Сабақтар топтамасы: Абай Құнанбаев. «Қансонарда бүркітші шығады аңға»



жүктеу 250.73 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі250.73 Kb.


Қостанай облысы

Арқалық қаласы

Қайыңды орта мектебі

Гайнуллина Баян Алияхашовна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтар топтамасы: 1.Абай Құнанбаев. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі

2. Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі.

3. Жалаң және жайылма сөйлемдер

4. Сатылай кешенді талдау технологиясының тиімділігі

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі (7-сынып)

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту, әдеби теориялық ұғымдарын кеңейту. 2. Дамытушылығы: оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. 3. Тәрбиелігі: оқушылардың эстетикалық танымын ояту, ата кәсіпті бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап тәсілі, түсіндірмелі оқу әдіс.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Абай портреті, бүркіт суреті, интерактивті тақта, Абайұлы Тұрағұлдың «Әкем туралы» естелігінен үзінді, қима қағаздар, аудиокітап, А3 парағы, түрлі-түсті бояулар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, өнер.

Сабақтың барысы:

І. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды үш топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ә) Зымыран сұрақтар:

1. Білімді жастайынан игере алмағанына өкініш білдіретін өлеңін ата.

2. Жансызды жанды етіп суреттеген өлеңі.

3. Бес асыл мен бес дұшпан қай өлеңінде айтылады?

4. Ел ішіндегі әділетсіздікті сынаған өлеңдерін ата.

Жаңа сабақты бастамас бұрын төмендегідей мазмұнда жұмыс жасаймын:

а) Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында үнтаспадан алдын ала дайындалған төмендегі мәтінді тыңдатамын.

«Абай – ХІХ ғасырдың ұлы ақыны, ойшыл қоғам қоғам қайраткері, қазақ халқының ағартушыларының бірі. Абай – өз заманының батыл сыншысы, жауыздық атаулының бәріне де қарсы күресушісі, әділеттіліктің қажымас дабылшысы. Ол – надандыққа ,жағымпаз мінез бен іс-әрекетке атымен қас болды. Абай – зор ақындық дарын иесі, үлкен әнші, сазгер, суреткер, әрі аттың ерін жасаудың да шебері. Ол байлықтың түп қазығы өнерлі, білімді азамат болу деп дәлелдеді. Эстетикалық, әсемдік тәрбиеге зор мән берген. Әдебиет пен өнер жасөспірімдердің сезім дүниесін тәрбиелейтін, байқағыштық қабілетін оятататын өмір оқулығы деп түсінген ғұлама ғалым.»



Мұғалім: Оқушылармен ақын лирикаларын топ-топқа бөліп, оқушылардың ойларын түйіндей келе, «Абай несімен ұлық?» деген сұраққа әр топ А3 парағына ақын атамыздың даналығын дәлелдейтін ойларын түсіріп, қорғайды.

Оқушыларға аңшылық туралы бейнеролик көрсету арқылы жаңа тақырыпты анықтатып, мақсатын айтып өтемін. Аңшылық өнері әрі кәсіпке арналған Абай атамыздың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі.

б) Слайдта көрсетілген суреттерді әр топ таңдайды, сұраққа жауап береді.

1-сурет – мылтық. Сұрағы:Аңшылық өнеріне байланысты қандай аң-құстарды білесің?

2-сурет – тұлпар ат. Сұрағы: Құстардың ішінде қайсысын ұсақ аң-құстарды аулауға пайдаланады?

3-сурет – бүркіт пен тазы. Сұрағы: Аңшы болу үшін не қажет?

ІІ.Жаңа сабақ. Аудиокітаптан «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін тыңдау.

Дәптермен сөздік жұмыс. Өлең ішінен мағынасы түсініксіз сөздерді анықтап, дәптерге түсіртемін

Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын меңгерту үшін жоспар құрғызамын.

1. Бүркітші.

2. Бүркіттің түлкі алуы.

3. Ақынның ойлары

(Осы жоспарды үш топқа бөліп беріп, белгілі уақытпен дайындалып, ойларын жеткізіп баяндауларын тапсырамын.)

1.«Бүркітші» бөлімі. (Өлең мазмұнына қарай баяндау, кластер құру)

Қансонар кезінде бүркітші аңға шығады. Бүркітшіге түлкі көбіне тастан табылады. Аңға шыққанда атың жақсы болса, тату жолдасың болса үлкен ғанибет, сонымен бірге ықшам киім болғаны абзал. Аңшы аңның ізіне назар аударады. Бүркітші тау басында, қағушы, яғни, аңды үркітуші ойда жүреді. Аңды көріп қалғанда бүркітші бүркіттің томағасын сыпырады.


Кішіпейіл, Із кесуші

әдепті, тәрбиелі


Бүркітші



Олжасын бірінші Іскер,епті,еңбекқор, адал

кездескен адамға

ұсынып тұрған адал

ниетті жан

Қолына бүркіт қондырған,жанына

тазысын ерткен,қылаң шабандоз

мінген ер жігіт.



2. «Бүркіттің түлкі алуы» бөлімі

Көзінен томағасы алынған құс аңды көре сала биікке самғай көтеріледі.Төмен ұшса түлкі құтылып кетуі мүмкін, сондықтан жоғары шырқай ұшады.Ұшқан бүркітті көрген аң құтыла алмасын білген соң, тұра қалады. Аспаннан төнген құсқа айбат шегіп, аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрайды. Демек, қырық пышақ тісімен тұрғанда, ол бүркітке осал жау емес. Сегіз найзасын жазып жіберіп(иілген істік тырнағы) құс төне түседі. Биіктен тастай сорғалап төмен құлайды. Сөйтіп, екеуі жеке батырлар шайқасқа шыққандай айқасады. Жер тазысы мен көк тазысы адам үшін қызыл қанға осылайша батады.



3. «Ақынның ойлары» бөлімі

Аппақ қарда қара бүркіт қызыл түлкі сұлу қыздың шомылғанындай бейне береді. Немесе сүйген жарлар бір-бірімен аймаласқандай әсер қалдырады.Түлкі сөйтіп алынады.Мұндай табысқа құс та, иесі де мәз.Түлкі терісін бәсі үйірімен үш тоғыз тұрады. Қанжағаң қанды болса, көңілің жайланады. Осындай табысқа таудан жиде тергендей кенеле берсең, құмарың арта түседі. Жалғандағы ең қызық іс – осы аң аулау. Оның мәнісін үстірт қарасаң ұқпайсың. Ал осы өлеңді тек аңшылар ғана ұға алады.



V.Өлеңді лирикалық сызбаға салғызу

1

Лирика түрі

саяси-әлеуметтік

2

Тақырыбы

аңшылық

3

Жанры

бейне өлең

4

Буын саны

он бір буынды өлең

5

Неше тармақты

төрт тармақты шумақ

6

Бунақ саны

үш бунақты өлең

7

Ұйқас түрі

қара өлең, кезекті

8

Тіл байлығы:

Антоним: ақ-қара,көк -жер, күйеу-қалындық.

9

Идиома:

алпыс екі айлалы түлкі алғанда, үйірмен үш тоғыз, қырық пышақпен қыржыңдап тұрған тұлкі,

10

Ажарлау.

Эпитет: жақсы ат, тату жолдас, ыңғайлы ықшам киім, қанды көз құс, аппақ ет, қып-қызыл бет, қара шаш, тар төсек, қызық іс.

Теңеу: Жеке батыр шыққандай қан майданға.Таудан жиде тергендей ала берсең.



11

Құбылту.

Метафора

Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі- қызыл

Сегіз найза қолыңда,

Метонимия: Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,

Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға.


12

Айшықтау.

Антитеза: Қар-аппақ,бүркіт қара, түлкі қызыл.

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.



13

Өлең идеясы:


Аңшылықты өнер деп түсінуге үйрету; бұл өнерді дәріптеу.



VІ .Сабақты бекіту: Аңшылыққа байланысты мақал мәтелдер айтқызу.

  1. Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі сұңқар емес.

  2. Баба бүркіт барлап ұшады,

Бала бүркіт парлап ұшады.

3. Ит жүйрігін түлкі сүймес.

4. Көбік қарда түлкі ойнар.

VІ. Инсерт әдісі

Білемін

Білдім

Білгім келеді




























VІІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау. Бүркіт суретін салу, бүркіт туралы мәлімет жинақтау

VІІІ. Бағалау.


Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі: есімдік туралы түсінік беру,түрлерімен таныстыру, ерекшелігін анықтау,жіктеу есімдігі туралы түсінікті меңгерту;

2. Дамытушылығы: оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру; 3.Тәрбиелігі: оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың түрі: ұжымдық, талдау, іздену, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, суреттер, үлестірме тапсырмалар

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

а) оқушылармен амандасу, түгелдеу.

ә) сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Математикалық ойын «Ғажайып алаң» Таңбларды әр түрлі сандарға амалдар қолдану арқылы мына есептерді шығарып,төмендегі үш аяқтардағы жасырын сөзді табайық.



Е/33

С/11

1/25

М/9

Д/51

І/37

К/2

І топ ІІ топ ІІІ топ

11,5+(-2,5) =9 -12,5х(-2) =25 -10,2+2,2=2

20,2 х 2 +(-3,4) =37 -153 : (-3) =51 -44 х (-2) : 8 = 11

Жеңіпазға:

99 : (-9) х (-3) = 33



ә) Жұмбақ сұрақтар «Бұл қай есімдіктер?»

1.Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)

2.Басқаның бәрін өзі сұрайды,өзінен ешкім сұрамайды. (Сұрау есімдіктері)

3.Жақтас жалғауға жіктеле қояды,жақтас емесіне жоламай қояды. (Мен,сен)

4.Көпшіл және көңілшек,

Ештемені бөліп жармайды.

Көптік ұғым беріп,

Көпшілікті қармайды (Жалпылау есімдіктері)

5. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты. (Болымсыздық есімдіктері

ІІ кезең.Жаңа сабақ.

а) Проблемалық сұрақтар қою.



3.Сөзжұмбақ.


Е

С

І

М




С

А

Р

А




І

Л

І

К




М

А

Х

А

М

Б

Е

Т




Д

И

Қ

А

Н




І

Р

І

М

Ш

І

К




К

Ө

М

Е

К

Т

Е

С

1. Ханның аты

2.Айтыс ақыны

3.Септік аты

4.Ақын,батыр

5.Астық өсіруші

6.Ұлттық тағам

7.Септік аты


Белгісіздік



Жіктеу
прямая соединительная линия 207
Жіктеу
септеледі

прямая соединительная линия 204прямая соединительная линия 205 жіктеледі

прямая соединительная линия 202прямая соединительная линия 203 көптеледі

Болымсыздық

Сілтеу

Есімдіктің

мағыналық

түрлері
прямая соединительная линия 199


прямая соединительная линия 196 тәуелденеді

прямая соединительная линия 193прямая соединительная линия 194прямая соединительная линия 197 септеледі


Жалпылау


прямая соединительная линия 190 прямая соединительная линия 191 прямая соединительная линия 192 көптеледі


Сұрау



прямая соединительная линия 188 тәуелденеді


Өздік


прямая соединительная линия 184 прямая соединительная линия 185 прямая соединительная линия 186 септеледі

прямая соединительная линия 179прямая соединительная линия 180прямая соединительная линия 181прямая соединительная линия 182 жіктеледі

көптеледі

септеледі жіктеледі тәуелденеді көптеледі.
Есімдіктер - есім сөздердің орнына жүретін сөз табы. Жалпы зат және заттық белгі мағыналарына ие болады.

Мысалы, жіктеу есімдігі мен, сен; сілтеу есімдігі бұл, сол; сұрау есімдігі кім? не?қай? сөздерін алайық.Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп,зат есімдерше септеледі және жіктеледі.

Мен,сен,ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады:

1) ілік,барыс,табыс,шығыс септіктерінде түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қалады.

2) жатыс септікте ол есімдігіндегі л дыбысы н-ға айналады

3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында –ы,-і дәнекері пайда болады.

4) барыс септік жалғауы жуанданып, л, н түсіп қалған түбірге –ған түрінде жалғанады.

Топтастыру стратегиясы:

прямая соединительная линия 5прямая соединительная линия 4прямая соединительная линия 3 Мен сен ол

овал 6


прямая соединительная линия 8прямая соединительная линия 7 Сендер біздер
прямая соединительная линия 10прямая соединительная линия 9


Сіздер олар
ә) Кітаппен жұмыс, ереже оқыту (үздік оқушының көмегімен).

б) Ауызша мысал ойлату (мен,сен,ол).

1-деңгей «Іске асыр» (жаттығулар жұмысы)

76 - жаттығу. Оқып шығып есімдіктерді табу. Заттық ұғымда тұрған есімдіктерді бір бөлек, заттық ұғымды білдіріп тұрған есімдіктерді бір бөлек жазу.



Жаттығумен жұмыс:77-жаттығу. Өлеңді оқып есімдіктерді тауып есімдіктің қай түріне жататынын түсіндіріңдер.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға жіктеу есімдігін септеп жазады.

Атау. Мен сен

Ілік. Менің сенің

Барыс. Маған саған

Табыс. Мені сені

Жатыс. Менде сенде

Шығыс. Менен сенен

Көмектес. Менімен сенімен



Жеке және топтық жұмыс (деңгей бойынша):

ә) Тақтамен жұмыс. Есімдікті қатыстырып,есімдікті құрау.

б) Үлестірмелі кәртішкемен жұмыс.

2-деңгей (Алгоритмдік)

1.Венн диаграммасы бойынша салыстыру.



Есімдік

Ортақ

Етістік

  1. Есім сөздерінің орнына жүреді

  2. Түрлері бар.

  3. Түрленеді .

1.Сөз табы.

2.Екеуі де түрленеді.



1.Іс-қимылды білдіреді.

2.Түрлері бар.

3.Шақ, рай категориясы.


2. «Есіңе түсір» (әдебиетпен байланыс).

Ақындардың өлеңінен үзінді келтіріп,есімдіктерді табу (Жұмыс дәптерімен жұмыс).

3.Мақалдардың жалғасын тап,орнын ауыстырып қолдан.

Ата балаға ...(сыншы)

Ерлік білекте ...(емес,жүректе)

Ақыл – тозбайтын тон ...

(Білім – таусылмайтын кен)

б) Мәтінмен жұмыс

І жұп

Тарих қана, халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды ұлы ақын!

ІІ жұп

Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.



ІІІ жұп

Әркімді адам сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Заманы оны илемек.



Бекіту

а) Көру диктанты. (Жатқа жазып,есімдіктерді талдау)

Басқа жұрт балалары оқу қуған,

Біліммен өз жұртының бетін жуған.

Ішіп-жеп жүрсе егер жайған малдай

Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!

ә) Тест (интерактивті тақта арқылы көрсетіледі)

Ашық формалы тест. Нұсқау: толықтырыңдар

1.Үлкенді сен сыйласаң, Кіші . . . (сені) сыйлайды.

2.Жаманның ... (өзі) бола алмайды, Болғанды көре алмайды.

3.Балапан ұяда ... (не) көрсе,Ұшқанда соны іледі.

4.Не ексең, ... (соны) орасың.

5.Біреу тойып секіреді, (Біреу) тоңып секіреді.



Қорытынды

а) Бекіту (Дәстүрлі сұрағымыз)

- Екі көз не үшін керек?

- Жақсыларды көру үшін.

- Екі қолың не үшін керек?

- Елге көмек беру үшін.

- Құлақ деген не үшін керек?

- Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

- Тіл мен жағың не үшін керек?

- Ақиқатты айту үшін.

- Ал аяғың ше?

- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

- Ал, есімдік не үшін қажет?

- Ия,туған жерге жету үшін екі аяғың қандай қажет болса, қазақ тілінің дәрежесі жоғары болуына есімдік сынды сөз табының қосар үлесі зор.Жүйелі ойлау мен ой-өріс кеңістігінің кеңеюіне есімдік те үлкен ықпал етеді.

ә) Кластер немесе топтастыру әдісі

Сонымен,есімдік жайлы білдік?



прямая соединительная линия 52прямая соединительная линия 53прямая соединительная линия 54прямая соединительная линия 55прямая соединительная линия 56
овал 51прямая соединительная линия 57прямая соединительная линия 58прямая соединительная линия 59


б) Бағалау (бағалау парақшаларын жинап аламын)

Үйге тапсырма

І топ ІІ топ

Ой толғау Сыр толғау

«Достық – татулық белгісі» «Ауылым – алтын бесігім»

(Шағын шығарма,өлең,ой толғау жазу. Есімдіктерді тауып,талдап келіңіздер).



в) Менің алған әсерім.

(Сабақтан алған әсерлерін оқушылар алдарындағы парақшаларға түсіреді.Соңынан жинап аламын)



І топтың 1-оқушысы ІІ топтың 1-оқушысы

Әкем- менің тәңірім, пайғамбарым, Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,

Ұмтылатын биігім, сайран бағым. Хандардың да қалпағын әпермедім.

Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ, Әділ шешім айтатын барлық істе

Біліп алған, япыр-,айқайдан бәрін?! Біздің үйде бас қазы - әкем менің.

2-оқушы 2-оқушы

Күшті де жоқ дәл ондай жер бетінде, Әкем барда,арқам кең,жоқ алаңым,

Сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде! Бәрі орнында шаруаң, қора-малың

Батыр, дана сол ғана. Төрт жағымыз құбыла, мен өскенде,

Асығамын әкеме ұқсап тезірек ер жетуге. Қиындау-ау әкемдей бола аларым...

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер

Білімділік мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы

түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.



Дамытушылық мақсаты: Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту,

оқушылардың ой-өрісін,тіл байлығын кеңейту.



Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты,таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақты өздігінен меңгерту

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

ІҮ Жаңа сабақты бекіту

Ү Қорытынды

ҮІ Үйге тапсырма беру

ҮІІ Бағалау



І Ұйымдастыру кезеңі. 1) Оқушылармен амандасу

2) Сынып оқушыларын түгелдеу

3) Оқушылардың сабаққа назарын аудару

4) Сабақ бастауға жағдай жасау



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі. Сұрақ-жауап әдісі

1) Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

2) Жай сөйлем дегеніміз не?

3) Жай сөйлемнің түрлері қандай?

4) Жақты және жақсыз сөйлем дегеніміз не?

5) Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары қандай?



ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Тақтаға сөйлемдер жазып,сөйлем мүшелеріне талдату арқылы түсіндіремін.



Жаңбыр жауып тұр. Күн күркіреді.

- Қандай ерекшелік байқадыңдар?

- Екі сөйлемде тұрлаусыз мүше жоқ.

Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірту. Қорытындыны оқушылар айтып, жалаң сөйлемнің ережесін шығарады.

Оқушылар мынадай ережелер шығарады:

1) Тек қана тұрлаулы мүшелерден тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

2) Бастауыш пен баяндауыштан ғана тұратын жай сөйлем жалаң сөйлем деп аталады.

(Оқушылар шығарған ережені оқулықтағы ережемен салыстыруы керек.)

Берілген сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелер қосуға болады.

Жаңбыр жауып тұр. Жаңбыр себелеп жауып тұр.

Күн күркіреді. Күн қатты күркіреді.

Екі сөйлемнің айырмашылығын ажыратады.

Оқушылар сөйлемді талдап, жайылма сөйлемнің ережесін айтады.

1) Тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

2) Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

Мысалдардан көріп отырғандарыңдай, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыруға болады екен. Жалаң сөйлемдерсіз жайылма сөйлем болмайтындығын көрдік.

(Шығарылған ережені оқулықтағы ережемен салыстырып, оқушылардың ойларының дұрыстығына көздерін жеткіземін.)

Мысалдарды оқушыларға талдатып, ерекшелігін түсіндіру.

Берілген мысалдарды сөйлем мүшелеріне талдатып, жай және жалаң сөйлемдердің ерекшеліктерін тапқызу.

Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады. Қызықты кітапты оқи бергің келеді.

Мысалдардан жалаң және жайылма сөйлемдер құрылысына қарай жақты, жақсыз болатындығына көз жеткізеді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

1. Оқулықпен жұмыс. 77-жаттығуды ауызша орындау. 79-жаттығуды жазбаша тақтаға орындау.

2. «Ойлан,тап?»

1. Берілген жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге , жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

Абай отыр. Хамит күндегісінен ерте тұрды.

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемнің түрін ажырат.

Өнер алды – қызыл ... .(тіл)

Білімді ... жығар ( мыңды)



4. «Талдау-табыс кілті»

1 «Жаңбыр» сөзіне математикалық-фонетикалық мінездеме беру

2.«Кітапты» сөзін сатылай кешенді талдау.

3.«Қызықты» сөзіне лексика-грамматикалық сатылай талдау жасау



Семантикалық кесте

р/с

Жай сөйлем түрлері

Жақты сөйлем

Жақсыз сөйлем

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

1

Үлкендерге құрмет көрсету керек













2

Қар жауды













3

Өзеннен балық аулаймыз













4

Біз мақтан тұтамыз













5

Жеті жұрттың тілін біл













6

Ұрлық түбі-қорлық













7

Оқыған озады













8

Менің бұл сөзге қосылғым келмеді













9

Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген













10

Маған сабақтан қалуға болмайды














Шығармашылық жұмыс Жалаң және жайылма сөйлемдерді қатыстырып, «Қыс келбеті» тақырыбына шағын шығарма жаз.

Тест жұмысы

1. Жай сөйлемнің ережесін табыңыз.

А) Бір ғана ойды білдіреді, бір интонациямен айтылады

В) Екі немесе одан көп жай сөйлемнен тұрады

С) Күрделі ойды білдіреді

Д) Дыбыстардың жазудағы таңбасы

Е) Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіру



2. Жай сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.

А) Жақты сөйлем

В) Салалас сөйлем

С) Құрмалас сөйлем

Д) Жай сөйлем

Е) Лепті сөйлем



3. Жақсыз сөйлемді табыңыз

А) Марат жүгіріп кетті.

В) Аяғын аспаннан келтіру.

С) Оларға келуге болмайды.

Д) Жаз.

Е) Ақ жейделі бала.



4. Жай сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сырын жасырмау.

В) Мен тауда ойнадым.

С) Ауылдың малы.

Д) Тон пішер.

Е) Жаздың жайлы күні еді, мен көрші ауылға барғанмын.



5.Жайылмасөйлемді табыңыз.

А) Мен кітапханадан қызық кітап алдым…

В) Асқар – инженер.

С) Күз. Д) Бала болашақ.

Е) Еңбекті бағалау.

Ү.Үйге тапсырма беру кезеңі

1.78-жаттығу, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыру

2. Көркем әдебиеттен жалаң және жайылма сөйлемге сөйлемдер тауып жазып келу

Бағалау.

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сатылай кешенді талдау технологиясының тиімділігі

Сабақтың мақсаты:1. Білімділік. Оқушыларды тіл білімі салаларынан алған білімдерін сатылай кешенді талдау арқылы мысалдармен дәлелдей білуге үйрету. Тіл білімі салалары бойынша білімдерін жинақтау, қорытындылау. 2. Дамытушылығы: Сатылай кешенді талдау сызбасын негізге ала отырып, тілдік материалды жүйелеп, айтылым, жазылым дағдысын сатылап дұрыс айтуға, талдауға дағдыландыру. Шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыта отырып, өзіндік ой қорытуға, әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.

3. Тәрбиелігі: Халықтың қанатты сөздерінің мәнін, мағынасын түсініп, одан өнеге ала отырып, адамгершілік, имандылық тәрбиесін бойына сіңіруге баулу

Сабақтың түрі: қалыптан тыс лабораториялық сабақ.

Әдісі: тілдік талдау, денгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі: Сатылай комплексті талдау сызбалары.

Сабактың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқу құралдарын дайыңдап,назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Талдау табыс кілті.

Оқушыларға тапсырмалар мен оның шарттары компьютер арқылы беріліп отырады.

Тапсырмалар деңгейі бойынша орындалады.

1-тапсырма.

Ақыл, білім, атамекен, тіл, достық, еңбек, егеменді, тәуелсіз сөздерін фонологиялық талдау жасау. Әр топқа екі сөзден алып талдау.
1-тапсырма: Фонологиялық талдау


Қайраткерлер


прямая соединительная линия 3 соединительная линия уступом 4 прямая со стрелкой 5 прямая со стрелкой 6 прямая со стрелкой 7 прямая со стрелкой 8 прямая со стрелкой 9

  1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай аралас буынды сөз. Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып раласып келіп тұр.

2прямая со стрелкой 12.Бұл сөз: қай-рат-кер –лер болып төрт буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында төрт дауысты дыбыс бар. Қай-рат-кер-лер буындары бітеу буындар. Себебі, буындар дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

3прямая со стрелкой 13прямая соединительная линия 17.Бұл сөз: қай- үш жағдайда

рат- тасымалданады.

кер- Себебі, сөз төрт буын-

лер нан немесе сөз буын

жігіне сәйкес тасымал-

данған.

4прямая со стрелкой 14. қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін лер буынындағы е дауысты дыбысына түсіп тұр.



5прямая со стрелкой 15. Сөзде түбір мен бірінші қосымшаның буын үндестігі жоқ. Себебі, (-кер)буын үндетігіне бағынбайтын қосымшалардың қатарына жатады. Қосымша мен қоымшаның арасында буын үндестігі бар. Бірінші қосымша (-кер) жіңішке болғандықтан , оған жалғанатын қосымшаның да (-лер) жіңішке нұсқасын қажет етіп тұр. Сондықтан біз оның (-лар) жуан нұсқасын алмаймыз.

6прямая со стрелкой 16. Сөзде дыбыс үндестігі, түбір мен қосымшаның, қосымша мен қосымшаның арасында ілгерінді ықпал бар. Түбірдің соңғы дыбысы т қатаңнан болғандықтан өзіне жалғанатын бірінші қосымшаның алғашқы дыбысының к қатаңнан басталуын талап етіп тұр.Сондықтанбіз оның (-гер)ұяңнан басталатын нұсқасын алмаймыз. Бірінші қосымшаның соңғы дыбысы р үнді болғандықтан оған жалғанатын екінші қосымшаның алғашқы дыбысының л үндіден басталуын талап етіп тұр. Сондықтан біз оның (-дер)ұяңнан; (-тер)қатаңнан басталатын нұсқасын алмаймыз.

Фонетикалық талдау(математикалық тәсілмен)

Оқушылар сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.

Берілгені: Оқушылар= О = ■/▲= ?

Шешуі: Оқушылар = О8 = 4■(о,у,ы,а)дауысты о/ 4▲(қ,ш,л,р)дауыссыз о;

а) 4■ = 4■(о,у,ы,а) тіларты немесе жуан ■/ ■O;



ә) 4■ = 1■(а) ашық ■+1■(о)жартылай ашық/ 2■(у,ы)қысаң■;

б) 4■ = 2■(о,ұ) еріндік■/ 2■(а,ы)езулік■;

а) 4▲= 2▲(Қ,Ш)ҚАТАҢ ▲+ ▲О/ 2▲(Л,Р)ҮНДІ ▲;



ә) 4▲= 1▲(Қ)шұғыл ▲+ 1▲(ш)ызың▲/ 1▲(Р)діріл ▲+ 1▲(л)ауыз жолды▲+▲о;

б) 4▲= 1▲(Қ)тіл арты▲+ 3▲(ш,л,р)тіл алды

ызың▲/ 1▲(Р)діріл ▲+ 1▲(л)ауыз жолды▲+▲о;

2-тапсырма.

Тіл, Әже, қыздар, халықтармен, желтоқсан сөздерін математикалық дыбыстық талдау жүргізу.

Синтаксистік талдау: Әділдік- әкімдіктен де күшті. (Ж. Баласағұн)

І. 1.1. (.) және (-)

1.2. Хабарлы сөйлем (баяндау)

1.3. Жай сөйлем

1.4 Жай сөйлемнің түрлері: а) жайылма

ә) толымды

б) жақты

1.5. Сөйлем мүшелері: а) баяндауыш

ә)бастауыш

б) толықтауыш(жанама)

1.6. Байланысу түрлері: а) Әділдік күшті- І (1б)-қиысу;

ә)әкімдіктен де күшті- І (2б) – меңгеру

1.7. Сөз тіркестері:



прямая соединительная линия 10прямая соединительная линия 11

Епрямая соединительная линия 1прямая соединительная линия 18ркін Әділдік күшті есімді

Әкімдіктен күшті

3-тапсырма . Жай сөлемдерге синтаксистік талдау жасау.

Шығармашылық жұмыс.

4-тапсырма. Ой толғау

«Тұлғаңды арманыма ұстанқаның»

«Артымда қалған бір із бар»



«Бүгінгі елес- ертеңгі болашақ».

Бекіту.


Не білемін?

Не білдім?

Үйренгім келеді









Бағалау: Топ жетекшілері бағалайды.

Үйге тапсырма: «Қыс келбеті» эссе жазу және жалаң, жайылма сөйлемдер қатысуы қажет. 2-3 сөйлемге синтаксистік талдау жасау.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет