Сабақтар (сағаты) 15 соөЖ (сағаты) 15 СӨЖ (сағаты) 45 Барлық сағаттар 90 Курстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет8/60
Дата26.04.2024
өлшемі6.9 Mb.
#499894
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
Снимок экрана 2024—04—18 в 22.58.51

Алкмеон Кротонский (б.э. дейінгі VI ғ.) білім тарихында алғаш рет бас миындағы
ойларды оқшаулау туралы қағиданы алға тартты. Гиппократ (б.э. дейінгі 460-377 ж.ж.) –
«медицинаның көсемі». Медицинаны əкесінен үйренді: жеті жасынан бастап оның барлық
практикалық сабақтарының ажырамас серігі болды. Өлеңдерді 70 жастан кейін жаза
бастады. Философияда Демокриттің жолын ұстанып, медицинадағы материализмнің өкілі
ретінде өз ойларын айтты. Ғылыми білім мен ғылыми зерттеулердің принциптерінінің
негізін қалады. Тəжірибе мен қадағалауды медицинаны танудың жалғыз жемісті жолы деп
таныды. Айқындалуы емдеудің дұрыс əдістерін жасап шығаруға мүмкіндік беретін,
барлық ауруларды - табиғи сепебтермен түсіндірді. Əрбір нақты жағдайда индивидуальды
ықпал жасауды талап етті: дəрігер суық жəне жылыны мүлдем білмейді, бірақ əрбір
индивидуальды жағдайда түрлі болып келетін көптеген құралдар, əрекеттер бар; əрбір
нақты жағдайға лайықты сандық мөлшерді анықтау қажет. Алкмеон секілді Гиппократ та
ойлау мен сезім органы ми деп есептеді. «Осы (ми арқылы) бөлік арқылы біз ойлаймыз,
түсінеміз, көреміз, естиміз жəне ұят жəне адал, жаман жəне жақсы нəрсені, сондай-ақ
барлық жағымды жəне жағымсыздарды... қанағаттану мен ауыртпалықты танимыз..
Тəніміздің осы бөлігінен біз ессіздікке ұрынамыз, бізге қорқыныштар мен сұмдықтар...
сондай-ақ түстер енеді. Осының бəрі біздің миымыз сау болмаған кезде жəне өз
табиғатынан жылырақ немесе салқынырақ, ылғалдылау немесе құрғағыраққа ұшырағанда
немесе ол өзінің табиғатына жəне адам дұрыс ойлайтын кездегі оның əдеттегі жағдайымен
үйлеспейтін қандай да бір басқалай азап шеккенде болады»
1
.Темпераменттер туралы ілім
анағұрлым кең танымалдылыққа (əйгілілікке) ие болды. Гиппократша адам ағзасын төрт
шырын құрайды

шырыш (мида бөлінеді), қан (жүректе түзіледі), сары өт (бауырдан
шығады), қара өт (талақтан шығады).
Əртүрлі адамдардағы шырындарының алуандығы
олардың мінез ерекшеліктерін түсіндіреді, ал олардың біреуінің басым болуы адамның
темпераментін анықтайды. Қанның көп болуы – сангвиниктік темпераменттің негізі
(латынның sanquis — қан), ш
ырыштың көп болуы – флегматикалық (гректің phlegma —
шырыш)
, сары өттің көп болуы – холериктіктің (гректің chole — өт), қара өттің көп болуы


–меланхоликтіктің (от греч. melaina chole — қара өт) белгісі. Гиппократ адам типтерінің
классификациясын соматикалық негізде жасайды. И.П. Павлов Гиппократ «адам мінез-
құлқының сан жетпес нұсқаларының массасынан капитальды (негізгі, күрделі) белгілерін
тауып алды (ұтып алды)» деп, өзінің жоғары жүйке іс-əрекеті типтері туралы ілімінде
осыларды алғы шарт етіп қойды. Гиппократ дəрігерлік этиканың негізгі ережелерін
тұжырымдады. «Гиппократ анты» біздің дəуірімізде де өз мəнін жойған жоқ. Антикалық
медицина антика ғылымының тұтастай өсуіне, оның жекелеген ғылымдарға жіктелуіне
орай эллинизм кезеңінде қарқынды дами бастады. Ірі ғылыми орталықтар: Пергамада
(Кіші Азия), Родос аралында, б.э. дейінгі III ғ. Птолемей кезінде тарихи қалыптасқан
жағдайлар күшімен антика мəдениетінің басты орталығына айналған Александрияда
(Египет),. пайда бола бастайды. Мұнда жақсы, дұрыс білім дами бастайды. Александрия
Мұражайында Академия үшін маңызды – геометрияның негізін қалаушы Евклид,
кемеңгер математик Архимед, географ Эратосфен, тірі табиғатты зерттеуші Стратон,
геоцентрлік жүйені құрушы астроном Клавдий Птоломей жұмыс жасады (еңбек етті).
Александрияда кішкене уақыт «тексіз (қаңғыбас) адамдардың» мүрдесін союға рұқсат
етілді. Бұл александриялық екі ғалым дəрігерлер Герофил мен Эразистраттың есімдерімен
байланысты маңызды ашылуларға алып келді. Герофил Гиппократтың комментаторы, ІІ
Птоломейдің дəрігері алғаш рет жүйкелер, сіңірлер мен байланыстырушылар арасындағы
айырмашылықты тапты. Ол аса ерекше мəн берген, ми қабықшаларын, мидың қан қуысын
сипаттады. Көз құрылысына да сипаттама берді, оның қабықшасы мен көз жанарын
сипаттады. Книд мектебінен шыққан Эразистрат бас миының түрлі бөліктерін егжей-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет