы ретіндегі мағынасына көндіремін...Функция бұл-таным».
Осы ойлар биологияда танымал, «біздің сезімдеріміздің жəне ойлау қабілетіміздің алуан
түрлілігі, сыртқы өмірге əсер етуді реттеу жағдайына жетті». Дəл осы ойлар Джемске жаңа
американдық психология –функционализм бағытына бастау болды.
Өзін өзі тексеру сұрағы:
1. Функционализмдік психология ғылымының негізігі теориясы қандай?
2. В.Джеймстың психологиялық көзқарастары қай теориямен байланысты болды?
3. Титченер сананың алғашқы элементтері ретінде нені бөліп көрсетті?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет